Директорлар кеңесі

Құрманғазы Есқазиев

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы).

Туған жылы: 11.05.1965 ж.
Білімі және атақ-дәрежесі: В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының мұнай факультетін геолог-тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірді. 2006 жылы Томск политехникалық университетінде диссертация қорғап, «геология-минералогия ғылымдарының кандидаты» біліктілік дәрежесіне ие болды. Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, И.М.Губкин атындағы Ресей мұнай және газ мемлекеттік университетінің «Мұнай мен газды іздеу-барлау» кафедрасының профессоры, Ресей табиғи ғылымдар академиясының академигі, мұнай және газ геологиясы саласындағы 18-ден астам ғылыми жарияланымдардың авторы. «Құрмет» орденімен (2016 ж.), «ҚР Жер қойнауының Үздік барлаушысы» белгісімен (2008 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» (2015 ж.), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016 ж.), ҚР Энергетика министрлігінің «Ембімұнайгаз» АҚ - 95 жыл» (2017 ж.), «Қазақстан мұнайына - 120 жыл» мерейтойлық медальдарымен (2019 ж.) марапатталды.
Жұмыс тәжірибесі: Еңбек жолын Балықшы барлау бұрғылау басқармасының оператор-коллекторы болып бастап, кейін «Эмбанефть» ӨБ Тампонаждау мекемесінің цементтеу жөніндегі операторы болып еңбек жолын жалғастырды. 1993-1995 жж. – 2-ші санатты геолог, «Ембімұнайгаз» АҚ ОИТҚ Атырау бұрғылау жұмыстары басқармасының жетекші геологы болып жұмыс істеді. 1995-2004 жылдар аралығында Мұнай қабаттарының өнімділігін арттыру және ұңғымаларға күрделі жөндеу жасау Атырау басқармасының   бас геологы, директордың орынбасары, «Ембімұнайгаз» ААҚ геология және мұнай-газ кен орындарын игеру департаментінің директоры болып еңбек етті. 2004-2008 жж. – «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ геология және игеру департаменті директорының орынбасары, кейіннен департамент директоры болып жұмыс істеді. 2008-2015 жж. - «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ мұнай және газ өндіру жөніндегі атқарушы директор, геология, геофизика және резервуарлар жөніндегі басқарушы директор, бас геолог, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының геология және келешек жобалар жөніндегі орынбасары, операциялық емес активтер бойынша басқарушы директор (Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ), геология жөніндегі басқарушы директор қызметтерін атқарды. 2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында «Ембімұнайгаз» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы) болып еңбек етті. 2015 жылдың 23 қыркүйегінен бастап «ҚазМұнайГаз»БӨ» АҚ Бас директоры (Басқарма төрағасы). 2018 жылдың 12 маусымынан бастап «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының барлау, өндіру және мұнайсервис жөніндегі орынбасары. 2019 жылдың ақпаны мен 2020 жылдың мамыр айлары аралығында «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының геология және барлау жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарды.

Дәурен Қарабаев

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары – қаржы директоры, ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің төрағасы

Дәурен Қарабаев, CFA – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары – қаржы директоры, 2017 жылдың мамырында БӨ ҚМГ- ның Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды. 2017 жылдың қыркүйегінде БӨ ҚМГ- ның Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Бұған дейін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Mays Business School – Texas A&M қаржы саласындағы ғылым магистрі атағына ие.

Петр Лубянцев

ҚМГ БӨ-ның тәуелсіз директоры

1977 ж. туған, Қазақстан Республикасының азаматы.
Білімі:
1999 жылы Варшава Университетінің (Варшава, Польша) халықаралық қатынастар факультетін тәмамдаған. Мамандығы: халықаралық экономикалық қатынастар. Дәрежесі: гуманитарлық ғылымдар магистрі. 2014 жылдан бастап Institute of Directors (Лондон, Ұлыбритания), «Директорлар кеңесінің дипломды мүшесі» бағдарламасы бойынша оқиды.
Соңғы үш жылда атқарған жұмыс орындары мен лауазымдары, сондай-ақ соңғы бес жылда басқа да заңды тұлғалардың басқару органдарында атқарған лауазымдары туралы мәліметтер:
2019 жылғы сәуірден бастап "Eco Trade.kz" ЖШС бас директорының кеңесшісі болып істейді. 2015-2017 жж. - «Praktika Pharm» ЖШС Байқау кеңесінің мүшесі. 2012-2016 жж. – «ЕмбіМұнайГаз» АҚ тәуелсіз директоры – Директорлар кеңесінің мүшесі, Аудит және тәуекелдер жөніндегі комитетінің төрағасы, сондай-ақ «ӨзенМұнайГаз» АҚ тәуелсіз директоры – Директорлар кеңесінің мүшесі, Аудит және тәуекелдер жөніндегі комитетінің төрағасы.
2006-2016 жж. - «АКСИОМ» сақтандыру брокері ЖШС басқарушы директоры болып еңбек етті.

Ертілесова Жаннат

ҚМГ БӨ-ның тәуелсіз директоры

Еңбек жолын ҚазССР Мемжоспар жанындағы экономика және нарық қатынастары ғылыми-зерттеу институтында ғылыми маман қызметінен бастады.
1992 жылы аталған институт директорының орынбасары болып тағайындалды.  Кейін ҚР Экономика министрлігіне шақырту алып, қаржы-несиелік саясат басқармасы басшысы қызметіне кірісті. ҚР Министрлер кабинеті және ҚР Үкіметі жанындағы экономикалық реформалар орталығының басшысы, Қаржы министрінің бірінші орынбасары, «Қазақтелеком» АҚ вице-президенті, ҚР Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары, ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары,  Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау жөніндегі Агенттігі төрағасының бірінші орынбасары, Қазақстанның салық төлеушілер қауымдастығы кеңесінің басқарушы төрайымы, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары және тағы басқа лауазымдарда еңбек етті. Қазіргі таңда «Эксперт Қазақстан» ЖШС директоры қызметін атқарады. 
2016 жылдан бастап, осы уақытқа дейін ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Қоғамдық, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңестерінің мүшесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті басқармасының мүшесі. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті басқармасының мүшесі, және «Экономикалық зерттеу институты» АҚ, «Медициналық сақтандыру қоры» АҚ, «Халық шаруашылығы университеті» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ-дарында Директорлар кеңесінің мүшесі, тәуелсіз директоры.

Наверх