Компанияның басшылығы

Құрманғазы Есқазиев

Бас директор, «ҚазМұнайГаз» ҰК»АҚ-ның Басқарма төрағасының барлау, өндіру және мұнайсервистері жөніндегі орынбасары

2015 жылдың 23 қыркүйегінен бастап ҚМГ БӨ бас директоры (Басқарма төрағасы).
2018 жылдың 12 маусымынан бастап «ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ Басқарма төрағасының барлау, өндіру және мұнайсервис бойынша орынбасары. 1965 жылдың 11 мамырында туған.
Білімі және атақ-дәрежесі: В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының мұнай факультетін геолог-тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірді.
2006 жылы Томск политехникалық университетін «геология-минералогия ғылымдары кандидаты» біліктілігін иемденіп бітірді.
Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, И.М.Губкин атындағы Ресей мұнай және газ мемлекеттік университетінің «Көмірсутегі жүйесінің геологиясы» кафедрасының профессоры, Ресей табиғи ғылымдар академиясының академигі (РТҒА).
«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» естелік медалімен, «ҚР Жер қойнауының Үздік барлаушысы» белгісімен марапатталған. 
Жұмыс тәжірибесі: Еңбек жолын Балықшы барлау бұрғылау басқармасының оператор-коллекторы болып бастап, одан соң «Эмбанефть» ӨБ Тампонаждау мекемесінің цементтеу жөніндегі операторы болып еңбек жолын жалғастырды. Балықшы барлау-бұрғылау басқармасының №1 бұрғылау экспедициясының геологы болып жұмыс істеді.
1991-1995 жж – 2 санатты геолог, «Ембімұнайгаз»АҚ ОИТҚ Атырау бұрғылау жұмыстары басқармасының жетекші геологы.
1995-2004 жж – мұнай қабаттарының өнімділігін арттыру және ұңғымаларға күрделі жөндеу Атырау басқармасының бас геологы, директордың орынбасары (АМҚӨБ және ҰКЖ), «Ембімұнайгаз» ААҚ геология және мұнай-газ кен орындарын игеру департаментінің директоры. 2004-2008 жж. – «ҚазМұнайГаз»Барлау Өндіру» АҚ геология және игеру департаменті директорының орынбасары, кейіннен директоры болып жұмыс істеді. 2008-2015 жж.-«ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ мұнай және газ өндіру жөніндегі атқарушы директор, геология, геофизика және резервуарлар жөніндегі басқарушы директор, бас геолог, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының геология және келешек жобалар бойынша орынбасары, операциялық емес активтер бойынша басқарушы директор (Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ), геология бойынша басқарушы директор қызметтерін атқарды. 2015 жылдың қаңтар айынан бастап «Ембімұнайгаз»АҚ бас директоры (Басқарма төрағасы) болып еңбек етті.

Бекзат Абайылданов

Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары

Бекзат Абайылданов Қ. Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ, Мысырдағы Халықаралық университетті (Менеджмент және маркетинг негіздері) аяқтады, «Мұнайгаз бизнесін басқару» әкімшілік ісінің мастері бойынша, И.М. Губкин атындағы Мұнай және газ РМУ тәмәмдауда. «Каспий Мұнай» АҚ-ның, «Матин» БК ЖШС-ның, «Арнаойл» ЖШС-ның және басқа да кәсіпорындардың бас директоры, «Өзенмұнайгаз» ӨФ қаржы департаментінің директоры болып, сондай-ақ «ӨзенМұнайГаз» ААҚ-да әр түрлі қызметтерді атқарды. Бірқатар ғылыми жұмыстардың авторы болып табылады.

Мәлік Сәлімгереев

Бас директордың еңбекті, қоршаған ортаны қорғау және келешекті даму жөніндегі орынбасары

Мәлік Сәлімгереев И.М. Губкин атындағы Мәскеудің мұнай химия және газ өнеркәсібі институтын және Қазақстан Республикасының Ғылым Академиясы геология институтының аспирантурасын аяқтады, геология-минералогия ғылымдарының кандидаты. Бұдан бұрын «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ басқармасы төрағасының кеңесшісі, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның активтерді басқару жөніндегі бас директоры, мұнайгаз активтерін басқару жөніндегі дирекцияның директоры, ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Мұнай өнеркәсібін дамыту департаментінің директоры қызметін, «Ембімұнайгаз» ӨФ директорының өндіріс жөніндегі орынбасары лауазымдарын, сондай-ақ «Қазақойл-Ембі» АҚ-да, «Қазақойл» ҰМК» ЖАҚ-та, ҚазҒЗЖИмұнайда, «Қаражанбасмұнай» АҚ-да және басқаларда әр түрлі басқару қызметтерін атқарды. Бірқатар ғылыми жұмыстардың авторы болып табылады.

Дастан Абдулғафаров

Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары

Абдулғафаров Дастан 2015 жылдың қаңтар айынан бастап Бас директордың экономика және қаржы жөніндегі орынбасары қызметін атқарадыСоңғы тағайындауға дейін, яғни 2006 жылдың қыркүйегінен бастап Абдулғафаров Дастан бизнесті дамыту жөніндегі басқарушы директоры ретінде қызмет атқарды. «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша Қазақстанның Құқық және халықаралық қатынастар институты мен «Халықаралық экономика және құқық» мамандығы бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломаттық академиясын  бітірді. AGIP Корпоративтік Университетінде Мұнай Бизнесінің Магистрі дәрежесін, сондай-ақ Мәскеудің Сколково Басқару Мектебінің Executive MBA дәрежесін алды. «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» АҚ мен  «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да жұмыс істеді.

Бауыржан Асқаров

Аппарат басшысы

Асқаров Бауыржан Бекзатханұлы Мәскеу халықаралық қатынастар мемлекеттік университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы,  Алматы мемлекеттік педагогикалық университетін «Қаржы» мамандығы бойынша және И.М.Губкин атындағы Мұнай және Газ Мәскеу мемлекеттік университетін (МВА -магистратура) бітірген. 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап «ҚазМұнайГаз»Барлау Өндіру» АҚ Аппарат басшысы лауазымын атқарады. Бұл қызметке дейін «KMG Drilling&Services» ЖШС Бизнесті қолдау жөніндегі басқарушы директор, «Eni S.p.A.» компаниясының Орталық Азия және Пәкістан елдері бойынша Вице-президентінің Аға Кеңесшісі, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Жиынтық-талдау жұмыстары және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма Төрағасының көмекшісі, сондай-ақ ҚР Мұнай және газ министрлігі және ҚР Сыртқы істер министрлігінде жауапты қызметтерді атқарды.
Саяси ғылымдар кандидаты. 

Бекмұрат Найзабеков

Маркетинг, сатып алу және мұнай сату жөніндегі басқарушы директор

Бекмұрат Найзабеков ҚМГ БӨ маркетинг, сатып алу және мұнай сату жөніндегі басқарушы директоры лауазымын 2015 жылғы желтоқсан айынан бастап атқарады. Бұдан бұрын «ҚазГерМұнай» БК» ЖШС-де басшының сату және маркетинг жөніндегі орынбасары қызметін атқарды, сондай-ақ «Даму» КДҚ» АҚ мен Argus Ltd-да түрлі лауазымдарда қызмет етті. Қазақ ұлттық университетін заңгер мамандығы бойынша және Қазақ экономикалық университетін қаржы мамандығы бойынша бітірді. И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университетінің іскерлік әкімшілік шебері дәрежесіне ие. 

Әзиз Илеуов

Стратегиялық даму жөніндегі басқарушы директор

Илеуов Әзиз Тоқшалықұлы Беларусь мемлекеттік университетін бітірген. 2017 жылдың ақпан айынан бастап «ҚазМұнайГаз»Барлау Өндіру» АҚ стратегиялық даму жөніндегі басқарушы директор лауазымын атқарады. Бұл қызметке дейін ҚМГ БӨ стратегиялық даму және ақпараттық технологиялар, корпоративтік басқару, бизнесті қолдау бойынша басқарушы директор болып жұмыс істеді. Әр жылдары «ҚазТрансОйл» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ, «ҚазМұнайГаз»қайта өңдеу және маркетинг» АҚ, «Жетісу әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация» ҰК» АҚ, «Қазақстан-Қытай Құбыржелісі» ЖШС «МұнайТас»ЖАҚ, «Интергаз Орталық Азия» ЖАҚ, «Транспорт Мұнай және Газ» Ұлттық компаниясы» ЖАҚ лауазымдық қызметтерді атқарды.
«Құрмет» орденінің, «Мұнай-газ кешенін дамытуға қосқан үлесі үшін» медалінің  иегері.

Марлен Оразбеков

Құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директор

Оразбеков Марлен Армияұлы Целиноград Инженер-Құрылыс институтын, Е.Букетов атындағы ҚарМУ жанындағы «Болашақ» өзекті білім беру Қарағанды университетін бітірген. 2017 жылдың ақпан айынан бастап «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ Құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры лауазымын атқарады. Бұл қызметке дейін «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ-да Заң департаментінің директоры, директордың орынбасары, «ҚазМұнайГаз»ҰК АҚ-да бас заңгер, «ҚазМұнайГаз -Сервис»ЖШС-да аға заңгер, Астана адвокаттар алқасында стажер адвокат, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде қаржылық және ресурстық қамтамасыз ету департаменті аға маманы қызметтерін атқарып, еңбек жолынан өтті.

Наверх