Директорлар кеңесі

Құрманғазы Есқазиев

ҚМГ БӨ-ның Бас Директорi

2015 жылдың 23 қыркүйегінен бастап ҚМГ БӨ бас директоры (Басқарма төрағасы). 
В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын геолог-тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын    Балықшы барлау-бұрғылау басқармасының оператор-коллекторы болып бастап, одан соң Тематикалық партияда инженер-геолог болып жұмыс істеп,  «Эмбанефть» ӨБ Тампонаждау мекемесінің цементтеу жөніндегі операторы болып еңбек жолын жалғастырды. 1991-1993 жж.- Балықшы барлау-бұрғылау басқармасы №1 бұрғылау экспедициясының геологы,1993-1995 жж.- «Ембімұнайгаз» АҚ Атырау бұрғылау жұмыстары басқармасының геологы. 1995-2004 жж.- мұнай қабаттарының өнімділігін арттыру және ұңғымағаларға күрделі жөндеу Атырау басқармасының бас геологы, директордың орынбасары, "Ембімұнайгаз"  ААҚ геология және мұнай-газ кен алаңдарын игеру департаментінің директоры. 2004-2008 жж. - «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ директордың орынбасары, кейіннен геология және игеру департаментінің директоры болып жұмыс істеді. 2008-2015 жж.- «ҚазМұнайГаз» ҰК»АҚ  мұнай және газ өндіру жөніндегі атқарушы директор,  геология, геофизика және резеруарлар жөніндегі басқарушы директор, бас геолог, геология және келешек жобалар жөніндегі Басқарма төрағасының орынбасары, операциялық емес активтер (Теңіз,Қашаған,Қарашығанақ) бойынша басқарушы директор,   геология жөніндегі басқарушы директор қызметтерін атқарды. 2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында «Ембімұнайгаз» АҚ бас директоры (басқарма төрағасы) болып еңбек етті.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «ҚазМұнайГаз» БӨ» АҚ, Геология және Жер қойнауын пайдалану Комитетінің Құрмет грамоталарымен, «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен (2016 ж.), «Құрмет» орденімен (2016 ж.), «ҚР Жер қойнауының Үздік барлаушысы» атағымен, «Қазақстан Республикасы көмірсутегі әлеуетін ғылыми негіздеу» тақырыбындағы жұмысы үшін  ғылым мен техника саласындағы әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлықпен  (2015 ж.) марапатталған. 
Геология-минералогиялық ғылымдар докторы, 12-ден астам ғылыми публикациялардың авторы, «Геологическое строение и перспективы нефтегазности Северного и Среднего Каспия» кітабының қосымша авторы.

Дәурен Қарабаев

«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ атқарушы вице-президенті – қаржы директоры, ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің төрағасы

Дәурен Қарабаев, CFA – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ атқарушы вице-президенті – қаржы директоры, 2017 жылдың мамырында БӨ ҚМГ- ның Директорлар кеңесінің мүшесі болып сайланды. 2017 жылдың қыркүйегінде БӨ ҚМГ- ның Директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Бұған дейін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметін атқарды. Mays Business School – Texas A&M қаржы саласындағы ғылым магистрі атағына ие.

Олег Карпушин

«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ Өндіру, барлау және мұнай сервистері жөніндегі атқарушы вице-президенті.

Олег Карпушин - «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ Өндіру, барлау және мұнай сервистері жөніндегі атқарушы вице-президенті. Ресей Мемлекеттік мұнай және газ академиясын «тау-кен инженер-геологы» мамандығы бойынша бітірді. Сонымен қатар, Дьюк университетінде (АҚШ) Фьюкуа Бизнес мектебінің МВА бағдарламасын тәмамдады. Әр жылдары «Салым Петролеум Девелопмент Н.В.», «Новатэк» ЖАҚ компанияларында басшылық қызметтерді атқарды. Сондай-ақ, Shell International Exploration and Production B.V. компаниясында аға кеңесші болып жұмыс істеді.   

Ардақ Мұқышев

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі вице-президенті

Ардақ Мұқышев 2017 жылдың қаңтар айынан бері ҚМГ ҰК құқықтық қамтамасыз ету жөніндегі вице-президенті болып жұмыс істейді. Бұған дейін ҚМГ ҰК мен Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінде басқарушылық қызметтерді атқарды. 2014 жылдың мамырынан «ҚазТрансОйл» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, сондай-ақ 2016 жылдың сәуірінен «ҚазТрансГаз» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия университетін «Құқық және құқықтық білім беру» әдістемесі мамандағы бойынша тәмамдады. Біліктілігі – заңгер. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген.

Густав Луис Юджин Ван Меербеке

Мұнайгаз мәселелері бойынша тәуелсіз консультант

Густав Луис Юджин Ван Меербеке, Нидерландының азаматы, 1972 жылғы ақпанда Нидерландыдағы Лейден университетінің геология магистрі дәрежесін алған. Алғашқы 3 жылда ол Beers Consolidated Diamond Mines-қа іссапарға жіберіліп Оңтүстік Африкадағы британ-америкалық компанияда жұмыс істеді. 1975 жылы ол Royal Dutch/ Shell-ге жұмысқа орналасып, онда 24 жыл бойы геолог ретінде әр түрлі елдерде (Свазиленд (көмір), Ұлыбритания, Оман, Бруней, Индонезия және Нидерланды) жұмыс жасап, әр түрлі қызметтер атқарды. Нидерландыда Гаагадағы бас офисте жұмыс істеген кезде ол Таяу Шығыстағы, Оңтүстік Азиядағы және Африкадағы жаңа компанияларды дамыту және консультациялық қолдау үшін жауапты командада аймақтық геолог болып және одан кейін Ресей мен ТМД елдері үшін бизнес-консультант ретінде жұмыс істеді. Аталған қызметтерді атқара жүріп, ол Shell-дің Ресейдегі және Каспий аймағындағы елдердегі барлау және игеру жөніндегі Shell Kazakhstan Development BV, Shell Tulpar BV, Shell Temir BV, Salym Petroleum Development NV компанияларда директор лауазымына ие болды. 1999 жылы ол мұнай және газ жөніндегі салалық банкир ретінде ABNAMRO-ға жұмысқа орналасып және 2007 жылы ABNAMRO қосып алынғаннан кейін RBS-те көрсетілген қызметті атқаруды жалғастырды. 2011 жылғы 1 желтоқсанда ол зейнеткерлікке шығып, зейнеткерлік жасқа жетуіне байланысты RBS-GBM-мен еңбек қатынастарын тоқтатты. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін,ол қолданылу мерзімі 2013 жылғы қазанда аяқталған біржолғы қызмет көрсетулерге арналған келісімшарт бойынша мұнайгаз жобаларын қаржыландыру жөніндегі аға консультант ретінде ішінара еңбекпен қамтылумен жұмысын жалғастырды. Одан кейін, ішінара еңбекпен қамтылумен әр түрлі банктер үшін кен орындарына арналған займдар беру мәмілелер бойынша мұнайгаз мәселелері жөніндегі тәуелсіз консультант ретінде жұмысын жалғастырды.

Аластэр Фергюсон

ҚМГ БӨ-ның тәуелсіз директоры.

1957 жылы туған, Ұлыбританияның азаматы. Қазіргі уақытта Фергюсон Аластэр ресейлік және украиндық энергетика бойынша клиенттерге кеңес үшін жаңа бизнестің стратегиясын дайындауға және дамытуға айрықша көңіл бөле отырып, өзінің энергетикадағы кеңесшілік бизнесін дамытуда. Оның клиенттері арасында: Statoil, Xenon Capital Partners и JKX Oil & Gas бар. Бұдан бұрын Russia Energy Advisory негізін салушы және мажоритарлық акционері болып табылды, JKX Oil & Gas және XENON Capital Partners тәуелсіз директоры болып жұмыс істеді. Инвестициялық және консалтингтік компанияда ресейдің энергетикалық секторына маманданған аға кеңесші болды.

Филип Дэер

ҚМГ БӨ-ның тәуелсіз директоры.

1951 жылы туған, Ұлыбританияның азаматы. Филип Дэер, құқық бакалавры, Машықтанған бухгалтерлер институтының мүшесі, «KPMG»-де машықтанған бухгалтер ретіндегі мамандыққа ие болды, Лондонның Қор Биржасында тіркелген компаниялар үшін консультациялар беруге маманданумен 25 жыл бойы инвестициялық-банктік қызметпен айналысқан. «Barclays De Zoete Wedd» және «Citicorp» сияқты компанияларда жұмыс істеп бай тәжірибе жинақтады. 2005 жылы «ABN AMRO Hoare Govett»-тен кетті. Одан кейін «Роснефтіге» 2006 жылы бағалы қағаздарды ұтымды орналастыру бойынша кеңес берді және оны KNOC сатып алған сәтке дейін «Dana Petroleum» аудит жөніндегі комитеттің мүшесі болды. Қазіргі уақытта компания Директорлар кеңесінің мүшесі болды, сондай-ақ AVEVA Group» аға тәуелсіз директоры болып табылады. Сондай-ақ ол «ВТБ Капитал» ЖАҚ және «Северсталь» ААҚ тәуелсіз директоры болып табылады. 2010 жылдың мамыр айынан бастап Дэйер мырза ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің мүшесі болып табылады.

Фрэнсис Соммер

ҚМГ БӨ-ның тәуелсіз директоры

Фрэнсис Соммер 2014 жылдан бастап Nobel Oil E&P(UK)Ltd (Nobel Upstream) тәуелсіз директоры, сондай-ақ 2013 жылдан бері LetterOne (L1) Energy (UK) әріптесі болып табылады. Бұған дейін 2009-2013 жылдар аралығында Ресей Федерациясында ТНК BP Холдинг ААҚ-да өндіріс және технологиялар жөніндегі атқарушы вице-президент лауазымын атқарды. Остиндегі Техас университетінің мұнай өндіру технологиялары саласындағы ғылым магистрі дәрежесіне, сондай-ақ Нью-Йорк университетінің физика саласындағы бакалавр дәрежесіне ие.

Наверх