Баспасөз хабарламалары

01 наурыз, 2017

2017 жылдың қаңтар айындағы ҚМГ БӨ қызметінің аралық нәтижелері

Астана, 01 наурыз 2017 ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (ҚМГ БӨ, Компания) 2017 жылдың қаңтар айындағы ҚМГ БӨ қызметінің аралық нәтижелерін хабарлайды.

Шикі мұнайды экспортқа және ішкі нарыққа жеткізу

«Өзенмұнайгаз» АҚ («ӨМГ») мен «Ембімұнайгаз» АҚ-ның («ЕМГ») сату көлемі 2017 жылдың қаңтарында 709 мың тонна (тәулігіне 165 мың баррель) шикі мұнайды құрады, соның ішінде шикі мұнайдың 486 мың тоннасы (тәулігіне 113 мың баррель) экспортқа шығарылды, бұл жалпы сату көлемінің  69%-ын құрайды; және 223 мың тоннасы (тәулігіне 52 мың баррель) ішкі нарыққа жөнелтілді.

ӨМГ мен ЕМГ ішкі нарыққа жөнелткен 223 мың тонна (тәулігіне 52 мың баррель) шикі мұнайдың 180 мың тоннасы (тәулігіне 42 мың баррель) Атырау мұнай өңдеу зауытына (АМӨЗ) және 43 мың тоннасы (тәулігіне 10 мың баррель) Павлодар мұнай-химия зауытына мұнайдың дербес процессингі схемасына сәйкес әрі қарай қайта өңдеу үшін жеткізілді.

ӨМГ мен ЕМГ қорларынан ішкі нарыққа жеткізу үлесі 2016 жылдағы 41%-бен салыстырғанда, 2017 жылдың қаңтарында 31%-ды құрады. Бұдан бұрын хабарланғандай, ішкі нарыққа жеткізу үлесі 2017 жылы 2,9 млн тонна (тәулігіне 57 мың баррель) мұнайды немесе жалпы сату көлемінің шамамен 33%-ын құрайды деп жоспарланады.  

Мұнай өнімдерін сатудан түскен табыс

Шұғыл деректерге сәйкес мұнай өнімдерін сатудан түскен таза түсім (процессинг және сатумен байланысты барлық шығындарды шегергенде[1]) 2017 жылдың қаңтар айында АМӨЗ-де мұнай тоннасына 58 409 теңгені және ПМХЗ-да мұнай тоннасына 55 733 теңгені құрады. Салыстыра келсек, 2016 жылдың сәуір-желтоқсан айларында мұнай өнімдерін сатудан түскен таза түсім АМӨЗ-де мұнай тоннасына 42 366 теңге және ПМХЗ-да мұнай тоннасына 51 743 теңге болды.  

2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап Компания сату агенті ретіндегі «ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» АҚ («ҚМГ ӨМ») қызметтерін пайдалануды тоқтатты және мұнай өнімдерін өзі сата бастады[2].

Таза ақша қаражаты  

2017 жылдың 31 қаңтарындағы жағдай бойынша таза ақша қаражатының сомасы[3] 1 163 млрд теңгені (3,6 млрд АҚШ доллары[4]) құрады, бұл 2016 жылдың 31 желтоқсанындағы таза ақша қаражатымен салыстырғанда, 71 млн АҚШ долларына көп. Көрсетілген күні ақша қаражаты мен олардың баламалары және өзге де қаржы активтерінің 97%-ға жуығы АҚШ доллары мен өзге де шетел валютасына, калғаны – теңгеге деноминацияланған.   

2017 жылдың қаңтарындағы еркін ақша ағымы

Алдын ала деректер бойынша, 2017 жылдың қаңтарында Компанияның еркін ақша ағымы оң деңгейде қалыптасты.

Анықтама
ҚМГ БӨ 2016  жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстан көшбасшылардың үштігіне кіреді. 2016 жылы компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК» ЖШС мен CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 12,2 млн. тоннаны (тәулігіне 245 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ бірлескен кәсіпорындардағы үлесін есептегенде,  2015 жылдың соңындағы жағдай бойынша дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 193 млн. тоннаны (1 409 млн. баррель) құрады. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылғы қыркүйекте ІРО кезінде Компания 2 млрд.  астам АҚШ долларын тартты. 

Байланыстық ақпарат:

«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 54 33)
Сәкен Шошанов
e-mail: ir@kmgep.kz 

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 78 87)
Бақдәулет Төлеген
e-mail: pr@kmgep.kz

Bell Pottinger (+44 203 772 2500)
Генри Лервил
e-mail: KMGEP@bellpottinger.com

Болашаққа қатысты мәлімдеме
Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр», «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды. 


[1] Мұнайдың өзіндік құны және мұнай өңдеу зауыттарына дейін мұнай тасымалдау шығындары есепке алынбады.

[2]Компания 2016 жылдың сәуіріне дейін ішкі нарыққа жеткізілімдер бойынша міндеттерді орындау үшін өндірілген мұнайдың бір бөлігін «ҚазМұнайгаз – өңдеу және маркетинг» АҚ-ға («ҚМГ ӨМ») жеткізіп отырды. 2016 жылдың сәуірінен бастап Компания шикі мұнайды АМӨЗ бен ПМХЗ-да өңдеп, сату агенті болып табылатын ҚМГ ӨМ арқылы мұнай өнімдерін дербес сата бастады.

[3] Есептік кезеңнің соңындағы қарыз сомасы шегеріліп, ақша қаражаты, олардың баламалары және өзге де қаржы активтерінің сомасы ретінде есептеледі.

[4] Сомалар тек оқырмандарға ыңғайлы болуы үшін 2017 жылдың 31 қаңтарында кезең соңындағы 324,24 теңге/АҚШ доллары бағамы бойынша АҚШ долларына ауыстырылған.

2017 жылдың қаңтар айындағы ҚМГ БӨ қызметінің аралық нәтижелері (299 Кб) Көшіріп алу
Наверх