Баспасөз хабарламалары

13 наурыз, 2018

ҚМГ БӨ Компанияның ЖДҚ-ны сатып алу туралы тендерлік ұсынысы және Компанияның Жай акцияларды сатып алу жөніндегі ұсынысының әрекеті аяқталғаны туралы, сондай-ақ 2018 жылдың 12 наурызында өткізілген Компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысындағы дауыс беру қорытындылары туралы хабарлайды

МҰНДАЙ ІС-ӘРЕКЕТТЕР СОЛ ЮРИСДИКЦИЯНЫҢ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН ЮРИСДИКЦИЯДА НЕМЕСЕ ЮРИСДИКЦИЯЛАРДАН, ТОЛЫҚ НЕМЕСЕ ІШІНАРА АШУҒА, ЖАРИЯЛАУҒА НЕМЕСЕ ТАРАТУҒА ЖАТПАЙДЫ

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚҚМГ БӨ» немесе «Компания»)

ҚМГ БӨ Компанияның ЖДҚ-ны сатып алу туралы тендерлік ұсынысы және Компанияның Жай акцияларды сатып алу жөніндегі ұсынысының әрекеті аяқталғаны туралы, сондай-ақ 2018 жылдың 12 наурызында өткізілген Компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысындағы дауыс беру қорытындылары туралы хабарлайды.

Астана, 13 наурыз, 2018

1.              Кіріспе  

2017 жылғы 8 желтоқсанда ҚМГ БӨ бір ЖДҚ-ға 14,00 АҚШ доллары бағасымен өзінің барлық шығарылған ЖДҚ-сын сатып алу бойынша шартты тендерлік ұсынысының («Тендерлік ұсыныс») іске қосылғаны туралы хабарлады.

2018 жылғы 23 қаңтарда ҚМГ БӨ:

  • Тендерлік ұсыныстың қабылдау шарты және қалған барлық Шарттары қанағаттандырылғанын, сондай-ақ Тендерлік ұсыныс барлық қатынастарда сөзсіз болып жарияланғанын; және
  • Қазақстан қор биржасында бір Жай акцияға 84,00 АҚШ доллары бағасымен, бірақ Теңгемен төлей отырып, шығарылған немесе шығаруға жататын барлық Жай акцияларды сатып алуға сөзсіз ұсынысты («Акциялар туралы ұсыныс») жариялады.

Сондай-ақ, сол күні ҚМГ БӨ 2018 жылғы 12 наурызда акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы («2 АКТЖЖ») төмендегі күн тәртібімен шақырылатынын жариялады:

a)     Лондон қор биржасының ресми тізімінен ҚМГ БӨ ЖДҚ-сын тұрақты алып тастау (ерікті делистингі) туралы («ЛҚБ Делистингі»);

b)    Қазақстан қор биржасының ресми тізімінен ҚМГ БӨ жай акциялары мен ЖДҚ-сын тұрақты алып тастау (ерікті делистингі) туралы («ҚҚБ Делистингі»); және

c)     ҚМГ БӨ Жарғысын жаңа редакцияда бекіту туралы.

2017 жылғы 8 желтоқсандағы Компанияның Тендерлік ұсыныстың іске қосылғаны туралы хабарламасында («Тендерлік ұсыныс туралы хабарлама») анықтамасы берілген терминдер мен сөздер осы хабарламада дәл сондай мәндерге ие.

2.              Тендерлік ұсыныс пен Акциялар туралы ұсынысы әрекетінің аяқталуы.

ҚМГ БӨ олардың шарттарына сәйкес, Тендерлік ұсыныс Жабылудың Соңғы датасында 2018 жылғы 8 наурызда сағат 15.00-де (Лондон уақыты бойынша) және Акциялар туралы ұсыныс 2018 жылғы 12 наурызда аяқталғаны туралы хабарлайды.  

Жабылудың Соңғы датасында сағат 15.00-де (Лондон уақыты бойынша) ҚМГ БӨ барлық 135 328 231 ЖДҚ-ға қатысты, Тендерлік ұсынысқа сәйкес қабылдау туралы барлық тиісінше түрде рәсімделген хабарламаларды алды және сатып алды, бұл 2018 жылғы 18 ақпандағы жағдай бойынша (осы хабарландыру жарияланғанға дейінгі соңғы күні) барлық шығарылған ЖДҚ-ның (Компания 2018 жылғы 18 ақпанда, иемденген ЖДҚ-ны есептемегенде) шамамен 98,6 пайызын және айналымдағы барлық Жай акциялардың (ЖДҚ-мен берілген Жай акцияларды қоса алғанда) шамамен 32,1 пайызын құрады. 54 000 000 ЖДҚ 2018 жылғы 21 ақпанда Жай акцияларға айырбасталды.   

ҚҚБ-да сауда-саттықтың жабылу датасында 2018 жылғы 12 наурызда ҚМГ БӨ айналымдағы барлық 331 677 Жай акцияларға қатысты, Акциялар туралы ұсынысқа сәйкес сатуға өтінімдерді алды немесе сатып алды, бұл 2018 жылғы 18 ақпанда (осы хабарландыру жарияланғанға дейінгі соңғы күні) айналымдағы Жай акциялардың (ЖДҚ-мен берілген Жай акцияларды қоса алғанда) шамамен 0,5 пайызын құрады.

3.              Есеп айырысудың соңғы датасы

ҚМГ БӨ Тендерлік ұсыныс және Акциялар туралы ұсыныс бойынша қабылданған өтінімдерге қатысты соңғы есеп айырысу Есеп айырысудың Соңғы датасында 2018 жылғы 5 сәуірде төмендегі тәртіппен жүргізілетінін жариялайды:

3.1            Биржадан тыс негіздегі Тендерлік ұсыныс

Тендерлік ұсыныстың әрекеті аяқталғанға дейін барлық тиісінше түрде рәсімделіп, олар бойынша есеп айырысудың Алғашқы датасына дейін есептеулер жүргізілмеген хабарламалар алынған жағдайда, ҚМГ БӨ Тендер агентіне төлем көзінен алынатын салықтың және басқа да барлық қолданылатын салықтар мен мемлекеттік алымдардың Сомасын есептегенде, Тендерлік ұсыныста АҚШ долларымен көрсетілген толық тиісті Бағаны төлейді.

3.2            Қазақстан қор биржасындағы Тендерлік ұсыныс  

Тендерлік ұсыныстың әрекеті аяқталғанға дейін барлық тиісінше түрде рәсімделіп, олар бойынша есеп айырысудың Алғашқы датасына дейін есептеулер жүргізілмеген хабарламалар алынған жағдайда, ҚМГ БӨ Қазақстан қор биржасындағы Брокерлерге Қазақстанның төлем көзінен алынатын салықты ұстамай, бірақ басқа да барлық қолданылатын салықтар мен мемлекеттік алымдарды есептей отырып, Тендерлік ұсыныста АҚШ долларымен көрсетілген толық тиісті Бағаны төлейді.

3.3            Акциялар туралы ұсыныс

Тендерлік ұсыныстың әрекеті аяқталғанға дейін барлық тиісінше түрде рәсімделіп, олар бойынша есеп айырысудың Алғашқы датасына дейін есептеулер жүргізілмеген хабарламалар алынған жағдайда, ҚМГ БӨ Қазақстан қор биржасында тиісті Жай акцияларды Есеп айырысудың тиісті датасында Қазақстан Ұлттық Банкінің веб-сайтында жарияланған Теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми айырбастау бағамы бойынша Теңгемен қайта есептелген Акциялар бағасымен (үтірден кейін екі санға дейін ықшамдалған) сатып алады.

4.              2 АКТЖЖ нәтижелері және Биржалық тізімнен алып тастау  

ҚМГ БӨ 2 АКТЖЖ-да ұсынылған қарарлар 2018 жылғы 12 наурызда өткен жиналыста толығымен қабылданғанын хабарлайды.

ҚМГ БӨ 2 АКТЖЖ-да қарарлар қабылданып, Акциялар туралы Ұсыныс жабылғаннан кейін ЛҚБ-дан Делистингке және ҚҚБ-дан Делистингке өтінім беретін болады.

2018 жылғы 11 сәуірде ҚМГ БӨ Қазақстан қор биржасының Листинг комитеті Қазақстан қор биржасының биржалық тізімінен алып тастауды бекітуі үшін Жай акциялар мен ЖДҚ-ны биржалық тізімнен алып тастауға өтінім береді. Осы күні немесе 2018 жылғы 11 сәуірден кейін Компания ЛҚБ-да биржалық тізімнен ЖДҚ-ны алып тастауға және сауда-саттықты жоюға да өтінімдер жолдайды, олар Қазақстан қор биржасының биржалық тізімінен алып тастау күні күшіне енуі тиіс, бұл аталған өтінімдерді жолдау күнінен бастап 20 жұмыс күні ішінде жоспарланады.      

Осы хабарламалардың мерзімдері аяқталғаннан кейін Өзара қарым-қатынастар туралы шарттың қолданылуы дереу тоқтатылады. 

5.              Депозитарлық шарттың өзгерістері

Сондай-ақ, ҚМГ БӨ 2017 жылғы 8 желтоқсанда оларға қатысты ЖДҚ Ұстаушыларына үш айлық ескерту берілген Депозитарлық шарттың өзгерістері 2018 жылғы 9 наурызда күшіне енгені туралы хабарлайды. 

ҚМГ БӨ ЖДҚ Ұстаушыларына Компанияның ЖДҚ-ны биржалық тізімдерден алып тастау ниетін назарға ала отырып, Компания қор биржасында бағалы қағаздар листингін қолдау бойынша белгілі бір міндеттемелерді болдырмауға Депозитариймен келіскенін және тиісті өзгерістер Депозитарлық шартқа енгізілгенін ескертеді. Сондай-ақ, Өзгертілген Депозитарлық шарт қор биржасында бағалы қағаздар листингін қолдау бойынша осы міндеттемемелерді болдырмауға қосымша ретінде Өзгертілген Депозитарлық шарттың қолданылуын тоқтатуға қатысты хабарламалар мерзімін 90 күннен 30 күнге дейін азайтады.   

Тендерлік ұсыныс туралы және Лондон қор биржасы мен Қазақстан қор биржасының биржалық тізімінен ЖДҚ-ны алып тастау туралы бұдан кейінгі ақпаратты https://www.kmgep.kz/eng/investor_relations/tender_offer/ сілтемесі бойынша орналасқан Тендерлік ұсыныс туралы құжаттан немесе +44 371 664 0321 нөмері бойынша Link Asset Services-ке хабарласып алуға болады.

Баспасөз хабарламаларына қатысты сұрақтар бойынша:

Толық ақпарат алу үшін бізге мына мекенжайлар бойынша хабарласыңыз: 

ҚМГ БӨ. Инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 7979)
Эл. пошта: ir@kmgep.kz

ҚМГ БӨ. Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 7979)
Бақдәулет Төлеген
Эл. пошта: pr@kmgep.kz

Finsbury (+44 (0)20 7251 3801)
Дороти Беруэлл
Эл. пошта: KMGEP@finsbury.com

Дойче Банк Траст Компани Америкас (+1 212 250 1305)
Дойва Брукс
Эл. пошта: duewa.t.brooks@db.com   

Редакторлар үшін ескерту

ҚМГ БӨ 2017 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық мұнай өндірушілердің үздік үштігіне кіреді. Жалпы өндіру 2017 жылы Компанияның Қазгермұнай, CCEL мен PKI-дегі үлесін қосқанда, 11,9 млн. тонна шикі мұнайды құрады (тәулігіне 240 мың баррель). Компанияның дәлелденген және ықтимал қорларының көлемі тәуелді компаниялардың үлесін шегергенде 2016 жылдың соңында 182 млн. тоннаны (1 327 млн. баррель) құрады. Компания акциялары Қазақстан қор биржасында, ал ЖДҚ-лары Лондон қор биржасы айналымға шығарылған. 2006 жылы қыркүйекте Компания ІРО-дан 2 млрд-тан астам АҚШ долларын тартты.

Маңызды ескертулер

Осы хабарландыру инсайдерлік ақпаратты қамтиды.

Осы хабарландырудағы ақпаратты Біріккен корольдіктен, АҚШ пен Қазақстаннан басқа барлық юрисдикцияда ашып көрсетуге, жария етуге не таратуға тиісті юрисдикция заңдарымен тыйым салынуы мүмкін, сондықтан осы хабарландыру жеткен тұлғалар осыған ұқсас шектеулердің барын нақтылап алып, оларды сақтауы тиіс. Бұл шектеулерді сақтамау тиісті юрисдикциялардың бағалы қағаздарға қатысты заңдарын бұзу болып табылады. Осы хабарландыру акцияларды сату, шығару, сатып алу немесе мұндай ұсыныс заңсыз болып табылатын қандай да бір юрисдикцияда қандай да бір акцияларға қол қою ұсынысына жатпайды.

Біріккен корольдік аумағындағы қызметіне ПҚҚ рұқсат берген және оны ПҚҚ мен ҚРББ реттейтін J.P. Morgan компаниясы осы хабарландыруда аталған мәселелерге байланысты жалғыз ҚМГ БӨ үшін ғана қаржылық консультант рөлін атқарады, осы хабарландыруда аталған мәселелер бойынша клиент ретінде одан басқа ешкімді қарастырмайды және ҚМГ БӨ-ден басқаның алдында J.P. Morgan компаниясы мен оның үлестес тұлғаларының клиенттеріне қолжетімді қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ осы хабарландыруда аталған мәселелер бойынша қандай да бір консультация бергені үшін жауапкершілік алмайды.  

Біріккен корольдік аумағындағы қызметіне ҚРББ рұқсат берген Rothschild компаниясы Тендерлік ұсыныспен байланысты жалғыз Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелері үшін ғана қаржылық консультант рөлін атқарады, осы құжатта аталған мәселелер бойынша клиент ретінде одан басқа ешкімді қарастырмайды және Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелерінен басқаның алдында Rothschild компаниясының клиенттеріне қолжетімді қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ осы хабарландыруда аталған мәселелер бойынша қандай да бір консультация бергені үшін жауапкершілік алмайды.

HSBC-ге ПҚҚ уәкілеттік берген және Біріккен Корольдіктегі оның қызметін ҚРББ және ПҚҚ реттейді. HSBC Тендерлік ұсыныспен байланысты тек директорлар кеңесінің тәуелсіз жұмысшылары үшін ғана қаржылық кеңесші ретінде қызмет етеді, осы хабарландыруда аталған мәселелер бойынша клиент ретінде басқа ешкімді қарастырмайды, HSBC клиенттеріне ұсынылатын қорғаныспен қамтамасыз ету немесе Тендерлік ұсынысқа не осы хабарландыруда аталған басқа да мәселелерге қатысты консультация бергені үшін Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелерінен және Компаниядан басқа ешкімнің алдында жауапты болмайды.

Осы хабарландыруда баяндалғаннан басқа, қандай да мәліметтерді ұсынуға не қандай да бір мәлімдемелерді жасауға ешкімнің ресми рұқсаты жоқ; кез келген мұндай мәліметтер мен мәлімдемелерге ресми деп қараудың қажеті жоқ. Осы хабарландыруды ұсыну қандай жағдай болмасын, Компанияның қызметінде күні көрсетілген ешқандай өзгерістер болмағанын білдірмейді, ал мұндай келтірілген ақпарат болашақта қандай да бір күндегі жағдай бойынша жарамды.

АҚШ-тағы Бағалы қағаздар ұстаушыларына арналған ескерту

Тендерлік ұсыныс жария ету туралы талаптардың және АҚШ-тың Бағалы қағаздар саудасы туралы Заңының 14D ережесінде көзделген басқа да рәсімдік талаптардың қолданысына ұшырамайды. АҚШ-та Тендерлік ұсыныс АҚШ-тың Бағалы қағаздар саудасы туралы Заңының 14Е ережесінің талаптарына сәйкес олар қолданылатын шамасына қарай жасалады. АҚШ-тың Бағалы қағаздар саудасы туралы Заңының 14Е ережесінің белгілі бір тармақтары АҚШ-тың Бағалы қағаздар саудасы туралы Заңының 14d-1(c) қағидасына сәйкес Тендерлік ұсынысқа қолданылмайды. АҚШ-тағы ЖДҚ ұстаушыларына ЖДҚ-ның АҚШ қор биржаларында айналымдағы бағалы қағаздардың тізіміне қосылмағанына және ҚМГ БӨ компаниясы АҚШ-тың Бағалы қағаздар саудасы туралы заңының жүйелі есептілігіне қойылатын талаптардың ықпалына ұшырамайтынына, осыған байланысты аталмыш заңға сәйкес АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясына қандай да бір есептерді беруге міндетті емес екеніне және бермейтініне назар аудару қажет.

Осы хабарландыру АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясының немесе АҚШ-тың штат деңгейіндегі бағалы қағаздар бойынша қандай да бір комиссиясының не оң, не теріс, не қандай да бір басқа ұсынымын алған жоқ, сонымен қатар бұл органдар ондағы ақпараттың дәлдігін не сенімділігін растаған жоқ. Кері жағдай туралы кез келген тұжырымдар АҚШ заңдары бойынша қылмыстық іс болып табылады.

Болжамды сипаттағы тұжырымдар

Осы хабарландыру, оның ішінде оған сілтеме бойынша қосылған ақпарат ҚМГ БӨ компаниясының, ҚМГ БӨ Тобының, ҚМГ ҰК-ның және оларға қатысты тәуекелдер мен белгісіздік барларының Тендерлік ұсынысына қатысты «болжамды сипаттағы тұжырымдар» болып табылатын не олар ретінде саналуы мүмкін тұжырымдарды қамтиды. Мұндай болжамды сипаттағы тұжырымдардың белгілеріне тиісті терминдерді, оның ішінде, өзгесінен басқа, «есептейді», «бағалайды», «күтеді», «болжайды», «жоспарлайды», «істей алады», «ниет етеді», «болады», «қажет» сөздерін, олардың теріс және өзге де грамматикалық формалары мен балама сөздерін пайдалану, сондай-ақ стратегияларға, жоспарларға, мақсаттарға, міндеттерге, болашақтағы жайттарға не ниеттерге қатысты пайымдар жатады. Болжамды сипаттағы бұл тұжырымдар тарихи фактіге жатпайтын барлық мәселелерді қамтиды. Олар Компанияның ниеттеріне, ағымдағы болжалдар туралы ұсыныстар мен мәлімдемелерге, сонымен қатар Компания қызметінің нәтижелеріне, қаржылық жай-күйіне, өтімділігіне, перспективаларына, дамуына, әлеуетті сатып алуына, стратегияларына, сондай-ақ Компания өз қызметін жүргізетін салаларға қатысты тұжырымдарды қамтиды, бірақ олармен шектеліп қалмайды. Болжамды сипаттағы тұжырымдардың мәнісі тәуекелдер мен белгісіздіктің болуын білдіреді, өйткені олар болашақта орын алуы не орын алмауы мүмкін жайттармен және жағдайлармен байланысты. Болжамды сипаттағы тұжырымдар Компания қызметінің, оның қаржылық жай-күйінің не өтімділігінің қандай да болашақ көрсеткіштеріне не нәтижелеріне кепілдік бермейді, ал елдегі және Компания өз қызметін жүргізетін салалардағы өзгерістер осы хабарландырудағы болжамды сипаттағы пайымдарда қамтылған болжамдардан айтарлықтай өзгешеленуі мүмкін. Болашақта қандай да бір жайт болса, жаңа ақпарат алған жағдайда не өзге міндеттемелердің салдарынан Компания болжамды сипаттағы тұжырымдарға не осы хабарландыруда қамтылған салалар туралы мәліметтерге қандай да бір өзгерістер не түзетулер енгізуді жоспарламайды және міндеттенбейді. Компания ешқандай мәлімдемелер не болжамдар жасамайды және болжамды сипаттағы ұқсас тұжырымдарда болжанған нәтижелерге жету міндетіне қатысты ешқандай кепілдік бермейді.

ҚМГ БӨ Компанияның ЖДҚ-ны сатып алу туралы тендерлік ұсынысы және Компанияның Жай акцияларды сатып алу жөніндегі ұсынысының әрекеті аяқталғаны туралы, сондай-ақ 2018 жылдың 12 наурызында өткізілген Компания акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысындағы дауыс беру қорытындылары туралы хабарлайды (289 Кб) Көшіріп алу
Наверх