Баспасөз хабарламалары

20 ақпан, 2018

Компанияның ЖДҚ-ны сатып алу туралы тендерлік ұсынысы және Компанияның Қарапайым акцияларды сатып алуға ұсынысы бойынша алғашқы есеп айырысудың аяқталуы

МҰНДАЙ ІС-ӘРЕКЕТТЕР СОЛ ЮРИСДИКЦИЯНЫҢ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН ЮРИСДИКЦИЯДА НЕМЕСЕ ЮРИСДИКЦИЯЛАРДАН, ТОЛЫҚ НЕМЕСЕ ІШІНАРА АШУҒА, ЖАРИЯЛАУҒА НЕМЕСЕ ТАРАТУҒА ЖАТПАЙДЫ

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ» немесе «Компания»)

Компанияның ЖДҚ-ны сатып алу туралы тендерлік ұсынысы және Компанияның Қарапайым акцияларды сатып алуға ұсынысы бойынша алғашқы есеп айырысудың аяқталуы

Астана, 20 ақпан 2018 ж.

  1. 1.              Кіріспе

2017 жылдың 8 желтоқсанында ҚМГ БӨ бір ЖДҚ-ға 14,00 АҚШ доллары бағасымен өзінің барлық шығарылған ЖДҚ-сын сатып алу бойынша шартты тендерлік ұсынысының («Тендерлік ұсыныс») іске қосылғаны туралы хабарлады.

2018 жылдың 23 қаңтарында ҚМГ БӨ:

  • Тендерлік ұсыныстың қабылдау шарты және қалған барлық Шарттары қанағаттандырылғанын, сондай-ақ Тендерлік ұсыныс барлық қатынастарда сөзсіз болып жарияланғанын; және
  • Қазақстан қор биржасында бір Қарапайым акцияға 84,00 АҚШ доллары бағасымен, бірақ Теңгемен төлей отырып, шығарылған немесе шығаруға жататын барлық Қарапайым акцияларды сатып алуға сөзсіз ұсынысты («Акциялар туралы ұсыныс») жариялады. 

2017 жылдың 8 желтоқсанындағы Компанияның Тендерлік ұсыныстың іске қосылғаны туралы хабарламасында («Тендерлік ұсыныс туралы хабарлама») анықтамасы берілген терминдер мен сөздер осы хабарламада дәл сондай мәндерге ие.

  1. 2.              Тендерлік ұсыныс және Акциялар туралы ұсыныс бойынша алғашқы есеп айырысудың нәтижесінде сатып алынған ЖДҚ мен Қарапайым акциялар

ҚМГ БӨ Тендерлік ұсыныс және Акциялар туралы ұсыныс бойынша есеп айырысу 2018 жылдың 19 ақпанында, Есеп айырысудың алғашқы датасында, орындалғанын хабарлайды, нәтижесінде ҚМГ БӨ жалпы алғанда мыналарды иемденді:

  • 134,070,054 ЖДҚ, бұл 2018 жылдың 31 қаңтарында (осы хабарландыру жарияланғанға дейінгі соңғы күні) барлық шығарылған ЖДҚ-ның (Компанияда болған ЖДҚ-ны есептемегенде) шамамен 97,7 пайызын және айналымдағы Қарапайым акциялардың (ЖДҚ-мен берілген Қарапайым акцияларды қоса алғанда) шамамен 31,8 пайызын құрады; және 
  • айналымдағы 320,688 Қарапайым акциялар, бұл 2018 жылдың 31 қаңтарында (осы хабарландыру жарияланғанға дейінгі соңғы күні) айналымдағы барлық Қарапайым акциялардың (ЖДҚ-мен берілген Қарапайым акцияларды қоса алғанда) шамамен 0,5 пайызын құрады.

Компания сатып алған Қарапайым акциялар қазынашылықта болады, ал ЖДҚ-ны Тендерлік ұсыныс туралы Хабарламаның 3.8-ші параграфында сипатталғандай, мұндай ЖДҚ-ны болдырмау және негізгі Қарапайым акцияларға айырбастау тиісті мерзімде жүзеге асырылады деген талаппен ҚМГ БӨ ұстап тұрады. 

Енді ҚМГ ҰК мен ҚМГ БӨ тұтастай алғанда 47,194,539 Қарапайым акциялар мен 134,781,116 ЖДҚ-ны иемденеді, бұл Қарапайым акциялардың (ЖДҚ-мен берілген Қарапайым акцияларды қоса алғанда) шамамен 99,2%-ын құрайды.

  1. 3.              Тендерлік ұсыныс және Акциялар туралы ұсыныс бойынша Есеп айырысудың алғашқы күнінде төленген сыйақы

Тендерлік ұсыныс және Акциялар туралы ұсыныс бойынша есеп айырысу 2018 жылдың 19 ақпанында мынадай тәртіппен орындалды:

3.1            Биржадан тыс негіздегі тендерлік ұсыныс

Компания Тендер агентіне 993,297,656 АҚШ долларын төледі, бұл жалпы алғанда 25,748,120 АҚШ долларын құрайтын төлем көзінен алынатын салық сомасын және басқа барлық қолданылатын салықтар мен мемлекеттік алымдарды шегергенде, Тендерлік ұсыныста көрсетілген толық тиісті Баға болып табылады, осыған қатысты 2018 жылдың 22 қаңтарында сағат 15:00-ге дейін (Лондон уақыты бойынша) қабылдау туралы тиісінше ресімделген хабарламалар алынды.  Нәтижесінде Компания биржадан тыс негіздегі Тендерлік ұсыныстың негізінде 72,788,984 ЖДҚ сатып алды.  

Тендер агенті барынша қысқа мерзім ішінде өзі алған таза соманы өздерінің ЖДҚ-ларын 2018 жылдың 22 қаңтарында сағат 15:00-ге дейін (Лондон уақыты бойынша) сәйкесінше түрде сатылымға қойған ЖДҚ ұстаушыларына бұдан әрі төлем жасау үшін Клиринг жүйесіне төлейді.  Таза сомалар өздерінің ЖДҚ-ларын сатылымға қойған ЖДҚ ұстаушыларына тиісті Клиринг жүйесінің процедураларына сәйкес төленуі тиіс.

3.2            Қазақстан қор биржасындағы Тендерлік ұсыныс  

Компания Қазақстан қор биржасындағы Брокерлерге 857,934,980 АҚШ долларын төледі, бұл басқа барлық қолданылатын салықтар мен мемлекеттік алымдарды шегергенде, Тендерлік ұсыныста көрсетілген толық Баға болып табылады, осыған қатысты тиісті датаға дейін қабылдау туралы тиісінше ресімделген барлық хабарламалар алынды. Нәтижесінде Компания Қазақстан қор биржасында Тендерлік ұсыныстың нәтижесінде 61,281,070 ЖДҚ сатып алды.

3.3            Акциялар туралы ұсыныс

Компания 2018 жылдың 16 ақпанына дейін сату үшін берілген барлық өтінімдерді алу жағдайында, 8,604,469,521 теңге (бұл 2018 жылдың 19 ақпанында Қазақстан Ұлттық Банкінің веб-сайтында жарияланған, Теңгеге шаққандағы АҚШ долларының ресми айырбастау бағамына сәйкес 26,937,792 АҚШ долларына тең) төлей отырып, Акциялар туралы ұсынысты қабылдау жөніндегі тиісінше ресімделген барлық хабарламаларды жүзеге асырды. Нәтижесінде Компания Акциялар туралы ұсыныстың негізінде 320,688 Қарапайым акцияларды сатып алды.  

  1. 4.              Тендерлік ұсынысты жариялау кезінде пайда болған пут опционына қатысты Құқыққа сәйкес сатып алынған Артықшылықты акциялар

Сондай-ақ, ҚМГ БӨ Тендерлік ұсынысты хабарлау кезінде пайда болған пут опционына қатысты Құқықтарын 2017 жылдың 8 желтоқсанынан бастап 2018 жылдың 8 қаңтарына дейінгі аралықта жүзеге асырған Артықшылықты акционерлерден 1,160,200,439 теңге бағасымен жалпы 95,761 Артықшылықты акцияларды сатып алғанын хабарлайды.  

Нәтижесінде, қазіргі уақытта Компания қазынашылықта тұтастай алғанда 2,168,908 Артықшылықты акцияларды иемденеді.  

  1. 5.              Қазақстанның төлем көзінен ұсталатын салық

5.1            Ұсталынған салықтың дәлелі

ЖДҚ ұстаушыларына олардың резиденттілігі бар мемлекеттерде салық міндеттемелеріне қатысты ҚМГ БӨ ұстайтын салық сомасын олар есепке жатқыза алатын құқығы бар екендігі ескертіледі. Қазақстанның заңдарына сәйкес, ЖДҚ Ұстаушылары Қазақстан салық органдарынан төлем көзінен ұсталған салықтың дәлелін ала алады. Қазақстанның Заңдарында қарастырылғандай, ЖДҚ ұстаушылары мұндай дәлелдерді Қазақстанның салық органдарынан ғана сұратуға міндетті. Ақпаратты және салық басқармасының байланыс деректерін Қазақстан Қаржы министрлігінің сайтынан алуға болады: http://kgd.gov.kz/en.

5.2            Қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісім

Қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісімдердің шектеулі саны төлем көзінен алынатын қазақстандық салықтан босатылуын қамтамасыз ете алады. Алайда, мұндай босату салықтарды қайтару тетігі арқылы ғана қолданылуы мүмкін, алдымен төлем көзінен алынатын салық Қазақстанның салық органдарына төленуі тиіс. Іс жүзінде салықты қайтарып алу нәтижесі белгісіз болатын қиындық келтіретін процеске айналуы мүмкін.  Қосарланған салық салуды болдырмау туралы келісім арқылы салықтан босатуды қолданғысы келетін ЖДҚ ұстаушылары әрбір нақты жағдай кезінде өздерінің кәсіби консультанттарынан консультация алуға тиіс.

ЖДҚ Ұстаушыларының назары 2017 жылдың 8 желтоқсанындағы тендерлік ұсыныс құжатының VII бөлігіне аударылады, онда Қазақстанда салық салынудың белгілі бір мәселелеріне қатысты барынша егжей-тегжейлі ақпарат берілген.     

Жоғарыда көрсетілген тұжырым Қазақстанның салық заңнамасына сәйкес салық салу бойынша жалпы нұсқаулық ретінде ұсынылып отыр және салықтық немесе заңды анықтама болып табылмайды. Салық салу позициясына күмәнданатын немесе толық ақпаратты талап ететін кез келген ұстаушылар өздерінің кәсіби салық консультанттарынан консультация алуға тиіс.   

  1. 6.              2 АКТЖЖ және Биржалық тізімнен алып тастау  

2018 жылдың 23 қаңтарында Компания ЛҚБ-да Ресми тізімнен және саудадан ЖДҚ-ны алып тастауды бекіту үшін 2018 жылдың 12 наурызында акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын («2 АКТЖЖ») шақыру туралы, сондай-ақ Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне Қарапайым акциялар мен ЖДҚ-ны қабылдауды тоқтату туралы және Жарғыға кейбір түзетілерді бекіту туралы хабарлады. Тендерлік ұсыныс туралы хабарландыруда көрсетілгендей, 2 АКТЖЖ-да ұсынылатын қарарлардың пайдасына дауыс беру жөніндегі ҚМГ ҰК-ның кері қайтарылмайтын міндеттеменің күшіне байланысты 2 АКТЖЖ-да ұсынылатын қарарлар бекітіледі және, тиісінше, Биржалық тізімнен алып тасталынады.   

2 АКТЖЖ-да қарарлар қабылданып, Акциялар туралы ұсыныс жабылғаннан кейін ҚМГ БӨ ЛҚБ мен Қазақстан қор биржасының биржалық тізімдерінен алып тастауға өтінім береді.

2018 жылдың 11 сәуірінде Компания Қазақстан Қор биржасының Листинг комитеті Қазақстан қор биржасының биржалық тізімінен алып тастауды бекітуі үшін биржалық тізімнен Қарапайым акциялар мен ЖДҚ-ны алып тастауға өтінім жолдайтын болады. Осы күні немесе 2018 жылдың 11 сәуірінен кейін Компания Қазақстан қор биржасының биржалық тізімінен алып тастау күні күшіне енетін, ЛҚБ-да Ресми тізімге және баға белгілеуге ЖДҚ-ны қабылдауды болдырмауға өтінім жолдайды, бұл шамамен 20 жұмыс күнінен кейін жоспарланады. Осы хабарламалардың мерзімдері аяқталғаннан кейін Өзара қарым-қатынастар туралы шарттың қолданылуы дереу тоқтатылады.

Биржалық тізімнен алып тастау нәтижесінде Тендерлік ұсыныс бойынша берілмеген ЖДҚ-ның және Акциялар туралы ұсыныс бойынша сатуға ұсынылмаған Қарапайым акциялардың өтімділігі мен нарықтық табыстылығы едәуір төмендейтін болады.

  1. 7.              Жабылудың соңғы датасы және Тендерлік ұсынысты қабылдамаған ЖДҚ ұстаушылары қабылдауға тиісті шаралар

Өзінің шарттарына сәйкес, Тендерлік ұсыныс қабылдау үшін 2018 жылдың 8 наурызында сағат 15.00-ге дейін (Лондон уақыты бойынша) ашық болып қала береді, бұл Жабылудың соңғы датасы және осы дата бұдан кейінгі күндерге ауыстырылмайды.  

Директорлар, соның ішінде Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелері ЖДҚ-ның Білікті ұстаушыларына Тендерлік ұсынысты бірауыздан қабылдауды ұсынады.

Тендерлік ұсынысты қабылдамаған ЖДҚ ұстаушыларына өздерінің ЖДҚ-рын тендерге жедел қоюға түбегейлі ұсынылады.

ЖДҚ-ға Тендерлік ұсыныс туралы және ұсынылып отырған биржалық тізімнен ЖДҚ-ны алып тастау туралы бұдан кейінгі ақпаратты https://www.kmgep.kz/eng/investor_relations/tender_offer/ сілтемесі арқылы орналасқан Тендерлік ұсыныс туралы құжаттан немесе +44 371 664 0321 нөмері бойынша Link Asset Services-ке хабарласып алуға болады. 

  1. 8.              Акциялар туралы ұсыныстың жабылуы  

Акциялар туралы ұсыныс 2018 жылдың 12 наурызында аяқталады және ұзартылмайды.

Акциялар туралы ұсынысты қабылдамаған акционерлерге өздерінің Қарапайым акцияларын сатылымға жедел қоюға түбегейлі ұсынылады.

Тиісті Еркін саудалар үшін өтінімдерді қабылдаудың бастапқы және соңғы кезеңдерін қоса алғанда, Акциялар туралы ұсыныстың параметрлері Қазақстан қор биржасындағы хабарландыруларда жарияланған http://old.kase.kz/news/show/1361923.

Баспасөз хабарламаларына қатысты сұрақтар бойынша:

Толық ақпарат алу үшін мына мекенжайларға хабарласыңыз:

ҚМГ БӨ. Инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 7979)
Эл. пошта: ir@kmgep.kz

ҚМГ БӨ. Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 7979)
Бакдәулет Төлеген
Эл. пошта: pr@kmgep.kz

Finsbury (+44 (0)20 7251 3801)
Дороти Беруэлл
Эл. пошта: KMGEP@finsbury.com

Дойче Банк Траст Компани Америкас (+1 212 250 1305)
Дойва Брукс
Эл. пошта: duewa.t.brooks@db.com   

 

Редакторлар үшін ескерту

ҚМГ БӨ 2017 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық мұнай өндірушілердің үздік үштігіне кіреді. Жалпы өндіру 2017 жылы Компанияның Қазгермұнай, CCEL мен PKI-дегі үлесін қосқанда, 11,9 млн. тонна шикі мұнайды құрады (тәулігіне 240 мың баррель). Компанияның дәлелденген және ықтимал қорларының көлемі тәуелді компаниялардың үлесін шегергенде 2016 жылдың соңында 182 млн. тоннаны (1 327 млн. баррель) құрады. Компания акциялары Қазақстан қор биржасында, ал ЖДҚ-лары Лондон қор биржасы мен Қазақстан қор биржасында айналымға шығарылған. 2006 жылы қыркүйекте ІРО-дан Компания 2 млрд-тан астам АҚШ долларын тартты.

Маңызды ескертулер

Осы хабарландыру инсайдерлік ақпаратты қамтиды.

Осы хабарландырудағы ақпаратты Біріккен корольдіктен, АҚШ пен Қазақстаннан басқа барлық юрисдикцияда ашып көрсетуге, жария етуге не таратуға тиісті юрисдикция заңдарымен тыйым салынуы мүмкін, сондықтан осы хабарландыру жеткен тұлғалар осыған ұқсас шектеулердің барын нақтылап алып, оларды сақтауы тиіс. Бұл шектеулерді сақтамау тиісті юрисдикциялардың бағалы қағаздарға қатысты заңдарын бұзу болып табылады. Осы хабарландыру акцияларды сату, шығару, сатып алу немесе мұндай ұсыныс заңсыз болып табылатын қандай да бір юрисдикцияда қандай да бір акцияларға қол қою ұсынысына жатпайды.

Біріккен корольдік аумағындағы қызметіне ПҚҚ рұқсат берген және оны ПҚҚ мен ҚРББ реттейтін J.P. Morgan компаниясы осы хабарландыруда аталған мәселелерге байланысты жалғыз ҚМГ БӨ үшін ғана қаржылық консультант рөлін атқарады, осы хабарландыруда аталған мәселелер бойынша клиент ретінде одан басқа ешкімді қарастырмайды және ҚМГ БӨ-ден басқаның алдында J.P. Morgan компаниясы мен оның үлестес тұлғаларының клиенттеріне қолжетімді қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ осы хабарландыруда аталған мәселелер бойынша қандай да бір консультация бергені үшін жауапкершілік алмайды.  

Біріккен корольдік аумағындағы қызметіне ҚРББ рұқсат берген Rothschild компаниясы Тендерлік ұсыныспен байланысты жалғыз Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелері үшін ғана қаржылық консультант рөлін атқарады, осы құжатта аталған мәселелер бойынша клиент ретінде одан басқа ешкімді қарастырмайды және Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелерінен басқаның алдында Rothschild компаниясының клиенттеріне қолжетімді қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ осы хабарландыруда аталған мәселелер бойынша қандай да бір консультация бергені үшін жауапкершілік алмайды.

HSBC-ге ПҚҚ уәкілеттік берген және Біріккен Корольдіктегі оның қызметін ҚРББ және ПҚҚ реттейді. HSBC Тендерлік ұсыныспен байланысты тек директорлар кеңесінің тәуелсіз жұмысшылары үшін ғана қаржылық кеңесші ретінде қызмет етеді, осы хабарландыруда аталған мәселелер бойынша клиент ретінде басқа ешкімді қарастырмайды, HSBC клиенттеріне ұсынылатын қорғаныспен қамтамасыз ету немесе Тендерлік ұсынысқа не осы хабарландыруда аталған басқа да мәселелерге қатысты консультация бергені үшін Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелерінен және Компаниядан басқа ешкімнің алдында жауапты болмайды.

Осы хабарландыруда баяндалғаннан басқа, қандай да мәліметтерді ұсынуға не қандай да бір мәлімдемелерді жасауға ешкімнің ресми рұқсаты жоқ; кез келген мұндай мәліметтер мен мәлімдемелерге ресми деп қараудың қажеті жоқ. Осы хабарландыруды ұсыну қандай жағдай болмасын, Компанияның қызметінде күні көрсетілген ешқандай өзгерістер болмағанын білдірмейді, ал мұндай келтірілген ақпарат болашақта қандай да бір күндегі жағдай бойынша жарамды.

АҚШ-тағы Бағалы қағаз ұстаушыларға арналған ескерту

Тендерлік ұсыныс жария ету туралы талаптардың және АҚШ-тың Бағалы қағаздар саудасы туралы Заңының 14D ережесінде көзделген басқа да рәсімдік талаптардың қолданысына ұшырамайды. АҚШ-та Тендерлік ұсыныс АҚШ-тың Бағалы қағаздар саудасы туралы Заңының 14Е ережесінің талаптарына сәйкес олар қолданылатын шамасына қарай жасалады. АҚШ-тың Бағалы қағаздар саудасы туралы Заңының 14Е ережесінің белгілі бір тармақтары АҚШ-тың Бағалы қағаздар саудасы туралы Заңының 14d-1(c) қағидасына сәйкес Тендерлік ұсынысқа қолданылмайды. АҚШ-тағы ЖДҚ ұстаушыларына ЖДҚ-ның АҚШ қор биржаларында айналымдағы бағалы қағаздардың тізіміне қосылмағанына және ҚМГ БӨ компаниясы АҚШ-тың Бағалы қағаздар саудасы туралы заңының жүйелі есептілігіне қойылатын талаптардың ықпалына ұшырамайтынына, осыған байланысты аталмыш заңға сәйкес АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясына қандай да бір есептерді беруге міндетті емес екеніне және бермейтініне назар аудару қажет.

Осы хабарландыру АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясының немесе АҚШ-тың штат деңгейіндегі бағалы қағаздар бойынша қандай да бір комиссиясының не оң, не теріс, не қандай да бір басқа ұсынымын алған жоқ, сонымен қатар бұл органдар ондағы ақпараттың дәлдігін не сенімділігін растаған жоқ. Кері жағдайға қатысты кез келген тұжырымдар АҚШ заңдары бойынша қылмыстық іс болып табылады.

Болжамды сипаттағы тұжырымдар

Осы хабарландыру, оның ішінде оған сілтеме бойынша қосылған ақпарат ҚМГ БӨ компаниясының, ҚМГ БӨ Тобының, ҚМГ ҰК-ның және оларға қатысты тәуекелдер мен белгісіздік барларының Тендерлік ұсынысына қатысты «болжамды сипаттағы тұжырымдар» болып табылатын не олар ретінде саналуы мүмкін тұжырымдарды қамтиды. Мұндай болжамды сипаттағы тұжырымдардың белгілеріне тиісті терминдерді, оның ішінде, өзгесінен басқа, «есептейді», «бағалайды», «күтеді», «болжайды», «жоспарлайды», «істей алады», «ниет етеді», «болады», «қажет» сөздерін, олардың теріс және өзге де грамматикалық формалары мен балама сөздерін пайдалану, сондай-ақ стратегияларға, жоспарларға, мақсаттарға, міндеттерге, болашақтағы жайттарға не ниеттерге қатысты пайымдар жатады. Болжамды сипаттағы бұл тұжырымдар тарихи фактіге жатпайтын барлық мәселелерді қамтиды. Олар Компанияның ниеттеріне, ағымдағы болжалдар туралы ұсыныстар мен мәлімдемелерге, сонымен қатар Компания қызметінің нәтижелеріне, қаржылық жай-күйіне, өтімділігіне, перспективаларына, дамуына, әлеуетті сатып алуына, стратегияларына, сондай-ақ Компания өз қызметін жүргізетін салаларға қатысты тұжырымдарды қамтиды, бірақ олармен шектеліп қалмайды. Болжамды сипаттағы тұжырымдардың мәнісі тәуекелдер мен белгісіздіктің болуын білдіреді, өйткені олар болашақта орын алуы не орын алмауы мүмкін жайттармен және жағдайлармен байланысты. Болжамды сипаттағы тұжырымдар Компания қызметінің, оның қаржылық жай-күйінің не өтімділігінің қандай да болашақ көрсеткіштеріне не нәтижелеріне кепілдік бермейді, ал елдегі және Компания өз қызметін жүргізетін салалардағы өзгерістер осы хабарландырудағы болжамды сипаттағы пайымдарда қамтылған болжамдардан айтарлықтай өзгешеленуі мүмкін. Болашақта қандай да бір жайт болса, жаңа ақпарат алған жағдайда не өзге міндеттемелердің салдарынан Компания болжамды сипаттағы тұжырымдарға не осы хабарландыруда қамтылған салалар туралы мәліметтерге қандай да бір өзгерістер не түзетулер енгізуді жоспарламайды және міндеттенбейді. Компания ешқандай мәлімдемелер не болжамдар жасамайды және болжамды сипаттағы ұқсас тұжырымдарда болжанған нәтижелерге жету міндетіне қатысты ешқандай кепілдік бермейді.

 

Компанияның ЖДҚ-ны сатып алу туралы тендерлік ұсынысы және Компанияның Қарапайым акцияларды сатып алуға ұсынысы бойынша алғашқы есеп айырысудың аяқталуы (277 Кб) Көшіріп алу
Наверх