Баспасөз хабарламалары

24 қаңтар, 2018

ҚМГ БӨ АКТЖЖ өтетіні туралы хабарлайды

Астана, 24 қаңтар 2018 ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») 2018 жылдың 12 наурызында Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы (АКТЖЖ) төменде көрсетілген күн тәртібімен өтетіні туралы хабарлайды.

  1. Лондон қор биржасының (London Stock Exchange) ресми тізімінен Компанияның жаһандық депозитарлық қолхаттарын тұрақты алып тастау (еркін делистинг) туралы;
  1. Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінен Компанияның жай акцияларын және жаһандық депозитарлық қолхаттарын тұрақты алып тастау (еркін делистинг) туралы;
  1. Компанияның Жарғысын жаңа редакцияда бекіту туралы.

Алдағы болатын АКТЖЖ бойынша материалдар жиналыс өткізу датасына дейін кемінде 10 күн бұрын ҚМГ БӨ сайтында  орналастырылады.

АНЫҚТАМА

ҚМГ БӨ 2016  жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстан көшбасшылардың үштігіне кіреді. 2016 жылы компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК» ЖШС, CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 12,2 млн. тоннаны (тәулігіне 245 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ бірлескен кәсіпорындардағы үлесін есептегенде,  2016 жылдың соңындағы жағдай бойынша дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 182 млн. тоннаны (1 327 млн. баррель) құрады. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылғы қыркүйекте ІРО кезінде Компания 2 млрд. астам АҚШ долларын тартты.

Байланыстық ақпарат
«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 7979)
Сәкен Шошанов
e-mail: ir@kmgep.kz

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 7979)
Бақдәулет Төлеген
e-mail: pr@kmgep.kz

Finsbury (+44 (0)20 7251 3801)
Dorothy Burwell
e-mail: KMGEP@finsbury.com

Болашаққа қатысты мәлімдеме
Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр», «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.

ҚМГ БӨ АКТЖЖ өтетіні туралы хабарлайды (257 Кб) Көшіріп алу
Наверх