Баспасөз хабарламалары

23 қаңтар, 2018

Компанияның Тендерлік ұсынысына және Акциялар туралы ұсынысына қатысты    ҚМГ БӨ-нің Тәуелсіз Атқарушы Емес Директорларының («ТАЕД») мәлімдемесі

МҰНДАЙ ІС-ӘРЕКЕТТЕР СОЛ ЮРИСДИКЦИЯНЫҢ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН ЮРИСДИКЦИЯДА НЕМЕСЕ ЮРИСДИКЦИЯЛАРДАН, ТОЛЫҚ НЕМЕСЕ ІШІНАРА АШУҒА, ЖАРИЯЛАУҒА НЕМЕСЕ ТАРАТУҒА ЖАТПАЙДЫ

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ» немесе «Компания»)

Компанияның Тендерлік ұсынысына және Акциялар туралы ұсынысына қатысты   

                                                                                                                               ҚМГ БӨ-нің Тәуелсіз Атқарушы Емес Директорларының («ТАЕД») мәлімдемесі        

ТАЕД 22 қаңтарда 1 АКТЖЖ-ге қарауға шығарылған қарарды қабылдауға дауыстардың 89,5 пайызы берілгенін растайтын, Компанияның бүгін берілген хабарландыруы («Компанияның хабарландыруы») Тендерлік ұсынысты ұзартуға септігін тигізгенін атап өтті. 

Бұдан басқа, Қабылдау шарттары қанағаттандырылды және Тендерлік ұсыныс барлық қатынастарда сөзсіз деп жарияланды, сонымен қатар Жабылудың бірінші датасында 2018 жылдың 22 қаңтарында ҚМГ БӨ 119 741 576 ЖДҚ-ға қатысты қабылдау туралы  тиісінше ресімделген хабарламалар алды, бұл бір ЖДҚ үшін 14 АҚШ доллары бағасымен айналымдағы ЖДҚ-ның шамамен 87 пайызын құрайды. Өзінің шарттарына сәйкес, Тендерлік ұсыныс қабылдау үшін 2018 жылдың 8 наурызы күні сағат 15:00-ге дейін (Лондон уақыты бойынша) ашық болады, бұл Жабылудың соңғы датасы.

Осылайша, Компания Қазақстан қор биржасында өзінің барлық Қарапайым акцияларын сатып алу туралы Ұсынысын іске қосты және 2017 жылдың 8 желтоқсанындағы Тендерлік ұсыныстың Циркулярына («Тендерлік ұсыныстың құжаты») сәйкес  Компанияның ЖДҚ-сын Лондон қор биржасының Ресми тізімінен және саудадан алып тастауды, сондай-ақ Қарапайым акцияларды Қазақстан қор биржасының Ресми тізіміне қабылдауды тоқтатуды бекіту үшін 2018 жылдың 12 наурызына 2 АКТЖЖ шақырды.  

Есеп айырысудың бірінші датасында Тендерлік ұсыныс бойынша есеп айырысудан кейін ҚМГ ҰК-ға ҚМГ БӨ-дегі дауыс беру құқығының 75 %-нан астамы тиесілі болады. Тиісінше, ЖДҚ-ны Лондон қор биржасында Ресми тізімнен және саудадан алып тастау, сондай-ақ Қазақстан қор биржасынан Қарапайым акциялардың делистингі бекітіледі. Алып тастау мен делистинг 2018 жылдың 11 мамыр күні (Компанияның хабарландыруындағы қайта қаралған күтілетін кестесінде көрсетілгендей) жүргізіледі деп күтіледі.

Тиісінше, 2018 жылдың 8 наурызына дейінгі тиісті мерзім ішінде (ҚҚБ-да Тендерлік ұсыныс үшін 13:00-ге дейін (Лондон уақыты бойынша), ал биржадан тыс Тендерлік ұсыныс үшін 15:00-ге дейін (Лондон уақыты бойынша)) Тендерлік ұсынысқа қатыспаған ЖДҚ ұстаушылары және 2018 жылдың 12 наурызына дейін Акциялар туралы ұсынысты қабылдамаған Қарапайым акциялардың ұстаушылары ҚМГ ҰК бақылайтын жеке меншік компанияда ЖДҚ немесе Қарапайым акциялардың ұстаушылары болып қалады және олардың Тендерлік ұсынысқа немесе Акциялар туралы ұсынысты (қолданылатын болса) қабылдауға ешбір қосымша мүмкіндігі болмайды. Толық ақпарат Тендерлік ұсыныс құжатының І бөлігінің 16-тармағында және ІІІ бөлігінде мазмұндалған.

Делистингтен кейін ЖДҚ және Қарапайым акциялар ұстаушыларының құқықтары едәуір кемиді, өйткені бұрынғыдай Линстинг ережелерінде, Өзара қарым-қатынастар туралы шартында және Жарғыда қарастырылғандай, оларға қорғаныс құралдары қолжетімді болмайды. Бұдан басқа, ЖДҚ-ның өтімділігі, нарықтық табыстылығы және құны едәуір төмендейді және ашық нарықта ЖДҚ-ның жария айналымының құралы енді болмайды. Осылайша, бұл Тендерлік ұсыныс пен Акциялар туралы ұсыныстың қолданылуы аяқталғаннан кейін, пут опционының құқығына сәйкес болуынан басқа,  ЖДҚ және Қарапайым акциялар ұстаушыларының өз ЖДҚ мен Қарапайым акцияларын сату мүмкіндіктеріне де ықпал тигізеді.

Оларға Rothschild және HSBC қаржылық консультанттар ретінде консультация берген ТАЕД Ұсынысты әділ деп санайды және ол жалпы ЖДҚ ұстаушыларының және Қарапайым акциялар ұстаушыларының барынша мүдделігі тұрғысынан жасалды деген пікірді ұстанады. Тиісінше, ТАЕД ЖДҚ ұстаушыларына Тендерлік ұсынысты қабылдауға бірауыздан ұсынады (Тендерлік ұсыныстың ІІ бөлігінде көрсетілгендей) және олар Тендерлік ұсынысты қабылдамаған жағдайларда, оны мейлінше дереу қабылдауға ұсынады.  

Тендерлік ұсынысты және Акциялар туралы ұсынысты қабылдау үшін ашық болатын соңғы даталар – Тендерлік ұсыныс үшін 2018 жылдың 8 наурызы және Акциялар туралы ұсыныс үшін 2018 жылдың 12 наурызы. Тендерлік ұсынысты және Акциялар туралы ұсынысты (қолданылатын болса) қабылдауға ниетті ЖДҚ ұстаушылары мен Қарапайым акциялардың ұстаушылары тиісті мерзімдер ішінде олар өздерінің бағалы қағаздарын ұсынуды және барлық тиісті құжаттарды Алушы агент немесе олардың KASE-брокері алуын қамтамасыз ету үшін барлық шараларды қабылдауға тиіс.  

Клиринг жүйелері (Euroclear, Clearstream және DTC), олардың тиісті қатысушылары мен брокерлері, сондай-ақ олар арқылы ЖДҚ ұстаушылары өз ЖДҚ-рын иемденетін қор нарығының өзге делдалдары ЖДҚ-ға қатысты тендерлік өтінімдерді қабылдаудың жеке күндері мен уақытын белгілейтініне назар аудару қажет, олар 2018 жылдың 8 наурызы күні саған 15:00-ден (Лондон уақыты бойынша) ерте аяқталуы мүмкін.

Хабарландыруда пайдаланған, бірақ анықтамасы берілмеген, бас әріппен жазылған терминдер, егер контекст өзгені қарастырмаса, Тендерлік ұсыныста көрсетілген анықтамаға ие болуы тиіс.  

Келесі хабарландыру қажет болған жағдайда жасалады.

 Баспасөз сауалдары үшін:

Хадсон Сандлер

Эндрю Хейс / Елена Гарсид

+44 (0) 20 7796 4133

 

Компанияның Тендерлік ұсынысына және Акциялар туралы ұсынысына қатысты ҚМГ БӨ-нің Тәуелсіз Атқарушы Емес Директорларының («ТАЕД»)мәлімдемесі (94 Кб) Көшіріп алу
Наверх