Баспасөз хабарламалары

23 қаңтар, 2018

Компанияның ЖДҚ сатып алу туралы Тендерлік ұсынысы барлық қатынастарда сөзсіз деп жарияланады және қарапайым акцияларды сатып алуға Компания ұсынысының хабарламасы

МҰНДАЙ ІС-ӘРЕКЕТТЕР СОЛ ЮРИСДИКЦИЯНЫҢ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ БҰЗУШЫЛЫҚТАРЫ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН ЮРИСДИКЦИЯДА НЕМЕСЕ ЮРИСДИКЦИЯЛАРДАН, ТОЛЫҚ НЕМЕСЕ ІШІНАРА АШУҒА, ЖАРИЯЛАУҒА НЕМЕСЕ ТАРАТУҒА ЖАТПАЙДЫ

 «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ» немесе «Компания»)

Компанияның ЖДҚ сатып алу туралы Тендерлік ұсынысы барлық қатынастарда сөзсіз деп жарияланады
Қарапайым акцияларды сатып алуға Компания ұсынысының хабарламасы

Астана, 23 қаңтар 2018. ҚМГ БӨ өзінің ЖДҚ сатып алу бойынша тендерлік ұсыныстың нәтижелерін жариялайды.

1.            Кіріспе

2017 жылдың 8 желтоқсанында ҚМГ БӨ барлық өзінің шығарылған ЖДҚ-рын бір ЖДҚ үшін 14,00 АҚШ доллары бағасы бойынша сатып алу жөнінде шартты тендерлік ұсыныстың іске қосылғаны туралы хабарлады ("Тендерлік ұсыныс").

2017 жылдың 8 желтоқсанында Компанияның Тендерлік ұсынысының іске қосылғаны туралы хабарламасында анықтамасы берілген терминдер мен сөздер осы хабарламада («Тендерлік ұсыныс туралы хабарлама») дәл сондай мәндерге ие.

Тендерлік ұсынысты қабылдау шарттары мен тәртібі 2017 жылдың 8 желтоқсанында Компания жариялаған және ЖДҚ Ұстаушыларына жіберген тендерлік ұсыныс туралы құжатта («Тендерлік ұсыныс туралы құжат») көрсетіледі.

Тендерлік ұсыныс Тендерлік ұсыныстың төменде көрсетілген шарттары басталған кезде орындалады:

  • Қазақстан қор биржасының Ресми тізіміне ЖДҚ-ның қабылдануы;
  • ҚМГ БӨ-нің 2017 жылдың 30 қарашасында (Тендерлік ұсыныс туралы құжатты жариялауға дейінгі соңғы күн) айналымдағы барлық шығарылған ЖДҚ-ның (Компанияда болған ЖДҚ-ны санамағанда) шамамен 39,4 пайызын және Қарапайым акциялардың (ЖДҚ-мен берілген Қарапайым акцияларды қоса алғанда) шамамен 12,8 пайызын құраған, 53 908 494 ЖДҚ-ға қатысты қабылданған Тендерлік ұсыныстарды тиісінше түрде алуы; және
  • 1 АКТЖЖ-да қарардың қабылдануы.

2017 жылдың 15 желтоқсанында Компания Қазақстан қор биржасының Ресми тізіміне ЖДҚ-ның қабылдануы туралы жариялады.

2.            Акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының («1 АКТЖЖ») нәтижелері

ҚМГ БӨ 2018 жылдың 22 қаңтарында өткен 1 АКТЖЖ-да Акцияларды бағалау әдіснамасын өзгерту туралы қарардың тиісінше қабылданғаны жөнінде хабарлайды. Дауыстардың 89,5 пайызы қарардың қабылдануына «Иә» деп берді, ешбір акционер «Қарсымын» деп дауыс берген жоқ.

3.            Қабылдану деңгейі

2018 жылдың 22 қаңтарында, осы хабарландыруды шығару күніне дейін соңғы Жұмыс күні, сағат 15:00-де (Лондон уақыты бойынша) ҚМГ БӨ 2018 жылдың 15 қаңтарында (осы хабарландыруды жариялау сәтіне дейінгі іс жүзінде ең соңғы қолайлы күн) шығарылған ЖДҚ-ның (Компанияда болған ЖДҚ-ны санамағанда) шамамен 87 пайызын және шығарылған Қарапайым акциялардың (ЖДҚ-мен берілген Қарапайым акцияларды қоса алғанда) шамамен 28 пайызын құрайтын, 119 741 576 ЖДҚ-ға қатысты қабылдау туралы тиісінше ресімделген хабарламаларды алды.

4.            Барлық қатынастарда сөзсіз Тендерлік ұсыныс

ҚМГ БӨ, осылайша, Қабылдау шарты және Тендерлік ұсыныстың қалған барлық Шарттары қанағаттандырылғаны туралы хабарлайды. Осылайша, Компания Тендерлік ұсынысты барлық қатынастарда сөзсіз деп жариялайды.   

 5.            Жабылудың соңғы күні

Өзінің шарттарына сәйкес, Тендерлік ұсыныс қабылдау үшін 2018 жылдың 8 наурызында сағат 15:00-ге дейін (Лондон уақыты бойынша) ашық болады, бұл Жабылудың соңғы күні.

Директорлар, соның ішінде Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелері ЖДҚ-ның Білікті ұстаушыларына Тендерлік ұсынысты бірауыздан қабылдауды ұсынады.

Сондықтан, Тендерлік ұсынысты қабылдамаған ЖДҚ ұстаушыларына өз ЖДҚ-рын тендерге мейлінше жедел қоюға түбегейлі ұсынылады.  

6.            Есеп айырысу

Тендерлік ұсыныс бойынша тиесілі сыйақыны есептеу мынадай тәртіппен орындалатын болады:

6.1       Биржадан тыс негіздегі тендерлік ұсыныс  

ҚМГ БӨ Тендер агентіне Тендерлік ұсыныста көрсетілген, толық тиісті Бағаны АҚШ долларымен төлейді, бұл сомаға төлем көзінен ұсталатын салық және басқа да барлық қолданылатын салықтар мен мемлекеттік алымдар кірмейді:

(а)          2018 жылдың 22 қаңтар күні сағат 15:00-ге дейін (Лондон уақыты бойынша) қабылдау туралы тиісінше ресімделген барлық хабарламалар алынған жағдайда – Есеп айырысудың бірінші күні, яғни 2018 жылдың 19 ақпаны; немесе  

(б)         2018 жылдың 22 қаңтар күні сағат 15:00-ден кейін (Лондон уақыты бойынша), бірақ Тендерлік ұсыныс жабылғанға дейін қабылдау туралы тиісінше ресімделген барлық хабарламалар алынған жағдайда – Есеп айырысудың соңғы күні, яғни 2018 жылдың 5 сәуірі.

6.2         Қазақстан қор биржасындағы тендерлік ұсыныс

Көрсетілген Есеп айырысу күні Қазақстан қор биржасында тиісті ЖДҚ ұстаушылары өз ЖДҚ-рын сатады деген шартпен, Компания Қазақстан қор биржасының тиісті брокерлеріне Тендерлік ұсыныста көрсетілген толық Бағаны төлем көзінен қазақстандық салықты ұстап қалмай, бірақ осы Есеп айырысу күні басқа да барлық қолданылатын салықтар мен мемлекеттік  алымдардың сомасын ұстай отырып, АҚШ долларымен төлейтін болады.

7.           Акциялар туралы ұсыныс  

Компания ҚМГ БӨ-нің Директорлар кеңесі бір Қарапайым акция үшін 84,00 АҚШ доллары бағасымен («Акцияның бағасы»), бірақ Теңгемен төлей отырып, шығарылған немесе шығаруға жататын барлық Қарапайым акцияларды Қазақстан қор биржасында сатып алу ұсынысын («Акциялар туралы ұсыныс») іске қосуды бірауыздан мақұлдағанын хабарлайды. 

Акциялар туралы ұсыныс 2018 жылдың 12 наурызы – аяқталу мерзімімен мүлдем сөзсіз болып табылады. Акциялар туралы ұсыныс ұзартылмайтын болады.

Барлық қабылданған Акциялар туралы ұсыныстар бойынша Компанияның есеп айырысуы мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

(а)          сатуға берілген барлық өтінімдер 2018 жылдың 16 ақпанына дейін алынған жағдайда - Есеп айрысудың бірінші датасы, яғни яғни 2018 жылдың 19 ақпанында; немесе  

(б)         сатуға берілген барлық өтінімдер 2018 жылдың 16 ақпанынан кейін алынған жағдайда – Есеп айырысудың соңғы датасы, яғни 2018 жылдың 5 сәуірінде.

Өтінімдерді қабылдау кезеңдерінің басталуы мен аяқталуын қоса алғанда, Ұсыныстың параметрлері тиісті Ашық сауда-саттықтар үшін Қазақстан қор биржасында келесі берілетін хабарландыруларда жарияланатын болады. 

Компания Есеп айрысудың әрбір күні Қазақстан қор биржасында сатып алатын Қарапайым акциялардың Теңгемен берілген бағасы тиісті Есеп айырысу күні Қазақстан Ұлттық Банкінің веб-сайтында жарияланатын Теңгеге шаққандағы АҚШ долларының ресми айырбастау бағамы бойынша Теңгемен қайта есептелетін болады (үтірден кейінгі екі санға дейін дөңгелектеп беріледі).

8.         2 АКТЖЖ және Биржалық тізімнен алып тастау  

Сондай-ақ, Компания ЛҚБ-да Ресми тізімнен және саудадан ЖДҚ-ны алып тастауды бекіту үшін 2018 жылдың 12 наурызында акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысын («2 АКТЖЖ») шақыру шешімі жөнінде, сондай-ақ Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне Қарапайым акциялар мен ЖДҚ-ны қабылдауды тоқтату туралы және Жарғыға кейбір түзетілерді бекіту туралы хабарлайды.  Тендерлік ұсыныс туралы хабарландыруда көрсетілгендей, 2 АКТЖЖ-да ұсынылатын қарарлардың пайдасына дауыс беру жөніндегі ҚМГ ҰК-ның кері қайтарылмайтын міндеттеменің күшіне байланысты 2 АКТЖЖ-да ұсынылатын қарарлар бекітіледі және, тиісінше, Биржалық тізімнен алып тасталынады.

2 АКТЖЖ-да қарарлар қабылданып, Акциялар туралы ұсыныс жабылғаннан кейін ҚМГ БӨ ЛҚБ мен Қазақстан қор биржасының биржалық тізімдерінен алып тастауға өтінім береді.

Компания Депозитарлық шартты өзгерту туралы және 2 АКТЖЖ-дан кейін туындайтын пут опционына қатысты Құқық туралы хабарламалардың мерзімдері аяқталғаннан кейін ЛҚБ-да Ресми тізімге қабылдауды жоюға және айналымнан шығаруға өтінім жібереді.   

Осы хабарламалардың мерзімдері аяқталғаннан кейін және 2 АКТЖЖ-да биржалық тізімнен алып тастау туралы қарар қабылданған кезде Өзара қарым-қатынастар туралы шарттың қолданылуы дереу тоқтатылады.  

Сондай-ақ, Компания 2 АКТЖЖ-дан кейін туындайтын пут опционына қатысты Құқық кезеңі аяқталған соң, Қазақстан қор биржасының Листинг комитеті Қазақстан қор биржасының биржалық тізімінен алып тастауды бекітуі үшін биржалық тізімнен Қарапайым акциялар мен ЖДҚ-ны алып тастауға өтінім жолдайды.

Биржалық тізімнен алып тастау нәтижесінде Тендерлік ұсыныс бойынша берілмеген ЖДҚ-ның өтімділігі мен нарықтық табыстылығы едәуір төмендейтін болады.

9.         Қайта қаралған күтілетін кесте

Ұсыныстармен байланысты негізгі оқиғалардың қайта қаралған күтілетін кестесі осы хабарландыруға қоса берілген қосымшада мазмұндалған. 

10.       Қажетті іс-әрекеттер

Тендерлік ұсынысты қабылдамаған ЖДҚ ұстаушыларына жедел түрде өз ЖДҚ-рын тендерге жіберуге түбелейлі ұсынылады. 

ЖДҚ-ға Тендерлік ұсыныс туралы және биржалық тізімнен ЖДҚ-ны болжамды алып тастау жөніндегі бұдан кейінгі ақпаратты https://www.kmgep.kz/eng/investor_relations/tender_offer/ сілтемесі бойынша орналастырылған Тендерлік ұсыныс туралы құжаттан немесе +44 371 664 0321 телефон нөміріне хабарласып, Link Asset Services-тен алуға болады.

Баспасөз хабарламаларына қатысты сұрақтар бойынша:

Толық ақпарат алу үшін мына мекенжай бойынша жүгініңіз:

ҚМГ БӨ. Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 7979)
Сәкен Шошанов
Эл. пошта: ir@kmgep.kz

ҚМГ БӨ. Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 7979)
Бакдәулет Төлеген
Эл. пошта: pr@kmgep.kz

Finsbury (+44 (0)20 7251 3801)
Дороти Беруэлл
Эл. пошта: KMGEP@finsbury.com

Дойче Банк Траст Компани Америкас (+1 212 250 1305)
Дойва Брукс
Эл. пошта: duewa.t.brooks@db.com   

Редакторлар үшін ескерту

ҚМГ БӨ 2016 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық мұнай өндірушілердің үздік үштігіне кіреді. Жалпы өндіру 2016 жылы Компанияның Қазгермұнай, CCEL мен PKI-дегі үлесін қосқанда, 12,2 млн. тонна шикі мұнайды құрады (тәулігіне 245 мың баррель). Компанияның дәлелденген және ықтимал қорларының көлемі тәуелді компаниялардың үлесін шегергенде 2016 жылдың соңында 182 млн. тоннаны (1 327 млн. баррель) құрады. Компания акциялары Қазақстан қор биржасында, ал ЖДҚ Лондон қор биржасында айналымға шығарылған. 2006 жылы қыркүйекте ІРО-дан Компания 2 млрд-тан астам АҚШ долларын тартты.

Маңызды ескертулер

Осы хабарландыру инсайдерлік ақпаратты қамтиды.

Осы хабарландырудағы ақпаратты Біріккен корольдіктен, АҚШ пен Қазақстаннан басқа барлық юрисдикцияда ашып көрсетуге, жария етуге не таратуға тиісті юрисдикция заңдарымен тыйым салынуы мүмкін, сондықтан осы хабарландыру жеткен тұлғалар осыған ұқсас шектеулердің барын нақтылап алып, оларды сақтауы тиіс. Бұл шектеулерді сақтамау тиісті юрисдикциялардың бағалы қағаздарға қатысты заңдарын бұзу болып табылады. Осы хабарландыру акцияларды сату, шығару, сатып алу немесе мұндай ұсыныс заңсыз болып табылатын қандай да бір юрисдикцияда қандай да бір акцияларға қол қою ұсынысына жатпайды.

Біріккен корольдік аумағындағы қызметіне ПҚҚ рұқсат берген және оны ПҚҚ мен ҚРББ реттейтін J.P. Morgan компаниясы осы хабарландыруда аталған мәселелерге байланысты жалғыз ҚМГ БӨ үшін ғана қаржылық консультант рөлін атқарады, осы хабарландыруда аталған мәселелер бойынша клиент ретінде одан басқа ешкімді қарастырмайды және ҚМГ БӨ-ден басқаның алдында J.P. Morgan компаниясы мен оның үлестес тұлғаларының клиенттеріне қолжетімді қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ осы хабарландыруда аталған мәселелер бойынша қандай да бір консультация бергені үшін жауапкершілік алмайды.  

Біріккен корольдік аумағындағы қызметіне ҚРББ рұқсат берген Rothschild компаниясы Тендерлік ұсыныспен байланысты жалғыз Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелері үшін ғана қаржылық консультант рөлін атқарады, осы құжатта аталған мәселелер бойынша клиент ретінде одан басқа ешкімді қарастырмайды және Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелерінен басқаның алдында Rothschild компаниясының клиенттеріне қолжетімді қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ осы хабарландыруда аталған мәселелер бойынша қандай да бір консультация бергені үшін жауапкершілік алмайды.

HSBC-ге ПҚҚ уәкілеттік берген және Біріккен Корольдіктегі оның қызметін ҚРББ және ПҚҚ реттейді. HSBC Тендерлік ұсыныспен байланысты тек директорлар кеңесінің тәуелсіз жұмысшылары үшін ғана қаржылық кеңесші ретінде қызмет етеді, осы хабарландыруда аталған мәселелер бойынша клиент ретінде басқа ешкімді қарастырмайды, HSBC клиенттеріне ұсынылатын қорғаныспен қамтамасыз ету немесе Тендерлік ұсынысқа не осы хабарландыруда аталған басқа да мәселелерге қатысты консультация бергені үшін Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелерінен және Компаниядан басқа ешкімнің алдында жауапты болмайды.

Осы хабарландыруда баяндалғаннан басқа, қандай да мәліметтерді ұсынуға не қандай да бір мәлімдемелерді жасауға ешкімнің ресми рұқсаты жоқ; кез келген мұндай мәліметтер мен мәлімдемелерге ресми деп қараудың қажеті жоқ. Осы хабарландыруды ұсыну қандай жағдай болмасын, Компанияның қызметінде күні көрсетілген ешқандай өзгерістер болмағанын білдірмейді, ал мұндай келтірілген ақпарат болашақта қандай да бір күндегі жағдай бойынша жарамды

АҚШ-тағы Бағалы қағаз ұстаушыларға арналған ескерту

Тендерлік ұсыныс жария ету туралы талаптардың және АҚШ-тың Бағалы қағаздар саудасы туралы Заңының 14D ережесінде көзделген басқа да рәсімдік талаптардың қолданысына ұшырамайды. АҚШ-та Тендерлік ұсыныс АҚШ-тың Бағалы қағаздар саудасы туралы Заңының 14Е ережесінің талаптарына сәйкес олар қолданылатын шамасына қарай жасалады. АҚШ-тың Бағалы қағаздар саудасы туралы Заңының 14Е ережесінің белгілі бір тармақтары АҚШ-тың Бағалы қағаздар саудасы туралы Заңының 14d-1(c) қағидасына сәйкес Тендерлік ұсынысқа қолданылмайды. АҚШ-тағы ЖДҚ ұстаушыларына ЖДҚ-ның АҚШ қор биржаларында айналымдағы бағалы қағаздардың тізіміне қосылмағанына және ҚМГ БӨ компаниясы АҚШ-тың Бағалы қағаздар саудасы туралы заңының жүйелі есептілігіне қойылатын талаптардың ықпалына ұшырамайтынына, осыған байланысты аталмыш заңға сәйкес АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясына қандай да бір есептерді беруге міндетті емес екеніне және бермейтініне назар аудару қажет.

Осы хабарландыру АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясының немесе АҚШ-тың штат деңгейіндегі бағалы қағаздар бойынша қандай да бір комиссиясының не оң, не теріс, не қандай да бір басқа ұсынымын алған жоқ, сонымен қатар бұл органдар ондағы ақпараттың дәлдігін не сенімділігін растаған жоқ. Кері жағдайға қатысты кез келген тұжырымдар АҚШ заңдары бойынша қылмыстық іс болып табылады.

Болжамды сипаттағы тұжырымдар

Осы хабарландыру, оның ішінде оған сілтеме бойынша қосылған ақпарат ҚМГ БӨ компаниясының, ҚМГ БӨ Тобының, ҚМГ ҰК-ның және оларға қатысты тәуекелдер мен белгісіздік барларының Тендерлік ұсынысына қатысты «болжамды сипаттағы тұжырымдар» болып табылатын не олар ретінде саналуы мүмкін тұжырымдарды қамтиды. Мұндай болжамды сипаттағы тұжырымдардың белгілеріне тиісті терминдерді, оның ішінде, өзгесінен басқа, «есептейді», «бағалайды», «күтеді», «болжайды», «жоспарлайды», «істей алады», «ниет етеді», «болады», «қажет» сөздерін, олардың теріс және өзге де грамматикалық формалары мен балама сөздерін пайдалану, сондай-ақ стратегияларға, жоспарларға, мақсаттарға, міндеттерге, болашақтағы жайттарға не ниеттерге қатысты пайымдар жатады. Болжамды сипаттағы бұл тұжырымдар тарихи фактіге жатпайтын барлық мәселелерді қамтиды. Олар Компанияның ниеттеріне, ағымдағы болжалдар туралы ұсыныстар мен мәлімдемелерге, сонымен қатар Компания қызметінің нәтижелеріне, қаржылық жай-күйіне, өтімділігіне, перспективаларына, дамуына, әлеуетті сатып алуына, стратегияларына, сондай-ақ Компания өз қызметін жүргізетін салаларға қатысты тұжырымдарды қамтиды, бірақ олармен шектеліп қалмайды. Болжамды сипаттағы тұжырымдардың мәнісі тәуекелдер мен белгісіздіктің болуын білдіреді, өйткені олар болашақта орын алуы не орын алмауы мүмкін жайттармен және жағдайлармен байланысты. Болжамды сипаттағы тұжырымдар Компания қызметінің, оның қаржылық жай-күйінің не өтімділігінің қандай да болашақ көрсеткіштеріне не нәтижелеріне кепілдік бермейді, ал елдегі және Компания өз қызметін жүргізетін салалардағы өзгерістер осы хабарландырудағы болжамды сипаттағы пайымдарда қамтылған болжамдардан айтарлықтай өзгешеленуі мүмкін. Болашақта қандай да бір жайт болса, жаңа ақпарат алған жағдайда не өзге міндеттемелердің салдарынан Компания болжамды сипаттағы тұжырымдарға не осы хабарландыруда қамтылған салалар туралы мәліметтерге қандай да бір өзгерістер не түзетулер енгізуді жоспарламайды және міндеттенбейді. Компания ешқандай мәлімдемелер не болжамдар жасамайды және болжамды сипаттағы ұқсас тұжырымдарда болжанған нәтижелерге жету міндетіне қатысты ешқандай кепілдік бермейді.

 

ҚОСЫМША

НЕГІЗГІ ОҚИҒАЛАРДЫҢ ҚАЙТА ҚАРАЛҒАН КҮТІЛЕТІН КЕСТЕСІ

Келесі кестеде Акциялар туралы ұсыныстың жабылу датасы да, сондай-ақ 2 АКТЖЖ өткізу датасы 2018 жылдың 12 наурызына сәйкес келетіні ескеріліп, Ұсыныстарды іске асырудың қайта қаралған күтілетін мерзімдері сипатталады. Төменде көрсетілген қандай да бір уақыт немесе дата өзгеретін болса, Компания қайта қаралған мерзімдерді және/немесе даталарды Нормативтік ақпарат қызметі арқылы бірден жариялайды.   

 

Тендерлік ұсыныс және Акциялар туралы ұсыныс бойынша Есеп айырысудың бірінші датасы 

2018 жылғы 19 ақпан

SBI құжаттарын жинақтаудың соңғы датасы

2018 жылғы 8 наурыз

Алушы агент Қазақстан қор биржасының Тендерлік формасын алу үшін Соңғы датадағы ақырғы мерзімі

13.00, 2018 жылғы 8 наурыз

Егер Тендерлік ұсыныс барлық қатынастарда сөзсіз болған кезде, ол биржадан тыс негізде қабылдау үшін ашық болса, ақырғы мерзімі мен дата болып табылатын Жабылудың соңғы датасында сағат 15.00-де

15.00, 2018 жылғы 8 наурыз[1]

Депозитарлық шарттағы түзетулерге қатысты хабарлама мерзімінің аяқталуы

2018 жылғы 8 наурыз

Депозитарлық шарттағы түзетулер өз күшіне енеді  

2018 жылғы 9 наурыз

Акциялар туралы ұсынысты қабылдауды алу үшін ақырғы мерзім (яғни, Акциялар туралы ұсыныстың жабылуы)

          2018 жылғы 12 наурыз

Биржалық тізімнен алып тастау және Жарғыға белгілі бір өзгерістерді енгізу туралы 2 АКТЖЖ-дағы шешімдер  

             2018 жылғы 12 наурыз

2 АКТЖЖ-де Биржалық тізімнен алып тастау туралы шешімге қарсы дауыс берген Акционерлер мен ЖДҚ ұстаушыларының және 2 АКТЖЖ-ға қатыспаған Акционерлер мен ЖДҚ ұстаушыларының пут опционына қатысты Құқықты іске асыру кезеңінің басталуы 

2018 жылғы 12 наурыз

Тендерлік ұсыныс және Акциялар туралы ұсыныс бойынша Есеп айырысудың соңғы датасы

2018 жылғы 5 сәуір

2 АКТЖЖ-де Биржалық тізімнен алып тастау туралы шешімге қарсы дауыс берген Акционерлер мен ЖДҚ ұстаушыларының және 2 АКТЖЖ-ға қатыспаған Акционерлер мен ЖДҚ ұстаушыларының пут опционына қатысты Құқықты іске асыру кезеңінің аяқталуы

2018 жылғы 11 сәуір

ЛҚБ-да ЖДҚ-ны Ресми тізімнен алып тастау және сауда-саттыққа рұқсат беруді жою

2018 жылғы 11 мамыр

Қазақстан Қор биржасының биржалық тізімінен Қарапайым акциялар мен ЖДҚ-ны алып тастау  

2018 жылғы 11 мамыр


Уақытқа берілген сілтемелер Лондон уақытына сілтемелер болып табылады (егер өзгесі көрсетілмесе).

[1]Euroclear, Clearstream және ДТК, олардың тиісті қатысушылары мен брокерлері, сондай-ақ олар арқылы ЖДҚ-ға меншік құқығы ресімделген өзге қор делдалдары ЖДҚ-ға қатысты тендерлік өтінімдерді қабылдаудың жеке мерзімдерін белгілейтініне назар аударыңыз, олар Жабылудың соңғы к сағат 15:00-ден ерте аяқталады.

Компанияның ЖДҚ сатып алу туралы Тендерлік ұсынысы барлық қатынастарда сөзсіз деп жарияланады және қарапайым акцияларды сатып алуға Компания ұсынысының хабарламасы (265 Кб) Көшіріп алу
Наверх