Баспасөз хабарламалары

08 желтоқсан, 2017

Компанияның АДҚ-ға қатысты тендерлік ұсынысты іске қосу мен Лондон қор биржасының биржалық тізімінен шығару және Қазақстан қор биржасының биржалық тізімінен шығару туралы хабарландыруы

АШЫП КӨРСЕТУГЕ, ЖАРИЯЛАУҒА НЕ ТАРАТУҒА АРНАЛМАҒАН, ТОЛЫҒЫМЕН НЕ ІШІНАРА, МҰНДАЙ ІС-ӘРЕКЕТТЕР ХҰКІМЕТТЕ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢДАРДЫ БҰЗУШЫЛЫҚ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН ХҰКІМЕТТЕ ЖӘНЕ ХҰКІМЕТТЕН

 «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ» немесе «Компания»)

Компанияның АДҚ-ға қатысты тендерлік ұсынысты іске қосу мен Лондон қор биржасының биржалық тізімінен шығару және Қазақстан қор биржасының биржалық тізімінен шығару туралы хабарландыруы

Астана, 2017 жыл 8 желтоқсан. 2017 жылғы 4 желтоқсанда өзінің АДҚ сатып алу бойынша тендерлік ұсынысты жүзеге асыру ниеті туралы хабарлағаннан кейін, Компания ҚМГ БӨ директорлар кеңесінің бір АДҚ үшін 14,00 АҚШ доллары бағасымен өзінің барлық АДҚ сатып алу бойынша шарттық тендерлік ұсыныстың берілуін бірауыздан мақұлдағанын хабарлайды. Сондай-ақ Компанияның бағалау әдіснамасына жекелеген түзетулерді енгізу мәселесі бойынша дауыс беру үшін директорлар кеңесі акционерледің кезектен тыс жиналысын (1 АКТЖ) шақыруды мақұлдады, ол 2018 жылдың 22 қаңтарында өткізіледі.

ҚМГ БӨ тендерлік өтінімдері лайықты түрде берілген АДҚ жеке капиталы есебінен Тендерлік ұсыныста көрсетілген Бағамен сатып алу арқылы Тендерлік ұсынысты іске асырады. Тендерлік ұсынысты қабылдаған АДҚ білікті ұстаушылар мынадай өтемақы алуға құқылы:

Әрбір АДҚ үшін қолма-қол ақшамен 14.00 АҚШ долл. минус төлем көзінде салынатын салық

Тендерлік ұсыныста көрсетілген Бағада 2017 жылғы 1 желтоқсандағы (Ықтимал ұсыныс туралы хабарландыру күніне дейінгі сауда-саттықтың соңғы күні болып табылатын) жағдай бойынша АДҚ-ның 30 күндік 11.32 АҚШ долл. орташа алынған бағасына қатысты 23.7% мөлшеріндегі сыйлықақы көрсетілген.

Тендерлік ұсыныс барлық АДҚ-ға қолданылады. 2017 жылғы 30 қарашадағы (осы хабарландырудың жариялану сәтіне дейін ең кеш қолайлы дата) жағдай бойынша айналымдағы АДҚ саны 143 655 714 (бұл айналымдағы Жай акциялардың шамамен 32.2%-не сәйкес) болды, оның ішінде 6 670 408 АДҚ Компанияға тиесілі. Осы күндегі жағдай бойынша айналымда болған Жай акциялардың саны 70 220 935 (оның ішінде Жай акциялар, берілген АДҚ), оның ішінде қазынашылықта — 2 793 620.

Тендерлік ұсыныстың шеңберінде ҚМГ БӨ Жай акцияларына қатысты шығарылған барлық капитал (оның ішінде, қазынашылықтағы Жай акциялар мен Компанияның иелігіндегі АДҚ есептемегенде, Жай акциялар, берілген АДҚ) шамамен 5,6 млрд АҚШ доллары мөлшерінде бағаланады.

Тендерлік ұсыныс Тендерлік ұсыныстың шарттары мен осы хабарландыруды жазылған басқа да ережелерге сәйкес жүзеге асырылады. Тендерлік ұсыныстың шарттары мынадай:

•           АДҚ Қазақстандық қор биржасының ресми тізіміне қосылды;

•           ҚМГ БӨ 2017 жылғы 30 қарашадағы жағдай бойынша (осы хабарландырудың жариялану сәтіне дейін ең кеш қолайлы дата) айналымдағы АДҚ-ның шамамен 39,4 %-тін (Компанияның иелігіндегі АДҚ-ны есептемегенде) және айналымдағы Жай акциялардың шамамен 12,8 %-тін (оның ішінде Жай акциялар, берілген АДҚ) білдіретін 53 908 494 АДҚ-ға Тендерлік ұсыныстың шеңберінде лайықты түрде берілген тендерлік өтінімдерді алады; және

•           1 АКТЖ-да қарардың қабылдануы.

2018 жылғы 22 қаңтар болып табылатын Жабудың бірінші күнінде сағат 15.00-де Тендерлік ұсыныстың мерзімі бітеді, бұл ретте, ол сөзсіз болатын немесе Нормативтік-анықтамалық ақпарат қызметі арқылы анонстау арқылы ұзартылатын жағдайлар есептелмейді.

Осылайша, АДҚ ұстаушыларына тендердің шеңберінде өз АДҚ-сын тезірек сату ұсынылады және кез келген жағдайда АДҚ осы күн мен уақыттан кешіктірілмей алынуы тиіс.

Тендерлік ұсыныс барлық қатынастарда сөзсіз болған жағдайда Компания АДҚ Тендерлік ұсынысы секілді экономикалық шарттарда ҚМГ ҰК иелігіне әлі өтпеген өзінің барлық Жай акцияларын сатып алу мақсатында Тендерлік ұсынысты одан әрі жібереді.

Одан кейін Компания Лондондық биржалық тізімінен АДҚ-ны және Қазақстандық биржалық тізімнен Жай акцияларды алып тастауды, сондай-ақ Жарғыға кейбір түзетулерді қарау және, егер орынды болып есептелсе, мақұлдау (Жарғының талаптарына сәйкес) мақсатында 2 АКТЖ өткізу туралы шешім шығарады.

ҚМГ БӨ өзінің негізгі акционері – ҚМГ ҰК-тан Тендерлік ұсынысты және Тендерлік ұсыныстың шеңберінде немесе өзге де түрде өзінің Акциялары мен АДҚ сатпауды қолдаудың шақыртып алынбайтын міндеттемесін алды.

Ұсыныстардың мақсаты – ҚМГ ҰК-ге Компаниядағы бақылауды ұлғайтуға, ал ҚМГ БӨ-ге – Лондондық қор биржасының биржалық тізімінен алып тастау және Қазақстандық қор биржасының биржалық тізімінен алып тастау арқылы өзін жеке компаниялардың қатарына аударуға мүмкіндік беру, бұл ретте АДҚ ұстаушылары мен Жай акциялардың мирноритарлық иелеріне иеліктен шығудың тартымды мүмкіндігін беру.

Директорлар АДҚ білікті ұстаушыларына Тендерлік ұсынысты қабылдауды және олар Тендерлік ұсынысты қабылдамаған жағдайларда 1 АКТЖ-та ұсынылатын шешімді қабылдау үшін дауыс беруді бірауыздан ұсынады.

Бұдан басқа, Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелері АДҚ білікті ұстаушыларына Тендерлік ұсынысты қабылдауды және Тендерлік ұсынысты қабылдамаған жағдайларда 1 АКТЖ-да ұсынылатын қарар үшін дауыс беруді бірауыздан ұсынады. 1 АКТЖ-ға арналған материалдарды жиналысқа дейін 10 күн бұрын ҚМГ БӨ сайтында көруге болады.

Тендерлік ұсыныстың толық шарттары мен ережелерін қамтитын Тендерлік ұсыныс құжаты («Тендерлік ұсыныс құжаты»), сондай-ақ АДҚ ұстаушыларына арналған АДҚ сату туралы нұсқаулықтар АДҚ ұстаушыларына бүгін, кейінірек жіберілетін болады. Тендерлік ұсыныс құжатын да Компанияның http://kmgep.kz/eng/investor_relations/tender_offer адресіндегі веб-сайтында көруге болады.

Хабарландырудың толық мәтініне сәйкес, осы жалпы ақпаратты (сонымен бірге, оның қосымшалары) Тендерлік ұсыныс құжатымен бірге қараған жөн. Егер өзгелері анық белгіленбесе, осы хабарландырудағы барлық мерзімдер Лондон уақытымен көрсетілген. Егер мәнмәтінде өзгелері талап етілмесе, осы хабарландыруға қосымшада қолданылған айқындамалар осы барлық хабарландыруда қолданылады.

The definitions set out in the appendix to this announcement apply throughout this announcement, unless the context requires otherwise:

Баспасөз хабарламасы мәселелері бойынша:

Толығырақ ақпарат алу үшін мына мекенжай бойынша жүгініңіз:

ҚМГ БӨ. Инвесторлармен қатынастар  (+7 7172 97 79 79)

Сәкен Шошанов

Эл. пошта: ir@kmgep.kz

ҚМГ БӨ. Қоғамдық қатынастар  (+7 7172 97 79 79)

Бакдәулет Төлеген

Эл. пошта: pr@kmgep.kz

Finsbury (+44 (0)20 7251 3801)

Дороти Беруэлл

Эл. пошта: KMGEP@finsbury.com

Редакторларға арналған ескертулер

ҚМГ БӨ 2016 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық мұнай өндірушілердің үздік үштігіне кіреді. Жалпы өндіру 2016 жылы Компанияның Қазгермұнайдағы, CCEL мен PKI-дегі үлесін қосқанда, 12,2 млн. тонна шикі мұнайды құрады (тәулігіне 245 мың баррель). Компанияның дәлелденген және ықтимал запастарының көлемі тәуелді компаниялардың үлесін шегергенде 2016 жылдың соңында 182 млн. тоннаны (1 327 млн. баррель) құрады. Компания акцияларының бағасы Қазақстан қор биржасында бағаланады, ал АДҚ бағасы Лондон қор биржасында белгіленеді. 2006 жылы қыркүйекте ІРО-ға компания 2 млрд.-тан астам АҚШ долларын тартқан.

Маңызды ескертулер

Осы хабарландыру инсайдерлік ақпаратты қамтиды.

Осы хабарландырудағы ақпаратты ашып көрсетуге, жария етуге не таратуға Біріккен корольдіктен, АҚШ пен Қазақстаннан басқа барлық юрисдикцияда тиісті юрисдикция заңдарымен тыйым салынуы мүмкін, сондықтан осы хабарландыру жеткен тұлғалар осыған ұқсас шектеулердің барын нақтылап алып, оларды сақтауы тиіс. Бұл шектеулерді сақтамау тиісті юрисдикциялардың бағалы қағаздарға қатысты заңдарын бұзу болып табылады. Осы хабарландыру акцияларды сату, шығару, сатып алу немесе мұндай ұсыныс заңсыз болып табылатын қандай да бір юрисдикцияда қандай да бір акцияларға қол қою ұсынысына жатпайды.

Қызметі Біріккен корольдік аумағында СПН-мен бекітілген және СПН ҚРББ-де реттелетін J.P. Morgan компаниясы осы хабарландыруда аталған мәселелерге байланысты жалғыз ҚМГ БӨ үшін ғана қаржылық консультант рөлін атқарады, осы хабарландыруда аталған мәселелер бойынша клиент ретінде одан басқа ешкімді қарастырмайды және ҚМГ БӨ-ден басқаның алдында J.P. Morgan компаниясы мен оның үлестес тұлғаларының клиенттеріне қолжетімді қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ осы хабарландыруда аталған мәселелер бойынша қандай да бір консультация ұсыну үшін жауапкершілік артпайды.

Қызметі Біріккен корольдік аумағында ҚРББ-мен бекітілген Rothschild компаниясы Тендерлік ұсыныспен байланысты жалғыз Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелері үшін ғана қаржылық консультант рөлін атқарады, осы құжатта аталған мәселелер бойынша клиент ретінде одан басқа ешкімді қарастырмайды және Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелерінен басқаның алдында Rothschild компаниясының клиенттеріне қолжетімді қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ осы хабарландыруда аталған мәселелер бойынша қандай да бір консультация ұсыну үшін жауапкершілік артпайды.

HSBC СПН-мен уәкілеттік берілген және оның қызметі Біріккен Корольдікте УФКР және СПН реттеледі. HSBC Тендерлік ұсыныспен байланысты тек қана директорлар кеңесінің тәуелсіз жұмысшылары үшін қаржылық кеңесші ретінде қызмет етеді, осы хабарландыруда аталған мәселелер бойынша клиент ретінде басқа ешкімді қарастырмайды, HSBC клиенттеріне ұсынылатын қорғаныспен қамтамасыз ету немесе Тендерлік ұсынысқа не осы хабарландыруда аталған басқа да мәселелерге қатысты консультация ұсыну үшін Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелерінен және Компаниядан басқаның алдында жауапты болмайды.

Осы хабарландыруда баяндалғаннан басқа, қандай да мәліметтерді ұсынуға не қандай да бір мәлімдемелерді жасауға ешкімнің ресми рұқсаты жоқ; кез келген мұндай мәліметтер мен мәлімдемелерге ресми деп қараудың қажеті жоқ. Осы хабарландыруды ұсыну қандай жағдай болмасын, Компанияның қызметінде күні көрсетілген ешқандай өзгерістер болмағанын білдірмейді, ал мұндай келтірілген ақпарат болашақта қандай да бір күндегі жағдай бойынша жарамды.

АҚШ-тағы Бағалы қағаз ұстаушыларына арналған ескерту

Тендерлік ұсыныс жария ету туралы талаптардың және Бағалы қағаздар саудасы туралы АҚШ Заңының 14D ережесінде көзделген басқа да рәсімдік талаптардың ықпалына ұшырамайды. АҚШ-та Тендерлік ұсыныс Бағалы қағаздар саудасы туралы АҚШ Заңының 14Е ережесінің талаптарына сәйкес қолданылатын шамасына қарай жасалады. Бағалы қағаздар саудасы туралы АҚШ Заңының 14Е ережесінің белгілі бір тармақтары Бағалы қағаздар саудасы туралы АҚШ Заңының 14d-1(c) қағидасына сәйкес Тендерлік ұсынысқа қолданылмайды. АҚШ-тағы АДҚ ұстаушыларына АДҚ-ның АҚШ қор биржаларында айналыстағы бағалы қағаздардың тізіміне қосылмағанына және ҚМГ БӨ компаниясы Бағалы қағаздар саудасы туралы АҚШ заңының жүйелі есеп-қисабына қойылатын талаптардың ықпалына ұшырамайтынына, осыған байланысты аталмыш заңға сәйкес АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясына қандай да бір есептерді беруге міндетті емес екеніне және бермейтініне назар аудару қажет.

Осы хабарландыру АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясының немесе АҚШ-тың штат деңгейіндегі бағалы қағаздар бойынша қандай да бір комиссиясының не оң, не теріс, не қандай да бір басқа ұсынымын алған жоқ, сонымен қатар бұл органдар ондағы ақпараттың дәлдігін не сенімділігін растаған жоқ. Кері жағдайға қатысты кез келген тұжырымдар АҚШ заңдары бойынша қылмыстық іс болып табылады.

Болжамды сипаттағы тұжырымдар

Осы хабарландыру, оның ішінде оған сілтеме бойынша қосылған ақпарат ҚМГ БӨ компаниясының, ҚМГ БӨ Тобының, ҚМГ ҰК-нің және оларға қатысты тәуекелдер мен белгісіздік барларының Тендерлік ұсынысына қатысты «болжамды сипаттағы тұжырымдар» болып табылатын не олар ретінде саналуы мүмкін тұжырымдарды қамтиды. Мұндай болжамды сипаттағы тұжырымдардың белгілеріне тиісті терминдерді, оның ішінде, өзгесінен басқа, «есептейді», «бағалайды», «күтеді», «болжайды», «жоспарлайды», «істей алады», «ниет етеді», «болады», «қажет» сөздерін, олардың теріс және өзге де грамматикалық формалары мен балама сөздерін пайдалану, сондай-ақ стратегияларға, жоспарларға, мақсаттарға, міндеттерге, болашақтағы жайттарға не ниеттерге қатысты пайымдар жатады. Болжамды сипаттағы бұл тұжырымдар тарихи фактіге жатпайтын барлық мәселелерді қамтиды. Олар Компанияның ниеттеріне, ағымдағы болжалдар туралы ұсыныстар мен мәлімдемелерге, сонымен қатар Компания қызметінің нәтижелеріне, қаржылық жай-күйіне, өтімділігіне, перспективаларына, дамуына, әлеуетті сатып алуына, стратегияларына, сондай-ақ Компания өз қызметін жүргізетін салаларға қатысты тұжырымдарды қамтиды, бірақ олармен шектеліп қалмайды.Болжамды сипаттағы тұжырымдардың мәнісі тәуекелдер мен белгісіздіктің болуын білдіреді, өйткені олар болашақта орын алуы не орын алмауы мүмкін жайттармен және жағдайлармен байланысты. Болжамды сипаттағы тұжырымдар Компания қызметінің, оның қаржылық жай-күйінің не өтімділігінің қандай да болашақ көрсеткіштеріне не нәтижелеріне кепілдік бермейді, ал елдегі және Компания өз қызметін жүргізетін салалардағы өзгерістер осы хабарландырудағы болжамды сипаттағы пайымдарда қамтылған болжамдардан айтарлықтай өзгешеленуі мүмкін. Болашақта қандай да бір жайт болса, жаңа ақпарат алған жағдайда не өзге міндеттемелердің салдарынан Компания болжамды сипаттағы тұжырымдарға не осы хабарландыруда қамтылған салалар туралы мәліметтерге қандай да бір өзгерістер не түзетулер енгізуді жоспарламайды және міндеттенбейді. Компания ешқандай мәлімдемелер не болжамдар жасамайды және болжамды сипаттағы ұқсас тұжырымдарда болжанған нәтижелерге қол жеткізу міндетіне қатысты ешқандай кепілдік бермейді.


 

АШЫП КӨРСЕТУГЕ, ЖАРИЯЛАУҒА НЕ ТАРАТУҒА АРНАЛМАҒАН, ТОЛЫҒЫМЕН НЕ ІШІНАРА, МҰНДАЙ ІС-ӘРЕКЕТТЕР ХҰКІМЕТТЕ ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢДАРДЫ БҰЗУШЫЛЫҚ БОЛЫП ТАБЫЛАТЫН ХҰКІМЕТТЕ ЖӘНЕ ХҰКІМЕТТЕН

 «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ» немесе «Компания»)

Компанияның АДҚ-ға қатысты тендерлік ұсынысты іске қосу мен Лондон қор биржасының биржалық тізімінен шығару және Қазақстан қор биржасының биржалық тізімінен шығару туралы хабарландыруы

Астана, 2017 жыл 8 желтоқсан. 2017 жылғы 4 желтоқсандағы өз АДҚ-ні төлеп алу туралы тендерлік ұсынысты жүзеге асыру ниеті туралы хабарландырудан кейін, Компания өзінің барлық шығарылған АДҚ-сын бір АДҚ үшін 14,00 АҚШ долларымен төлеп алу туралы шартты тендерлік ұсынысты іске қосқаны туралы мәлімдейді.

ҚМГ БӨ өзінің негізгі акционері – Қ МГ ҰК-дан Тендерлік ұсынысты қолдау және Тендерлік ұсыныстың шеңберінде не басқа жолмен өз Акциялары мен АДҚ-сын сатпау жөнінде қайтымсыз міндет алды. 

Ұсыныстардың мақсаты – ҚМГ ҰК-ға Компанияны бақылауын ұлғайтуға, ал ҚМГ БӨ-ге Лондон қор биржасының биржалық тізімінен шығару және Қазақстан қор биржасының биржалық тізімінен шығару арқылы жеке компаниялардың қатарына ауысуға мүмкіндік беру, сонымен қатар АДҚ ұстаушылары мен Кәдімгі акциялардың миноритарлық иелеріне иеліктен шығу жөніндегі ұтымды мүмкіндік ұсыну.

Осы хабарландырудың мақсаты – сіздерге Тендерлік ұсынысты және ЛҚБ биржалық тізімінен шығаруды қоса, Ұсыныстардың алғышарттары мен себептері туралы ақпарат, сондай-ақ Білікті АДҚ ұстаушылары Тендерлік ұсынысқа қатыса алатын рәсім туралы толығырақ мәліметтерді баяндау.

  1. Тендерлік ұсыныс туралы жалпы мәліметтер

Тендерлік ұсыныс биржадан тыс негіздегі Тендерлік ұсыныстан және Қазақстан қор биржасындағы Тендерлік ұсыныстан тұрады.

Тендерлік ұсыныс Euroclear не Clearstream жүйесі арқылы немесе ДСК арқылы қабылданып, іске асырылуы мүмкін. Бұл ретте, биржадан тыс негіздегі Тендерлік ұсыныстан түскен, тиісті АДҚ Ұстаушысына тиесілі болатын түсімге төлем көзінде Қазақстанның салығы салынуы мүмкін.

Қазақстан қор биржасындағы Тендерлік ұсынысты қабылдау үшін, Қазақстан қор биржасының Тендерлік нысанын [Алушы агентке] жіберу қажет және Қазақстан қор биржасындағы Брокерге Қазақстан қор биржасындағы Еркін сауда жағдайында мәміле арқылы сатуды іске асыру тапсырмасын беру қажет. Қазақстан қор биржасындағы Тендерлік ұсыныстың шеңберінде тиісті АДҚ Ұстаушысына тиесілі пайдаға, оның Қазақстандық Ұстаушы екеніне/еместігіне қарамастан, төлем көзінде Қазақстанның салығы салынбайды.

ҚМГ БӨ Тендерлік ұсынысты тиісінше тендерлік өтінімдер берілген меншікті АДҚ капиталының есебінен Тендерлік ұсыныста көрсетілген Баға бойынша сатып алу арқылы іске асырады. Тендерлік ұсынысты қабылдаған білікті АДҚ ұстаушылары келесі өтемақыны алуға құқылы:

Әрбір АДҚ үшін қолма-қол ақшалай 14.00 АҚШ доллары минус төлем көзіндегі салық

Тендерлік ұсыныста көрсетілген Бағада 2017 жылғы 1 желтоқсанға (Мүмкін болатын ұсыныс туралы хабарланған күнге дейін сауда-саттықтың соңғы күні)11.32 АҚШ доллары мөлшеріндегі АДҚ-нің 30 күндік орташа өлшемді бағасына қатысты 23.7% мөлшерде сыйақы көрсетілген.

Тендерлік ұсыныс барлық АДҚ-ға қолданылады. 2017 жылғы 30 қарашадағы жағдай бойынша (осы хабарландыруды жариялайтын кезге дейінгі іс жүзінде ең жай, тиімді күн) айналымдағы Кәдімгі акциялардың саны 70,220,935-ті құраған (АДҚ ұсынылған Кәдімгі акцияларды қоса алғанда), олардың ішінде қазынашылықта – 2,793,620. Осы күндегі жағдай бойынша айналымдағы АДҚ саны 143,655,714-ті құраған (бұл айналымдағы Кәдімгі акциялардың шамамен 32,2%-ына сәйкес келді), олардың ішінде 6,670,408 АДҚ Компанияға тиесілі.

Тендерлік ұсыныстың шеңберінде ҚМГ БӨ-нің Кәдімгі акцияларына (АДҚ ұсынылған Кәдімгі акцияларды қоса және қазынашылықтың Кәдімгі акциялары мен Компания иелігіндегі АДҚ-ны есептемегенде) қатысты бүкіл шығарылған не шығарылуы тиіс капитал шамамен 5,6 миллиард АҚШ долларымен бағаланады.

Тендерлік ұсыныс Тендерлік ұсыныстың Шарттарына және осы хабарландыруда баяндалған басқа да ережелерге сәйкес жүзеге асырылады. Тендерлік ұсыныстың шарттары мынадай:

  • АДҚ Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне қосылған;
  • ҚМГ БӨ Тендерлік ұсыныстың шеңберінде 53 908 494 АДҚ-ға берілген тендерлік өтінімдерді тиісінше алады, олар 2017 жылғы 30 қарашадағы жағдай бойынша (осы хабарландыруды жариялайтын кезге дейінгі іс жүзінде ең жай, тиімді күн) айналымдағы АДҚ-нің шамамен 39,4%-ын (Компания иелігіндегі АДҚ-ны қоспағанда) және айналымдағы Акциялардың шамамен 12,8%-ын құрайды (АДҚ ұсынылған Кәдімгі акцияларды қоса); және
  • АКЖЖ 1-де қарар қабылдау.

Тендерлік ұсыныстың шартсыз болған немесе Нормативтік-анықтамалық ақпарат қызметі арқылы хабарлау жолымен ұзартылған жағдайларды қоспағанда, Бірінші жабылу күні болып табылатын 2018 жылдың 22 қарашасында сағат 15.00-де мерзімі бітеді. Осылайша, АДҚ ұстаушыларына тендер шеңберінде өз АДҚ-сын мүмкіндігінде тезірек беруге кеңес беріледі және қандай жағдай болмасын АДҚ осы күн мен уақыттан кешіктірмей алынуы тиіс.

Егер Тендерлік ұсыныстың мерзімі ұзартылса, Компания ол Соңғы жабылу күніне дейін қанағаттандырылмаған жағдайда, Қабылдау шартынан бас тарта алады.

Егер Тендерлік ұсыныс барлық қатынастарда шартсыз болса, ол Соңғы жабылу күні болып табылатын 2018 жылдың 8 наурызы күні сағат 15.00-ге дейін қабылдау үшін ашық күйінде қалады.

  1. Ұсыныстардың және Тендерлік ұсыныстың алғышарттары

2.1            Алғышарттар

2006 жылы акцияларды бастапқы орналастырудан (ІРО) кейін алғашқы жылдары Компания әзірлеудің кеш кезеңінде сатып алу және өзінің өндіруші активтерімен шығындарды бақылау арқылы даму стратегиясын сәтті іске асыра білді. ІРО нәтижесінде тартылған қаражат, сондай-ақ Компанияның ҚМГ ҰК-дан ІРО шеңберінде алған құқықтары құрлықтағы маңызды өндіруші активтерді сатып алу үшін пайдаланылды. Бұл активтер Компанияға ресурстық базасын әртараптандыруға және жалпы өндіріс шығындарын азайтуға мүмкіндік берді, сонымен қатар оны дивиденттер түрінде түсіммен қамтамасыз етті. 2011 жылы Компанияның толық меншігіндегі ең ірі кәсіпорнында еңбек қақтығыстары орын алды. Бұл қақтығыстар еңбек тәртібінің және өндіріс көлемінің төмендеуіне, сондай-ақ әлеуметтік шиеленісті азайту мақсатында қосымша жеңілдіктер бөлу есебінен шығындардың жоғарылауына әкелді. ҚМГ ҰК осы қақтығыстарды шешуге айтарлықтай көмек көрсетті.

2011 жылдан бастап осы күнге дейін Компания өндірісті тұрақтандыруға және шығындардың бақылануын қамтамасыз етуге мақсатқа сәйкес бағдарланған. Өкінішке орай, 2014 жылы мұнай бағасының күрт төмендеуі Компанияны одан әрі шығындарын қысқартып, барлау жұмыстарына арналған шығыстар мен капитал шығыстарын, сондай-ақ дивиденттік төлемдерді азайтуға мәжбүр етті. Өндіру көлемін барынша аз мүмкін болатын шығындармен қолдауға ұмтыла отырып, ҚМГ БӨ ҚМГ ҰК-нің қолдауымен Компания үшін қайта өңдеудің ағымдағы схемасынан тұратын жаңа өндірістік желіні құрды, бұл Компанияға ішінара ақшалай қаражаттың оң ағынын сақтап қалуға және тіпті қандай да бір уақыт аралығында ақшалай қаражаттың запастарын біршама ұлғайтуға мүмкіндік берді. Алайда, ҚМГ БӨ негізінен кеніштерді әзірлеудің жай сатысында пайдаланады, ол кеніштерде өндіруді қолдауға арналған шығыстар салыстырмалы түрде жоғары болып қала береді және өндіру деңгейінің төмендеуімен байланысты үдемелі инвестицияларды талап етеді. Сонымен қатар, Компанияның әлеуметтік міндеттемелері өсіп келеді, бұл оның болашақ шығындарды бақылау қабілетін шектейді.

Бұл ретте Компания жаңа табыстар немесе Акционерлерге түрлі акционерлер топтары мен олардың Директорлар кеңесіндегі өкілдерінің келіспеушіліктеріне байланысты дивидендтер төлеу жолымен ақшалай қаражатты қайтару арқылы акционерлік құн жасау үшін өзінің қомақты қолма-қол ақшалай теңгерімін пайдалана алмады.

ҚМГ БӨ мен ҚМГ ҰК компанияларының шаруашылық және операциялық қызметі біршама ұштасып жатыр және бұл жағдай сақталуы әбден мүмкін. ҚМГ ҰК ҚМГ БӨ-ге айтарлықтай көмек көрсетеді, сондай-ақ ҚМГ БӨ тап болатын әлеуметтік және салықтық проблемаларды шешуге көп қатысады.

Қазіргі уақытта ҚМГ ҰК-нің ҚМГ БӨ-ге қатысты құқықтары, АҚ туралы Заңда көзделген құқықтармен салыстырғанда, Өзара қатынастар туралы шарттың талаптарымен шектелген.

2014 жылы ҚМГ ҰК компаниясы Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелерімен ҚМГ БӨ-ге әзірге тиесілі емес Кәдімгі акцияларының мүмкін болатын ұсыныс туралы алдын ала консультациялар жүргізді. Бұл келіссөздер ҚМГ ҰК тарапынан Кәдімгі акциялардың ұсынылуына әкелмеді.

2016 жылы 17 маусымда ҚМГ ҰК компаниясы Өзара қатынастар туралы шартқа және Жарғыға белгілі бір түзетулер енгізу, сондай-ақ Акционерлер мен АДҚ Ұстаушылары үшін Кәдімгі акция үшін 47,28 АҚШ доллары және АДҚ үшін 7,88 АҚШ доллары бағасымен сатып алу (нәтижесінде олар Кәдімгі акция үшін 54,00 АҚШ долларына дейін және АДҚ үшін 9,00 АҚШ долларына дейін ұлғайды) туралы шартты нарықтық ұсыныстардың ережесін бекіту мақсатында Компанияның АКЖЖ-сын шақыртуға арналған негіздемелер баяндалған циркуляр жариялады, біраз АКЖЖ-да 2016 жылы 3 тамызда бұл ұсыныстардан бас тартылды.

ҚМГ БӨ және ҚМГ ҰК, бір жағынан, АДҚ Ұстаушылары мен Компания Акционерлері және, екінші жағынан, ҚМГ ҰК мүдделерінің арасында туындаған қайшылықтар реттеуді талап етеді деген тұжырым жасады. ҚМГ БӨ ҚМГ ҰК-мен тығыз стратегиялық және операциялық қызметтен ұтамын деп болжайды, бұған қоса, Ұсынысты өзінің біршама ақшалай қаражатын өткізудің: өз Акционерлерінің ҚМГ БӨ-ге қатысуын өтеудің тиімді тәсілі ретінде қарастырады.

Сонымен қатар, ҚМГ ҰК мен ҚМГ БӨ компаниялары ҚМГ ҰК-нің ҚМГ БӨ-ні толық операциялық бақылауы қажет деп есептейді, себебі ҚМГ ҰК-де басқа Акционерлерге қарағанда, әлеуметтік міндеттемелер көбірек. ҚМГ ҰК-нің мемлекеттік ұлттық компания ретіндегі мәртебесі одан ҚМГ БӨ-де еңбек құрылысын сақтап қалу үшін қаражат жеткіліксіз болған жағдайда ҚМГ БӨ-ні толық қолдауын талап етуі мүмкін. Осылайша, Ұсыныстардың мақсаты – ҚМГ ҰК-ға Компанияның бақылануын ұлғайтуға, ал ҚМГ БӨ-ге Лондон қор биржасының биржалық тізімінен шығару және Қазақстан қор биржасының биржалық тізімінен шығару арқылы жеке компаниялардың қатарына ауысуға мүмкіндік беру, сонымен қатар АДҚ ұстаушылары мен Кәдімгі акциялардың миноритарлық иелеріне иеліктен шығу жөніндегі ұтымды мүмкіндікті беру.

2.2            Тендерлік ұсыныстың пайдалары

Тендерлік ұсыныс АДҚ Ұстаушыларын Мүмкін болатын ұсыныс туралы хабарландырудың алдындағы күнге арналған нарықтық бағаға қатысты тартымды сыйақымен олардың үлестерін монеталандыру мүмкіндігімен қамтамасыз етеді.

Соңғы 12 айда АДҚ саудасының орташа тәуліктік көлемі небәрі 2.8 млн. АҚШ долларын құрады, бұл нарықта АДҚ Ұстаушылары үшінші тараптарға сататын бағамен басым болатын көлемді шектейді. Егер Тендерлік ұсыныс шартсыз болса, онда ол барлық АДҚ Ұстаушыларына өз АДҚ-сын тиімді шарттарда өткізуге мүмкіндік береді.

Акциялар туралы ұсыныс ұсынылса, бұл да барлық Акционерлерге Кәдімгі акцияларының пакеттерін тиімді шарттарда өткізуге мүмкіндік береді.

  1. Ұсыныстар

3.1            Жалпы мәліметтер

Ұсыныстар мынадай құрамдастардан тұрады:

(a)             Тендерлік ұсыныс;

(b)             АДҚ-ны Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне енгізуге өтінім беру;

(c)             Ұсыныстарға байланысты, пут опционына қатысты Құқықтардың болуы;

(d)             Акцияларды бағалау әдістемесіне белгілі бір түзетулерді бекіту үшін АКЖЖ 1 шақырту және өткізу;

(e)             Депозитарлық шартқа кейбір түзетулер туралы хабарландыру;

(f)              Акциялар туралы ұсыныстар;

(g)             Компания сатып алған АДҚ мен ҚМГ ҰК-нің Кәдімгі акцияларын АКЖЖ 2-де дауыс берген акциялардың кемінде 75 пайызы пайдалана алатындай етіп, Компанияны қазынашылықта ұстау үшін Тендерлік ұсыныс бойынша сатып алынған АДҚ-ны Кәдімгі акцияларға алмастыру;

(h)             Биржалық тізімнен шығаруды мақұлдау, сондай-ақ Жарғыға белгілі бір түзетулер енгізу үшін АКЖЖ 2 шақырту және өткізу;

(i)              ЛҚБ биржалық тізімінен шығару және Қазақстан қор биржасының биржалық тізімінен шығару; және

(j)              Өзара қатынастар туралы шарттың әрекет етуін тоқтату.

Директорлар кеңесі барлық Ұсыныстарды қабылдаса да, (f)-(i) Ұсыныстары Тендерлік ұсыныстың барлық аспектілерде шартсыз болатынына/болмайтынына байланысты. (і) пут опционына қатысты Құқықтардың болуы (с) Ұсынысы жоғары) немесе АКЖЖ 2-де ұсынылатын Биржалық тізімнен шығару туралы қарарларға қарсы дауыс беру, сондай-ақ (іі) Депозитарлық шартқа өзгерістер енгізу жоғарыдағы (е) Ұсынысын қабылдауға байланысты және екеуі де АКЖЖ-2-де Биржалық тізімнен шығару туралы қарарларды осы қабылдауға байланысты болады.

3.2            Тендерлік ұсынысты және Акциялар туралы ұсынысты бөлудің себептері

Компания ҚМГ БӨ-нің жиынтық дауыс беруші акционерлік капиталындағы ҚМГ ҰК-нің үлесін 75%-ға және одан көп ұлғайту, сол арқылы ҚМГ ҰК-ні Компания өз Ұсыныстарын толық көлемде өткізе алатындай етіп, АКЖЖ 2-де барлық қарарларды қабылдау мүмкіндігімен қамтамасыз ету мақсатында Тендерлік ұсыныстың және Акциялар туралы ұсыныстың шеңберінде (АДҚ ұсынған Кәдімгі акцияларды қоса, бірақ қазынашылықтағы Кәдімгі акцияларды және Компания ұстап тұрған АДҚ-ны қоспағанда) АДҚ мен Кәдімгі акциялардың едәуір мөлшерін иеленуді қалайды (ҚМГ ҰК қайтарымсыз тәртіпте осындай тендерлік ұсыныстарды қабылдамауға келіседі деген шартпен).

ҚМГ БӨ АДҚ мен Кәдімгі акцияларды, олар ҚМГ БӨ-нің жиынтық дауыс беруші акционерлік капиталындағы ҚМГ ҰК-нің үлесін 75%-ға және одан көп ұлғайту үшін жеткілікті болған жағдайда ғана, сатып алуды қалайды. Компания үшін минималды қабылдау шартымен АДҚ Ұстаушыларына және Кәдімгі акциялар иелеріне қатар тендерлік ұсыныстар жасаған жөн. Сонымен бірге, АҚ туралы Заңда көзделген белгілі бір шектеулер ҚМГ БӨ компаниясының Кәдімгі акцияларға қатысты тендерлік ұсыныс жасау мүмкіндіктеріне әсер етеді. Мысалы, Кәдімгі акцияларға қатысты тендерлік ұсыныс үшін минималды қабылдау деңгейін белгілеу мүмкін емес.

Бұған қоса, келісімдердің қажетті мөлшерін алу мақсатында ҚМГ БӨ-нің АДҚ-ға қатысты тендерлік ұсынысты жабу күнін кешірек мерзімге ауыстыруы мүмкін екендігіне қарамастан, Кәдімгі акцияларға қатысты тендерлік ұсыныс үшін де тура солай жүзеге асыруға болмайды. Кәдімгі акциялар ұстаушыларына ұсыныс жасалғаннан кейін оған өзгерістер енгізу мүмкін емес.

Сондай-ақ, АҚ туралы Заңға сәйкес, АДҚ-ға тендерлік ұсыныстың шартсыз болатынына/болмайтынына байланысты Кәдімгі акцияларға, және керісінше, тендерлік ұсыныс жасау мүмкін емес. Осылайша, тіпті Тендерлік ұсыныс келісімдердің талап етілетін деңгейіне жетпейінше, Компанияға Кәдімгі акцияларды төлеп алуға тура келеді, себебі Кәдімгі акциялар бойынша ұсынысты алып тастау мүмкін емес. Тіпті ҚМГ ҰК-ға тиесілі емес Кәдімгі акцияларға қатысты тендерлік ұсыныс толық көлемде қабылданса да, ҚМГ БӨ компаниясына Ұсыныстардың толық көлемде іске асырылуын қамтамасыз ету үшін, қосымша 51 522 354 АДҚ сатып алу қажет болады.

Әуелі Тендерлік ұсынысты өткізуден бастап, одан кейін Тендерлік ұсыныс шартсыз болған жағдайда, Акциялар туралы ұсыныс жасай отырып, ҚМГ БӨ-нің Ұсыныстарды толық көлемде іске асыру үшін қажетті АДҚ мөлшерін сатып алуын қамтамасыз ету қажет. Егер Тендерлік ұсыныс қандай да бір жолмен өзгертілсе не мерзімі ұзартылса, онда Акциялар туралы ұсынысты АДҚ Ұстаушылары мен Кәдімгі акциялар ұстаушылары үшін мүмкіндіктер теңдігін қамтамасыз ете отырып, бірдей шарттармен өзгертуге болады.

Егер Тендерлік ұсыныс шартсыз болмаса не шартсыз деп жарияланбаса, Компанияда АКЖЖ 2 шақырту немесе Акциялар туралы ұсыныс жасау қажеттігі болмайды, аталмыш ұсыныс толық қабылданған жағдайда да ҚМГ БӨ-нің Ұсыныстарын толық көлемде іске асыру үшін жеткіліксіз болады.

3.3            АДҚ-ны Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне және Қазақстан қор биржасындағы Тендерлік ұсынысқа енгізуге өтінім беру

Қазақстанның қолданыстағы салық заңнамасына сәйкес, АДҚ Ұстаушысының биржадан тыс негіздегі Тендерлік ұсыныстан алатын капиталының кез келген өсімі Қазақстанда алынған табыс болып табылады, ол табысқа Қазақстандағы Ұстаушы болып саналатын АДҚ Ұстаушысы Компания үшін жеткілікті дәлел бере алмаған жағдайда, төлем көзінде салық салынады, оны Компания (салық агенті ретінде әрекет ететін) оларды қабылдаған АДҚ Ұстаушыларына тиесілі Тендерлік ұсыныстан түсетін түсімге есептейді. Егер АДҚ Ұстаушысы Компанияға қазақстандық Ұстаушы болып табылатыны жайлы жеткілікті дәлел ұсынбаса, Компания АДҚ сатудан АДҚ Ұстаушысы алған төлем көзінде 20 % мөлшерлеме бойынша салық салуға міндетті (немесе егер қазақстандық емес Ұстаушы (і) салықтық резидент болса не (іі) оның құрамына қосылса, немесе жеңілдікті салық режимі жоқ Елдің азаматы болса, 15%), сондай-ақ АДҚ Ұстаушысына төленетін, Тендерлік ұсыныста көрсетілген бүкіл Бағамен ұсынылған пайдадан төлем көзінде салық Сомасы арқылы тура солай ұстап қалуға міндетті.

Бұл ретте Қазақстан қор биржасының ресми тізіміндегі сату күніне қосылған және Компанияның Қазақстан қор биржасында Еркін сауда жағдайында мәміле жасасу арқылы сатқан АДҚ сатылымынан АДҚ Ұстаушысы алатын кез келген түсімге төлем көзінде салық салынбайды.

Сәйкесінше, Компания Қазақстан қор биржасына АДҚ-ны Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне қосуға өтінім береді және АДҚ Ұстаушылары Қазақстан қор биржасында Еркін сауда жағдайында мәміле жасасу арқылы Компанияға өз АДҚ-ларын сата алу үшін, Қазақстан қор биржасында Тендерлік ұсыныс жасайды. Компания Тендерлік ұсыныста көрсетілген және АДҚ Ұстаушыларына тиесілі жиынтық Бағаға төлем көзінде салық салмайды, олардың АДҚ-лары Қазақстан қор биржасында Еркін сауда жағдайында мәміле жасасу арқылы Тендерлік ұсыныс шеңберінде Компанияға сатылатын болады.

Осылайша, АДҚ Ұстаушыларының:

(a)             биржадан тыс негізде Тендерлік ұсынысты қабылдау және төлем көзінде Қазақстан салығын салу мүмкіндігімен өз АДҚ-ларын сату; немесе

(b)             Қазақстан қор биржасында Тендерлік ұсынысты қабылдау және қазақстандық Ұстаушылар болғанына/болмағанына қарамастан, төлем көзінде Қазақстан салығы салынбастан, өз АДҚ-ларын сату таңдауы болады.

Компания АДҚ Ұстаушылары үшін тендер шеңберінде өз АДҚ-ларын бере алуы үшін және Қазақстан қор биржасында Еркін сауда жағдайында мәміле жасасу арқылы сол АДҚ-ларын Компанияға сатуы үшін, SkyBridgeInvest фирмасында (Қазақстан қор биржасының тіркелген брокері) брокерлік шоттарды ашу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. SBI Қазақстанда брокерлік қызметтер және активтерді басқару қызметтерін көрсететін, сертификатталған компания болып табылады. SBI туралы қосымша мәліметтер Қазақстан Ұлттық банкінің http://www.nationalbank.kz/index.cfm?docid=3030&switch=english&view=organization&id=1188 мекенжайы бойынша веб-сайтында және https://www.sbinvest.kz/?lang=en мекенжайы бойынша SBI веб-сайтында келтірілген.

АДҚ Ұстаушылары Қазақстан қор биржасында тіркелген кез келген брокерден брокерлік шоттарды аша алады, бірақ Қазақстан қор биржасында Тендерлік ұсыныстың шеңберінде SBI арқылы ату комиссиясыз және мәміле жасасуға арналған алымдарсыз жүзеге асырылады.

3.4            Пут опционына қатысты құқықтар

АҚ Туралы Заңға сәйкес, Директорлар кеңесінің Тендерлік ұсынысты іске асыру туралы шешімімен немесе Директорлар кеңесінің ҚМГ ҰК-пен қайтарымсыз міндеттемелерге келу туралы шешімімен келіспейтін немесе АКЖЖ 2-де Биржалық тізімнен шығару жөніндегі қарарларды ұсынуға қарсы дауыс берген немесе аталмыш отырысқа қатыспаған  Акционерлер Компаниядан олардың Акцияларын төлеп алуын талап етуге құқылы.

Бұған қоса, АҚ туралы Заңға сәйкес, Биржалық тізімнен шығару жөніндегі қарарларды ұсынуға қарсы дауыс берген немесе АКЖЖ 2-ге қатысу үшін өз өкілін тағайындамаған АДҚ Ұстаушылары, егер АДҚ Ұстаушысы туралы ақпарат Қазақстанның Орталық бағалы қағаздар депозитарий жүйесінде ашып көрсетілмесе және осы АДҚ-мен ұсынылған Кәдімгі акциялар дауыс беруші акцияларға айналса, Компаниядан олардың АДҚ-ларын төлеп алуын талап етуге құқылы.

Осыған ұқсас, АДҚ Ұстаушылары, Депозитарийлік шарттың шеңберінде тиісті алыптарды төлегеннен кейін, пут опционына қатысты Құқығын пайдалана отырып, тиісті Кәдімгі акцияларды ұсынатын өз АДҚ-ларын тапсыра алады. Егер АДҚ Ұстаушысында тапсыру рәсіміне қатысты қандай да бір сұрақтар туындаса, Депозитарийге хабарласыңыз, DeutscheBankTrustCompanyAmericas, 60 WallStreet, 10005-2836 NewYork, NY, USA, телефон нөмірі: +1 212 250 9100 және электрондық поштасының мекенжайы: adr@db.com.

АКЖЖ 2-ге байланысты, егер АКЖЖ 2 шақыртылса немесе онда Биржалық тізімнен шығару туралы қарар қабылданбаса, пут опционына қатысты Құқықтар туындамайды.

Акционерде не АДҚ Ұстаушысында пут опционына қатысты Құқықты пайдалану үшін тиісті жайт күнінен бастап күнтізбелік 30 күн болады. АҚ туралы Заңда қойылатын белгілі бір шектеулерді ескеретін болсақ (олардың негізгісі қазынашылықта ұсталатын акциялар санына 25 пайыз шектеу болып табылады, 3.8-тармақта көрсетілген), Компания пут опционына қатысты Құқыққа сәйкес осы құқықты пайдаланған күннен бастап күнтізбелік 30 күннің ішінде Акциялар мен АДҚ сатып алуға міндетті. Бұл сатып алу АҚ туралы Заңда баяндалған рәсімге сәйкес, Акцияларды бағалау әдістемесінің негізінде бағаланған бағамен, нақтырақ айтқанда 10 пайыз дисконтпен жүзеге асырылуы тиіс:

(a)             егер Акционер пут опционына қатысты Құқықты пайдаланса – тиісті Акционердің пут опционына қатысты өз Құқығын пайдаланған күнінде Қазақстан қор биржасындағы Кәдімгі акциялардың не Артықшылықты акциялардың орташа өлшемді бағасына;

(b)             егер АДҚ Ұстаушысы пут опционына қатысты Құқықты пайдаланса – тиісті Акционердің пут опционына қатысты өз Құқығын пайдаланған күнінде ЛҚБ-дағы АДҚ-нің орташа өлшемді бағасына.

Пут опционына қатысты Құқықты пайдаланумен байланысты Компанияның төлеп алуына жататын барлық қарама-қарсы қанағаттандыруға, Тендерлік ұсыныс сияқты, төлем көзінде Қазақстан салығы салынады. Кез келген мұндай ақпарат тікелей ҚМГ БӨ-ге берілуі тиіс.

3.5            Акцияларды бағалау әдістемесіне өзгерістер енгізу

Бүгінгі таңда Компания АКЖЖ 1 шақыртты, онда Акционерлер Акцияларды бағалау жөніндегі Өзгерілген әдістемеде көзделген Акцияларды бағалау әдістемесін қарастыруы тиіс және, дұрыс деп саналса, оған өзгерістер қабылдауы тиіс. Артықшылықты акциялардың иелерінде АКЖЖ 1-де дауыс беру құқығы жоқ.

Қазіргі уақытта Акцияларды бағалау әдістемесіне сәйкес, бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығында айналымдағы Акцияларды кез келген ерікті төлеп алуды Компания тиісті кезеңде қолданыстағы нарықтық баға бойынша жүзеге асырады. Акцияларды бағалау жөніндегі Өзгертілген Әдістеме Артықшылықты акцияларды ерікті төлеп алудың және Кәдімгі акциялар мен АДҚ-ны ерікті төлеп алудың арасындағы айырмашылықты қарастырады. Компанияның бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығында айналымдағы Акцияларды кез келген ерікті төлеп алуы тиісті кезеңде қолданыстағы нарықтық баға бойынша жүргізіледі, ал бағалы қағаздардың ұйымдасқан нарығында айналымдағы Кәдімгі акциялар мен АДҚ-ны төлеп алу тиісті кезеңде қолданыстағы нарықтық баға бойынша немесе Кәдімгі акциялар мен АДҚ-ның нарықтық бағасы мен Компания активтерінің құнын, сондай-ақ Компанияның даму жоспарлары мен басқа да факторларын ескере отырып, оның активтеріндегі кез келген өзгерістердің перспективасын ескеретін кез келген баға бойынша жүргізіледі. Аталмыш өзгерістер Акциялар туралы ұсынысты енгізу үшін қажет. Тендерлік ұсыныс АКЖЖ 1-де Акцияларды бағалау жөніндегі Өзгертілген Әдістеменің қабылдануына байланысты болады.

Бұл өзгерістер пут опционына қатысты Құқықтар шеңберінде Компанияның Акциялар мен АДҚ-ны сатып алуына жатпайды.

Тендерлік ұсынысты АКЖЖ 1-ге дейін қабылдайтын АДҚ Ұстаушылары өздеріне АКЖЖ 1-дегі қарардың пайдасына дауыс беру міндетін қайтарымсыз қабылдайды.

3.6            Депозитарийлік шарттағы өзгерістер

Депозитарийлік шарт Компанияның листингте АДҚ-ны сақтап қалу үшін барлық мүмкін болатын шараларды қабылдау міндетін қамтиды. Компанияның АДҚ-ны биржалық тізімнен шығару ниетін ескере келе, Компания Депозитарийлік шартқа одан Өзгертілген Депозитарийлік шартты қабылдай отырып, тиісті міндеттерді алып тастау үшін өзгерістер енгізу туралы Депозитариймен келісіп алады.

3.7            Акциялар туралы ұсыныс

Егер Тендерлік ұсыныс барлық аспектілерде шартсыз болса, Компания әлдеқашан шығарылған не шығаруға жоспарланған барлық Кәдімгі акцияларға қатысты Акциялар туралы ұсыныс жасайды. ҚМГ ҰК өзіне Тендерлік ұсыныс барлық аспектіде қайтарымсыз болған жағдайда, Акциялар туралы ұсыныс жасау жөніндегі қайтарымсыз міндетін қабылдайды.

Акциялар туралы ұсыныс теңге төлемдерімен акциялардың Бағасы бойынша жасалады. Компания әрбір Есептеу күніне Қазақстан қор биржасындағы Кәдімгі акцияларды сатып алуға ұсынатын акциялардың теңгемен бағасы Қазақстан Ұлттық банкі тиісті есептеу Күнінде веб-сайтында жариялаған, АҚШ доллары мен теңгенің айырбас бағамын пайдалана отырып, есептеледі және теңгеге ауыстырылады (үтірден кейін екі таңбаға дейін дөңгелектей отырып).

Акциялар туралы ұсыныс ұсынылса, толығымен шартсыз болса, оны Тендерлік ұсыныс Жабылу (ұзартуды қоса) күніне дейін ашық болғанша қабылдауға болады, бірақ ол ұзақ мерзімге ұзартылмайды және акциялардың Бағасы көбейтілмейді.

3.8            Тендерлік ұсыныс шеңберінде сатып алынған АДҚ-дан бас тарту және оны Кәдімгі акцияларға алмастыру

Егер Тендерлік ұсыныс табысты болса, ҚМГ БӨ уақыт өте келе барлық сатып алған АДҚ-ларын тиісті Кәдімгі акцияларға алмастыруға ниет етеді, ол акциялар артынан қазынашылыққа берілетін болады. Алайда АҚ туралы Заңға сәйкес, қазынада сақталатын, төлеп алынған Акциялардың жалпы саны Компанияның шығарылған акционерлік капиталының 25%-ынан асып кете алмайды, ал олардың жалпы саны 2017 жылғы 30 қарашадағы жағдай бойынша (осы хабарландыруды жариялайтын кезге дейінгі іс жүзінде ең жай, тиімді күн) 18 589 261 дана. 2017 жылғы 30 қарашада (осы хабарландыруды жариялайтын кезге дейінгі іс жүзінде ең жай, тиімді күн) қазынашылықта Компанияның 4 866 767 Акциясы бар, бұл Компания қазынашылыққа тағы 13 722 494 Акция сала алады дегенді білдіреді.

АКЖЖ 2 өткізгенге дейін ҚМГ БӨ АДҚ Ұстаушыларының Тендерлік ұсынысқа қатысу нәтижесінде алынған 53 908 494-ке дейін АДҚ-ны 8 984 749 Кәдімгі акцияға алмастырады. Бұл Кәдімгі акциялар қазынашылықта болады.

Егер олардың барлық Кәдімгі акциялары Кәдімгі акциялар Ұстаушыларынан сатып алынады және АДҚ-ны алып тастау және 8 984 749 Кәдімгі акцияға алмастыру жүзеге асады деп болжайтын болсақ, онда Тендерлік ұсыныс аяқталғаннан кейін Компанияның қазынашылықта 15 242 431 Акциясы болады (бұл Компанияның акционерлік капиталының 20,5%-ын құрайды), сондай-ақ ол қандай да бір Акционерлер не АДҚ Ұстаушылары пут опционына қатысты Құқықты пайдаланған жағдайда қазынашылыққа тағы 3 346 830 Акция қоса алады.

Мұндай АДҚ-ны алып тастағаннан кейін және Кәдімгі акцияларға алмастырғаннан кейін, ҚМГ ҰК үлесі Компанияның жиынтық дауыс беруші акционерлік капиталының кемінде 75 пайызын құрайтын болады (АДҚ ұсынған Кәдімгі акцияларды қоса, бірақ қазынашылықтағы Кәдімгі акцияларды және Компания ұстап тұрған АДҚ-ны қоспағанда).

Қалған АДҚ ҚМГ БӨ-нің меншігінде қалады, ал Өзгертілген Депозитарийлік шарт Компания қазынашылыққа қосымша Кәдімгі акцияларды қоса алғанша және қалған АДҚ-ны Кәдімгі акцияларға алмастырғанша қолданылуын жалғастырады. АҚ туралы Заңдағы тыйымдарды ескеретін болсақ, ҚМГ БӨ-нің сатып алатын барлық АДҚ-ларын тапсыра алатынына кепілдік жоқ.

3.9            Жарғыға өзгерістер енгізу

Тендерлік ұсыныс барлық қатынастарда сөзсіз болады деген шартпен, Компания Акционерлер акцияларды қарастырып, дұрыс деп саналса, (Жарғы талаптарына сәйкес) оларды биржалық тізімнен шығаруды және ЛҚБ биржалық тізімінен шығару күніне күшіне ену үшін Жарғыға белгілі бір түзетулерді бекітуі үшін АКЖЖ 2 шақыртады. Артықшылықты акциялар иелерінің АКЖЖ 2-де дауыс беру құқығы жоқ.

Одан әрі Қазақстан Заңының талаптарына сәйкес келетін және АКЖЖ 2-де ұсынылуы тиіс Жарғыға негізгі түзетулер келтіріледі:

(a)             Компанияның бағалы қағаздарын биржалық тізімнен шығаруды қоса, Жарғыда көрсетілген белгілі бір мәселелер және дауыс беруші Акциялардың жалпы санынан білікті көпшілікпен Жарғыға түзетулер енгізу туралы Акционерлердің шешім қабылдауы үшін дауыстардың қажетті көпшілігін жиналыста пайдаланылған дауыстардың жай көпшілігіне өзгерту;

(b)             Директорлар кеңесі Жарғыда ескерілген белгілі бір мәселелер туралы шешімді қабылдайды деген талапты тиісті жиналысқа қатысқан Директор дауысының көпшілігінен (Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелері дауыстарының көпшілігін қоса алғанда) жиналысқа қатысқан Директорлар дауысының жай көпшілігіне өзгерту;

(c)             Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелерінің Компания есебінен ұсынымдар құрастыру үшін кәсіби консультанттарды тарту жөніндегі оң айқын құқығын жою (АКЖЖ 2-ге дейін жасалған қандай да шарттарға залал тигізбестен);

(d)             тиісті жиналысқа қатысқан Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелерінің көпшілігімен Директорлар кеңесінің барлық мәжілістерінің күн тәртіптерін бекіту туралы талапты Директорлар мәжілісіне қатысқан барлық қатысушылар дауысының жай көпшілігіне өзгерту; және

(e)             шақыртылған Директорлар кеңесінің тиісінше өткізуіне қажетті кворумға қойылатын талаптарды Директорлардың үштен екісінен жартысына өзгерту; сондай-ақ

(f)              Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелерінің үштен екісі Басқарма отырысына қатысуы жайлы талапты өзгерту.

Жарғының ережелері Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелерінің кемінде 30 пайызы ұсталып қалатынын қарастырады, сондай-ақ Директорлар кеңесінің отырысы үшін кворум туралы ережелер мәмілелерді мүделілікпен қараған кезде мәмілеге мүдделілігі жоқ екі директордың болуын талап етеді.

Жарғыға ұсынылатын түзетулерге қарамастан, ҚМГ БӨ Директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер Биржалық тізімнен шығарғаннан кейін бірден күтілмейді, сондай-ақ Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелеріне сыйлықақы беруге немесе оларды Ұсыныстардың нәтижесінде тағайындау шарттарына қатысты ешқандай өзгерістер енгізілмейді.

3.10          ЛҚБ биржалық тізімінен шығару және Қазақстан қор биржасының биржалық тізімінен шығару

Тендерлік ұсыныс табысты өтіп, АКЖЖ 2-де қажетті қарарлар қабылданып және Акциялар туралы ұсыныстың әрекет ету мерзімі өтіп кеткен жағдайда, ҚМГ БӨ АДҚ-ны Ресми тізімнен шығаруға және оларды ЛҚБ-дағы айналымнан алуға, сонымен қатар Кәдімгі акциялар мен АДҚ-ны Қазақстан қор биржасының ресми тізімінен шығаруға өтінім беруді жоспарлайды. Биржалық тізімдерден шығару АКЖЖ 2 нәтижесінде пайда болатын, пут опционына қатысты соңғы Құқықтың әрекет етуі тоқтағаннан кейін жүзеге асады.

3.11          Өзара қатынастар туралы шарттың әрекетін тоқтату

ЛҚБ биржалық тізімінен шығару Өзара қатынастар туралы Шарт әрекетінің тоқтауына әкеледі.

  1. Артықшылықты акциялар

Артықшылықты акцияларды шығару Кәдімгі акцияларды Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне қосқанға дейін және АДҚ-ны Ресми тізімге қосқанға дейін, сондай-ақ оларды ЛҚБ айналымына жібергенге дейін болады. Артықшылықты акциялар бастапқыда 1990-шы жылдары ҚМГ БӨ-нің бастамашы компанияларының қызметкерлеріне ұсынылған болатын, ал қазір ҚМГ БӨ Тобының қазіргі және бұрынғы қызметкерлеріне тиесілі.

Тарихи тұрғыда көптеген иеленушілер Артықшылықты акцияларды ҚМГ ҰК-нің анағұрлым кең Тобына меншік үлесіне құқық ретінде қарастырып келді. Бұған қоса, Директорлар кеңесі Артықшылықты акцияларды Компанияға иеленушілерге болашақта дивиденттер алып, өзінің Артықшылықты акцияларын мұра бойынша беруге мүмкіндік бере отырып, жұмыс күшін ынталандырудың маңызды нысаны деп есептейді. Тарихи тұрғыда Артықшылықты акциялардың ҚМГ БӨ Тобының өндірістік бөлімшелерінің қызметкерлеріне ұсынылғанын ескере келе, Директорлар кеңесі Компанияның барынша жақсы мүддесі үшін және Компания өңірлерінде әлеуметтік тұрақтылықты сақтау үшін Артықшылықты акциялар сатып алынбайды деп болжайды.

Осы себептер бойынша, сондай-ақ АҚ туралы Заң Компаниядан Артықшылықты акциялар иелеріне қандай да бір Ұсыныстардың салдарынан кері төлеп алу туралы ерікті ұсынысты қолдауын талап етпейтініне байланысты, Компания Артықшылықты акцияларға қатысты осындай ерікті ұсыныс жасауды немесе оларды Қазақстан қор биржасының ресми тізімінен шығаруды жоспарламайды. Бұл ретте, Артықшылықты акциялар иелері қалауына қарай, осы хабарландырудың 3.4-тармағында көрсетілгендей, пут опционына қатысты Құқықтарын пайдалана алады.

  1. Тендерлік ұсыныс

5.1            Тендерлік ұсынысқа шолу

2017 жылғы 30 қарашадағы жағдай бойынша (осы хабарландыруды жариялайтын кезге дейінгі іс жүзінде ең жай, тиімді күн) айналымдағы Кәдімгі акциялардың саны 70,220,935 дананы құраған, олардың ішінде қазынашылықта – 2,793,620, ал айналымдағы АДҚ саны 143,655,714 дананы құраған, олардың ішінде 6,670,408 АДҚ Компанияға тиесілі.

ҚМГ БӨ Тендерлік ұсынысты тиісінше тендерлік өтінім берілген АДҚ-ны Тендерлік ұсыныста көрсетілген Баға бойынша сатып алу арқылы өткізеді.

Тендерлік ұсыныс айналымдағы барлық АДҚ-ға қатысты барлық Білікті АДҚ Ұстаушыларына жасалады. Білікті АДҚ Ұстаушылары теңдер шеңберінде барлық АДҚ-ны, бөлігін беруі мүмкін не ешқандай бөлігін де, өзінде бермеуі мүмкін.

Тендерлік ұсыныстың шеңберінде ҚМГ БӨ компаниясының төлеуі тиіс барлық өтемақы (і) Тендерлік ұсынысты барлық тиісті АДҚ-ға қатысты барлық АДҚ Ұстаушылары қабылдайды және (іі) айналымдағы АДҚ саны 2017 жылы 30 қарашада (осы хабарландыруды жариялайтын кезге дейінгі іс жүзінде ең жай, тиімді күн) өзгермейді деген шартпен 1,92 миллиард АҚШ долларын құрайды. Бұл мөлшер, егер 2017 жылы 30 қарашадан кейін (осы хабарландыруды жариялайтын кезге дейінгі іс жүзінде ең жай, тиімді күн) кейбір АДҚ Кәдімгі акцияларға және/немесе АДҚ-ға алмастырылса және/немесе АДҚ қазынашылықтан Опциондарды орындау салдарынан осындай Опциондардың иелеріне берілсе, өзгеруі мүмкін.

5.2            Тендерлік ұсынысты өткізу жалғастырыла алмайтын жағдайлар

Тендерлік ұсыныс Тендерлік ұсыныстың Шарттарын орындауға және осы хабарландыруда баяндалған басқа да ережелерге сәйкес жасалады. Тендерлік ұсыныстың шарттары мынадай:

  • АДҚ Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне енгізілген;
  • ҚМГ БӨ Тендерлік ұсыныстың шеңберінде 53 908 494 АДҚ-ға тендерлік өтінімдерді тиісінше алады, олар 2017 жылғы 30 қарашадағы жағдай бойынша (осы хабарландыруды жариялайтын кезге дейінгі іс жүзінде ең жай, тиімді күн) айналымдағы АДҚ-ның шамамен 39,4%-ын құрайды (Компания иелігіндегі АДҚ-ны қоспағанда); және
  • АКЖЖ 1-де қарар қабылданады.

Қабылдау шарты Соңғы жабылу күніне дейін қанағаттандырылмаса, Компания одан бас тартуы мүмкін.

  1. Негізгі оқиғалардың ұсынылатын графигі

Төмендегі кестеде Ұсыныстарды іске асырудың болжалды графигі келтірілген. Көрсетілген мерзімдердің бағдарлы екенін және Тендерлік ұсыныс Бірінші жабылу күнінде толығымен шартсыз болмаса және ұзартылмаса, өзгертіле алатынына назар аударыңыз. Бұған қоса, Акциялар туралы ұсыныс және төменде келтірілген барлық кейінгі оқиғалар Тендерлік ұсыныстың барлық аспектіде шартсыз болатынына/болмайтынына байланысты болады. Егер төменде көрсетілген қандай да бір уақыт не күн өзгертілсе, қайта қаралған уақытты және/немесе күнді Компания Нормативтік-анықтамалық ақпарат қызметі арқылы дереу арада жариялайтын болады.

Тендерлік ұсыныс туралы хабарландыру және оның әрекет ету мерзімінің басталуы

8 желтоқсан 2017 ж.[1]

Тендерлік ұсынысты қабылдамайтын Акционерлер үшін пут опционына қатысты Құқықтарды іске асыру кезеңінің басталуы

8 желтоқсан 2017 ж.

Қазақстан қор биржасындағы АДҚ листингі

20 желтоқсан 2017 ж.

Тендерлік ұсыныспен келіспейтін Акционерлер үшін пут опционына қатысты Құқықтарды іске асыру кезеңінің аяқталуы

7 қаңтар 2018 ж.

Акцияларды бағалау әдістемесіне кейбір түзетулерді бекіту үшін АКЖЖ 1

22 қаңтар 2018 ж.

Бірінші жабылу күнінің уақыты, оған дейін Қазақстан қор биржасының барлық Тендерлік нысандарын Алушы агент алуы тиіс.

13.00 22 қаңтар 2018 ж.

Бірінші жабылу күні сағат 15.00 – Тендерлік ұсыныстың Шарттары қанағаттандырыламаса (немесе Қабылдау шарты жағдайында ғана, мұндай шарттан бас тарту) және Компания Тендерлік ұсыныстың әрекет ету мерзімін ұзартпаса Тендерлік ұсыныстың әрекеті тоқтайтын уақыт пен күн.

15.00 22 қаңтар 2018 ж.[2]

Құжаттарды жинаудың бірінші күні

22 қаңтар 2018 ж.

Тендерлік ұсыныстың нәтижелерін хабарлау

23 қаңтар 2018 ж.

Акциялар туралы ұсыныс жөнінде хабарлау

23 қаңтар 2018 ж.

Тендерлік ұсынысты және Акциялар туралы ұсынысты есептеудің бірінші күні

19 ақпан 2018 ж.

SBI құжаттарын жинаудың соңғы күні

8 наурыз 2018 ж.

Қазақстан қор биржасының Тендерлік нысанын Алушы агент алуы тиіс Соңғы жабылу күнінің уақыты

13.00 8 наурыз 2018 ж.

Ақырғы мерзім мен күн болып табылатын Соңғы жабылу күні сағат 15.00, ол кезде Тендерлік ұсыныс барлық қатынастарда шартсыз болса, биржадан тыс негізде Тендерлік ұсыныс қабылдау үшін ашық болады

15.00 8 наурыз 2018 ж.[3]

Депозитарийлік шарттағы өзгерістер туралы хабарлау мерзімінің аяқталуы

8 наурыз 2018 ж.

Акциялар туралы Ұсыныстарды қабылдаудың ақырғы мерзімі (яғни, Акциялар туралы ұсыныстың жабылуы)

9 наурыз 2018 ж.

Биржалық тізімнен шығаруды және Жарғыға кейбір өзгерістерді қабылдауды бекіту үшін АКЖЖ 2

9 наурыз 2018 ж.

Депозитарийлік шартқа енгізілген өзгерістер күшіне енеді

9 наурыз 2018 ж.

АКЖЖ 2-де ұсынылатын Биржалық тізімнен шығару туралы қарарларға қарсы дауыс беретін Акционерлер мен АДҚ Ұстаушылардың және АКЖЖ 2-ге қатыспайтын Акционерлер мен АДҚ Ұстаушылардың  пут опционына қатысты Құқықтарды іске асыру кезеңінің басталуы

9 наурыз 2018 ж.

Тендерлік ұсынысты және Акциялар туралы ұсынысты есептеудің соңғы күні

5 сәуір 2018 ж.

АКЖЖ 2-де ұсынылатын Биржалық тізімнен шығару туралы қарарларға қарсы дауыс беретін Акционерлер мен АДҚ Ұстаушылардың және АКЖЖ 2-ге қатыспайтын Акционерлер мен АДҚ Ұстаушылардың  пут опционына қатысты Құқықтарды іске асыру кезеңінің аяқталуы

8 сәуір 2018 ж.

АДҚ-ны Ресми тізімге жіберуден және ЛҚБ-да баға белгілеуден бас тарту

8 мамыр 2018 ж.

Кәдімгі акциялар мен АДҚ-ны Қазақстан қор биржасының биржалық тізімінен шығару

8 мамыр 2018 ж.

  1. Ағымдағы көрсеткіштер мен перспективалар

7.1            Компания қызметінің ағымдағы көрсеткіштері

2017 жылы 17 қарашада Компания 2017 жылы 30 қыркүйекте аяқталған тоғыз ай үшін шоғырландырылған аралық нәтижелері туралы хабарлады. Хабарландыруда төменде келтірілген қаржылық нәтижелер жарияланды: 

  • Көрсетілген кезеңде түсім алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29%-ға өсіп, 666 млрд. қазақстандық теңгені құрады (2 059 млн АҚШ доллары1). Бұл нәтиже ең алдымен Brent маркасы мұнайының бағасының 24 пайыздық жоғарылауымен, экспорттық сатылымдар үлесінің ұлғаюымен және 2016 жылы сәуірде қайта өңдеудің жаңа схемасына өтумен түсіндіріледі, бұл ішінара теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа айырбас бағамының 6 пайыздық төмендеуімен өтелді;
  • Кезең үшін таза пайда  2016 жылғы сәйкес кезеңдегі 76 млрд. қазақстандық теңгемен (220 млн. АҚШ доллары) салыстырғанда 168 млрд. қазақстандық теңгені құрады (521 млн. АҚШ доллары). Операциялық қызметтен түскен таза ақшалай түсімдердің көлемі 2016 жылғы сәйкес кезеңдегі 108 млрд. қазақстандық теңгемен (314 млн АҚШ доллары)  салыстырғанда 184 млрд. қазақстандық теңгені (570 млн. АҚШ доллары) құрады.
  • Кезең үшін ПДПНИД 2 2016 жылғы сәйкес кезеңдегі 123 млрд. қазақстандық теңгемен (359 млн АҚШ доллары)  салыстырғанда 181 млрд. қазақстандық теңгені (559 млн. АҚШ доллары) құрады.
  • Таза қолма-қол ақша жөніндегі позиция3 2017 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша 2016 жылғы 31 желтоқсандағы 1172 млрд. қазақстандық теңгемен (3,5 млрд. АҚШ доллары)  салыстырғанда 1360 млрд. қазақстандық теңгені (4,0 млрд. АҚШ доллары) құрады;
  • ҚМГ БӨ, оның «Қазгермұнай» (ҚГМ), «Қаражанбасмұнай» (CCEL) және PetroKazakhstanInc. (PKI) компанияларындағы үлесін қоса, 8884 мың тонна шикі мұнай (тәулігіне 240 мың баррель) өндірген, бұл 2016 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 3%-ға аз.
  • «Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) 4092 мың тонна (тәулігіне 110 мың баррель) өндірген, бұл алдыңғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2%-ға аз (ең алдымен тиісті ұңғымаларда өндіру көлемінің төмендеуіне байланысты). «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) 2117 мың тонна (тәулігіне 57мың баррель) өндірген, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2%-ға аз. ӨМГ мен ЕМГ-нің жалпы өндіріс көлемі 6209 мың тоннаны құрады (тәулігіне 167 мың баррель), бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1%-ға аз.
  • Компанияның көрсетілген кезең үшін ҚГМ, CCEL және PKI компанияларының өндіруіндегі үлесі 2675 мың тонна шикі мұнайды құрады (тәулігіне 73 мың баррель), бұл 2016 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 6%-ға аз;
  • Аталмыш кезеңде өндіріс шығындары 230 млрд. қазақстандық теңгені (713 млн. АҚШ доллары) құрады, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 18%-ға жоғары. Бұл ең алдымен қызметкерлер үшін жеңілдіктерге кеткен шығыстардың 13 пайыздық өсуімен, қоршаған ортаны қалпына келтіру жөніндегі міндеттемелерге резервтің есепке алынуымен, қайта өңдеудің жаңа схемасының шеңберінде қайта өңдеуге кеткен қосымша шығыстармен, сондай-ақ жөндеуге және техникалық қызмет көрсетуге арналған шығындардың артуымен байланысты, бұл ішінара шикі мұнай теңгеріміндегі өзгеріспен өтелді.
  • Кезең үшін капитал шығындары 76 млрд. қазақстандық теңгені (235 млн. АҚШ доллары) құрады, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 6%-ға жоғары. Бұл ең алдымен негізгі құралдарды сатып алудың өсуімен және ӨМГ-нің жаңа ұңғымаларында қабатты гидрожару жұмыстарына арналған шығыстардың артуымен байланысты, бұл ішінара құрылысқа және өндірістік қуаттылықтарды жаңғыртуға арналған капитал шығындарының төмендеуімен және өнеркәсіптік бұрғылау көлемдерінің азаюымен өтелді.
  • Компания 2017 жылға арналған капитал шығындарын 136 млрд. теңге (378 млн. АҚШ доллары) деңгейінде жоспарлады, бұл 2016 жылы жұмсалған 115 млрд. теңгеден (337 млн. АҚШ долларынан) 21 млрд. теңгеге жоғары.

Ескертулер:

1. АҚШ долларымен берілген сомалар оқырманға ыңғайлы болу үшін ғана келтірілген және қызметтің қаржылық нәтижелері мен ақшалай қаражаттың қозғалысы туралы шоғырландырылған есептердегі мәліметтердің, сондай-ақ шоғырландырылған теңгерімдерден кезең соңындағы бағам туралы мәліметтердің негізінде сәйкес кезеңдегі орташа бағам бойынша есептелген (2017 жылдың алғашқы тоғыз айы үшін және 2016 жылдың алғашқы тоғыз айы үшін орташа бағамдар бір АҚШ долларына шаққанда сәйкесінше 323,30 және 344,00 қазақстандық теңгені құрады; кезең соңында 2017 ж. 30 қыркүйекте және 2016 ж. 31 желтоқсанында бағамдар бір АҚШ долларына шаққанда сәйкесінше 341,19 және 333,29 қазақстандық теңгені құрады).

2. ПСТӨДП қатысу әдісі бойынша есептелген кәсіпорындар табысының, қаржылық табыстың, құнсыздану, өтемпұл сияқты ақшалай емес шығыстардың және Компанияның операциялық пайдасының үлестерін қосу арқылы есептеледі.

3. Ақшалай қаражаттар, олардың баламалары және қарыз шегерісімен басқа да қаржылық активтер.

7.2            Ұсыныстар іске асырылғаннан кейінгі корпоративтік құрылым және корпоративтік басқару

Стратегиялық міндет ҚМГ БӨ-ні, Биржалық тізімдерден шығару салдарынан миноритарлық АДҚ Ұстаушылары мен Кәдімгі акциялардың саны барынша аз, жекеменшік компаниялардың қатарына ауыстыру болып табылады.

ҚМГ БӨ Директорлар кеңесі барлық операциялар аяқталғаннан кейін соңғы корпоративтік құрылымды ҚМГ ҰК компаниясының айқындайтынын түсінеді. Өзге нұсқалардан басқа, ҚМГ БӨ еншілес компания болып қалуы мүмкін немесе АҚ туралы Заңды қоса, Қазақстандық құқыққа сәйкес қайта құрылуы мүмкін.

ҚМГ БӨ жеке заңды тұлға болып қалса, онда корпоративтік басқару және компания Жарғысы АҚ туралы Заңды қоса, Қазақстан Заңнамасына сәйкес толық сәйкестікке келтірілетінін түсінеді. Жарғы мен корпоративтік басқару құжаттары кейінірек өзгертілуі мүмкін болса да, Жарғыда және Акцияларды бағалау әдістемесінде ұсынылатын түзетулер осы хабарландыруда келісіледі.

  1. Қайтарымсыз міндеттемелер

ҚМГ ҰК Ұсыныстарды қолдайды және ҚМГ БӨ-нің алдында Акцияларын не АДҚ-ларын Тендерлік ұсыныстың шеңберінде де, Акциялар туралы ұсыныстың шеңберінде де немесе басқаша айтқанда Соңғы есептеу күніне дейін де сатпау жөніндегі қайтарымсыз міндеттемені өз жауапкершілігіне алды.

ҚМГ ҰК (і) листинг Шартына байланысты қажетті өтініш жасалуы үшін, (іі) АКЖЖ 1-ді шақырту туралы хабарлама Компанияға жіберілуі үшін және (ііі) Тендерлік ұсыныс шартсыз болып, АКЖЖ 2-ні шақырту туралы хабарлама Компанияға жіберілетіндей етіп, Соңғы жабылу күніне дейін қабылдауға ашық болу үшін және Акциялар туралы ұсыныс акциялардың Бағасы бойынша жасалуы үшін, Акциялардың дауыс беруші құқықтарын және Директорлар кеңесіндегі бақыланатын кез келген дауыс беруші құқықтарды пайдалану жөніндегі одан әрі қайтарымсыз міндеттемені өзіне қабылдады.

ҚМГ ҰК АКЖЖ 1 мен АКЖЖ 2-де ұсынылатын қарарлардың пайдасына дауыс беру жөніндегі қайтарымсыз міндеттемені де өзіне қабылдады.

ҚМГ ҰК-нің өзіне қайтарымсыз міндеттемелерді қабылдауы Өзара қатынастар туралы шартты бұзуға жатпайды.

2017 жылғы 30 қарашадағы жағдай бойынша (осы хабарландыруды жариялайтын кезге дейінгі іс жүзінде ең жай, тиімді күн) ҚМГ ҰК-нің иелігінде 43 087 006 Кәдімгі акция бар (АДҚ ұсынылған Кәдімгі акцияларды қоса), бұл барлық шығарылған 74 357 042 акцияның шамамен 58%-ын құрайды (АДҚ ұсынылған Кәдімгі акцияларды қоса). АКЖЖ 2-ге дейін және 8 984 749 Кәдімгі акцияны құрайтын АДҚ Кәдімгі акцияларға ауыстырылғаннан кейін, ҚМГ ҰК ҚМГ БӨ-нің дауыс беруші капиталының кемінде 75%-ын бақылауды өз қолына алады.

  1. Тендерлік ұсынысты қаржылай қамтамасыз ету

Тендерлік ұсыныс пен Акциялар туралы ұсыныс толық көлемде қабылданған жағдайда (ҚМГ ҰК-дан басқа), ҚМГ БӨ шамамен 1,95 млрд. АҚШ долларын (Акциялар туралы ұсынысқа қатысты теңгемен баламаларды қоса) қолма-қол ақшалай төлейді деп болжанады. Бұл төлемдерге, сондай-ақ пут опционына қатысты Құқықтарды іске асыруға арналған қаражат Компанияның қолданыстағы ақшалай резервтерінен бөлінеді.

  1. Депозитарийлік шарттағы белгілі бір өзгерістер туралы хабарлама

Депозитарийлік шарт Компанияның өтелмеген АДҚ қалғанға дейін барлық шараларды қабылдау, Ресми тізімде АДҚ-ның болуын және АДҚ-ның ЛҚБ айналымына жіберілуін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемесін көздейді. Ресми тізімде АДҚ-ның болуын және АДҚ-ның ЛҚБ айналымына жіберілуін қамтамасыз етудің сәті түспесе, Депозитарийлік шарт Компанияның АДҚ-ны басқа халықаралық танылған еуропалық қор биржасының листингіне енгізу үшін барлық шараларды қабылдау жөніндегі міндеттемесін де көздейді.

Компанияның АДҚ-ны биржалық тізімнен шығару ниетін ескере келе, Компания Өзгертілген Депозитарийлік шартты жасасу арқылы листингті сақтап қалу міндеттемесін жою туралы Депозитариймен келісіп алады. Аталмыш листингілік міндеттемелерді жоюға қоса, Өзгертілген Депозитарийлік шарт оны терминдеуге қатысты хабарлау мерзімін 90 күннен 30 күнге азайтады, мұндай өзгерістер осы хабарландыру күнінен бастап үш айдан ерте емес өткізілуі тиіс АКЖЖ 2-де Биржалық тізімнен шығару туралы қарар қабылданғаннан кейін күшіне енеді.

Депозитарийлік шарттың талаптарына сәйкес, Компания бүгінде АДҚ Ұстаушыларына осы шатқа Депозитарийлік шартта көрсетілген өзгерістерді енгізу туралы 3 айлық хабарламаны жеке ұсынады.

Белгіленген үш айлық кезеңнің ішінде әрбір АДҚ Ұстаушысы тиісті АДҚ-ға айырбас ретінде осындай әрбір АДҚ-ға тиесілі Депозиттелген мүлікті алуға (Өзгертілген Депозитарийлік шарттың 1-талабын орындаған жағдайда) және жеткізу үшін тиісті комиссия төлеуге құқылы болады. Мұндай айырбас Өзгертілген Депозитарийлік шартта көзделген және соған сәйкес жүзеге асырылуы тиіс.

Көрсетілген өзгеріс күшінде болатын кезде АДҚ-ны иеленуді жалғастыратын әрбір АДҚ Ұстаушысы осы өзгеріспен келіскен және оның талаптарын қабылдаған болып есептеледі. Көрсетілген өзгеріс Өзгертілген Депозитарийлік шарттың 1-талабы орындалған жағдайда, АДҚ Ұстаушыларының кез келген уақытта тиісті АДҚ бойынша тиелісі болатын Депозиттелген мүлікті алу құқығын бұзбайды.

Өзгертілген Депозитарийлік шартты Компания бұзғаннан кейін, Депозитарий Өзгертілген Депозитарийлік шарттың талаптарына сәйкес қалған АДҚ-ға сәйкес келетін Кәдімгі акцияларды сатады (және басқасы оның сақтаған депозиттелген мүлкі) және осы уақытқа дейін өз АДҚ-ларын өтемеген АДҚ Ұстаушыларының арасына сатылымнан түскен таза пайданы пропорционал етіп үлестіреді.

Нәтижесінде Өзгертілген Депозитарийлік шарт орындалған АДҚ-ға байланысты анағұрлым кеш кезеңде тоқтатылуы мүмкін.

  1. Биржалық тізімнен шығару

Тендерлік ұсыныс табысты өтіп, АКЖЖ 2-де қажетті қарарлар қабылданып және Акциялар туралы ұсыныстың әрекет ету мерзімі өтіп кеткен жағдайда, ҚМГ БӨ АДҚ-ны Ресми тізімнен шығаруға және оларды ЛҚБ-дағы айналымнан алуға, сонымен қатар Кәдімгі акциялар мен АДҚ-ны Қазақстан қор биржасының ресми тізімінен шығаруға өтінім беруді жоспарлайды.

Қалай болғанда да, Листинг талаптары бойынша әр кезде еркін айналымда шығарылған АДҚ-нің жалпы санының кем дегенде 25%-ы болуы тиіс – бұл талапты Компания Тендерлік ұсыныстың шеңберінде біршама АДҚ сатып алғаннан кейін жүзеге асыра алмайтыны сөзсіз.

Листинг талаптарына сәйкес, Компания ҚРББ-ға АДҚ-ны Ресми тізімнен шығару туралы мұндай шығаруды жүзеге асыру жоспарланған күнге дейін кемінде 20 жұмыс күнінің ішінде хабар беруге міндетті. Листингке жіберу және ақпаратты жария ету Стандарттарына сәйкес, Компания ЛҚБ-ға АДҚ-ны ЛҚБ-ның Ресми тізімнен шығару туралы АДҚ саудасын тоқтату жоспарланған күнге дейін кемінде 20 жұмыс күнінің ішінде хабар беруге міндетті.

Компания Депозитарийлік шарттағы өзгерістер туралы хабарламаның әрекет ету мерзімі өткеннен кейін, сондай-ақ АКЖЖ 2-ден соң туындайтын пут опционына қатысты Құқықтардың әрекет етуі аяқталғаннан кейін АДҚ-ны Ресми тізімнен шығару және ЛҚБ-дағы АДҚ саудасын тоқтату туралы хабар беруге міндетті.

Бұл хабарламалар күшіне енгеннен кейін және АКЖЖ 2-де Биржалық тізімнен шығару туралы қарар мақұлданғаннан кейін, Өзара қатынастар туралы шарт дереу арада әрекет етуін тоқтатады.

Компания Қазақстан қор биржасының Листингілік комиссиясы АКЖЖ 2-ден соң туындайтын пут опционына қатысты Құқықтардың әрекет етуі аяқталғаннан кейін Қазақстан қор биржасының Биржалық тізімінен шығаруды бекітуі үшін, Кәдімгі акциялар мен АДҚ-ларды биржалық тізімнен шығару туралы өтінім береді.

  1. Лондон қор биржасынан шығарылғаннан кейін Өзара қатынастар туралы шарттың әрекетін тоқтату

Өзара қатынастар туралы шарт Компания мен ҚМГ ҰК-нің арасында 2006 жылы 8 қыркүйекте жасалған болатын және белгілі бір аспектілерде ҚМГ ҰК-нің Компанияны бақылау дәрежесін реттейді. Өзара қатынастар туралы шарттың негізгі мақсаттары:

(a)             Компанияның ҚМГ ҰК-дан және ҚМГ ҰК-мен барлық үлестес тұлғалардан дербес құрылым ретінде өзінің барлық акционерлерінің мүддесі үшін қызметін жүзеге асыру қабілетін қамтамасыз ету;

(b)             Компания мен ҚМГ ҰК-нің арасындағы мәмілелер мен өзара қатынастардың тәуелсіз сипатын және кәдімгі коммерциялық жағдайларын қамтамасыз ету.

Өзара қатынастар туралы шарт Қазақстан Заңдарымен реттеледі.

Өзара қатынастар туралы шарт және онда көзделген, АДҚ Ұстаушылары мен Кәдімгі акциялардың миноритарлық иелеріне арналған қорғау шаралары Лондон қор биржасынан шығарылғаннан кейін өзінен өзі әрекетін тоқтатады.

  1. Мәжбүрлі төлеп алу рәсімдерінің болмауы

Жарғы да, АҚ туралы Заң да оған сәйкес Компанияның жиынтық шығарылған акционерлік капиталынан біраз минималды үлесін сатып алатын тұлға мейлі қосылу, мейлі өзге рәсім болсын, қалған миноритарлық Акционерлер мен АДҚ Ұстаушыларын өз Акциялары мен АДҚ-сын табыстауға мәжбүр ете алатын ешқандай тетікті көздемейді.

ҚМГ БӨ-де де, ҚМГ ҰК-де да Тендерлік ұсыныс аяқталғаннан кейін АДҚ не Акциялар сатып алу міндеттемесі жоқ. Сәйкесінше, тендер шеңберінде Тендерлік ұсыныстың аясында өз АДҚ-ларын беру туралы шешім қабылдайтын Білікті АДҚ Ұстаушыларының болашақта, Акциялар туралы ұсыныс пен пут опционына қатысты Құқықтардан басқа, АДҚ-ларын ҚМГ БӨ не ҚМГ ҰК-нің төлеп алуы туралы жаңа ұсыныс алатынына кепілдік жоқ. Өзгертілген Депозитарийлік шарт тоқтатылғаннан кейін алынған кез келген өтемақы Тендерлік ұсыныста ұсынылатын өтемақыға қарағанда аз болуы мүмкін.

  1. Ұсыныстар толық көлемде іске асырылған жағдайда Тендерлік ұсынысты қабылдамайтын АДҚ Ұстаушылары үшін салдарлар

Тендерлік Ұсыныстың шарттары орындалған жағдайда (немесе тек Қабылдау шарты – бас тартылған жағдайда), АКЖЖ 2 шақыртылады және ҚМГ ҰК тарапынан қайтарымсыз міндеттемелерге байланысты АКЖЖ 2 үшін ұсынылатын қарарлар қабылданады. Сәйкесінше, АКЖЖ 2 өткізілгеннен кейін Компания ҚРББ мен ЛҚБ-ға ЛҚБ биржалық тізімінен шығару туралы және Қазақстан қор биржасына Қазақстан қор биржасының биржалық тізімінен шығару туралы қажетті хабарламаларды жібереді. Басқа сөзбен айтқанда, егер Тендерлік ұсыныстың шарттары қабылданса (немесе тек Қабылдау шарты – бас тартылған жағдайда), онда Биржалық тізімнен шығару жүзеге асады.

Тендерлік ұсынысты қабылдамайтын не қабылдай алмайтын АДҚ Ұстаушылары Тендерлік Ұсынысты аяқтауды және Биржалық тізімнен шығаруды қоса, барлық Ұсыныстар толық орындалғаннан кейін мына фактілерге назар аударуы тиіс:

  • олардың АДҚ-лары, Өзгертілген Депозитарийлік шарт талаптары бойынша Депозитарийге комиссия төлей отырып, өз АДҚ-ларын ұсынылған Кәдімгі акцияларға алмастыра алатынына, бұл Кәдімгі акциялардың да биржадан тыс айналымда болатынына қарамастан, биржадан тыс айналымдағы бағалы қағаздар ретінде әрекетін жалғастырады;
  • олар биржада өз АДҚ-ларын сата алмайды, ең алдымен олардың инвестицияларын өткізу үшін мүмкіндіктері шектеулі болады, себебі Компания басқа өткізу бағдарламасын жоспарламайды, ал ЛҚБ Биржалық тізімінен шығару Тендерлік ұсыныс бойынша тендер шеңберінде берілмеген АДҚ-лардың өтімділігі мен өткізімділігін айтарлықтай азайтатыны сөзсіз;
  • Тендерлік ұсыныспен  келіспейтін Білікті АДҚ Ұстаушыларының Акциялар туралы ұсыныс пен пут опционына қатысты Құқықтардан басқа, ҚМГ БӨ-ден не ҚМГ ҰК-ден АДҚ-ларын (немесе осы АДҚ ұсынылған Кәдімгі акцияларын) сатып алу туралы ұсыныс алатынына кепілдік жоқ;
  • ҚМГ ҰК ҚМГ БӨ-дегі үлесін біршама ұлғайтады, ал Өзара қатынастар туралы шарт әрекет етуін тоқтатады, бұл оның ережелерінде солай көзделген; сәйкесінше, ҚМГ ҰК Қазақстан Заңдарына сәйкес Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелерін тағайындауға қатысты өз қарауына қарай дауыс беру құқығын қоса алғанда, Компанияның қызметіне айтарлықтай әсер етеді;
  • ҚМГ БӨ-нің ақшалай қаражаты Тендерлік ұсынысқа қатысты ҚМГ БӨ төлейтін бүкіл сыйлықақы көлемінде азаяды;
  • осы хабарландырудың 3.9-тармағында көрсетілгендей, Жарғы миноритарларының құқықтарын қорғау туралы ережелер енді қолданылмайды;
  • Компания бұдан әрі Нарықтағы теріс пайдалану туралы регламентті немесе депозитарийлік қолхаттары Ресми тізімге қосылған және ЛҚБ-да айналымға жіберілген, Біріккен корольдіктен тысқары компаниялар үшін міндетті болып табылатын Листингтің қандай да бір талаптарын, Ақпаратты жария ету және ашықтықты қамтамасыз ету қағидаларын, сонымен қатар ішкі ақпаратты (мысалы, маңызды операциялар туралы) немесе соңғы нәтижелерді жария етуге қойылатын талаптарды сақтауға міндетті болмайды; сәйкесінше, Компания корпоративтік басқаруға қатысты Қазақстан Заңдарын ғана сақтауға міндетті болады.
  • Биржалық тізімнен шығару АДҚ Ұстаушылары үшін, мысалы биржада бағасы белгіленетін бағалы қағаздарды ғана иеленуге құқылы ұстаушылар үшін немесе Акцияларын не АДҚ-ларын кейінгі иеліктен шығаруға Қазақстанның құзыретті органының рұқсаты талап етілуі мүмкін, Компанияның барлық бағалы қағаздарының 0.1 пайызынан асырмай ғана ұстай алатын ұстаушылар үшін салдарларға әкелуі мүмкін; және
  • Өзгертілген Депозитарийлік шартты Компания болашақта бұзуы мүмкін, қалған АДҚ-мен ұсынылған Кәдімгі акциялар Депозитариймен сатылуы мүмкін, ал таза пайда – бұрын АДҚ-ларын сатпаған АДҚ Ұстаушыларының арасында пропорционал етіп бөлінуі мүмкін; сәйкесінше, бұл жағдайда қалған АДҚ Ұстаушылары алуы мүмкін сома бір АДҚ-ға шаққанда Тендерлік ұсыныста көрсетілген Бағадан біршама аз болуы ықтимал. Компания мен Депозитарий Өзгертілген Депозитарийлік шарт бұзылған жағдайда хабарлау мерзімін 90 күннен 30 күнге дейін қысқарту үшін Өзгертілген Депозитарийлік шартты жасасу арқылы Депозитарийлік шартқа өзгерістер енгізеді, мұндай түзетулер осы хабарландыру күнінен бастап үш айдан ерте емес өткізілуі тиіс АКЖЖ 2-де Биржалық тізімнен шығару туралы қарар қабылданғаннан кейін күшіне енеді.
  1. Қосымша мәліметтер

Тендерлік ұсыныс туралы толығырақ ақпарат Тендерлік ұсыныс құжатында келтірілген.

  1. Директорлар кеңесінің ұсынымдары

Директорлар Ұсыныстар Компанияның ең жақсы мүдделерінде жасалған және Тендерлік ұсыныстың талаптары әділ әрі негізді деп есептейді. Демек, Директорлар Білікті АДҚ Ұстаушыларына Тендерлік ұсынысты қабылдауға кеңес береді, ал Тендерлік ұсынысты қабылдамаған жағдайда АКЖЖ 1-де ұсынылатын шешімдерді қабылдауға дауыс беруді ұсынады.

J.P. Morgan осы хабарландыруда баяндалған мәселелер бойынша ҚМГ БӨ-нің қаржылық кеңесшісі болып табылады.

ҚМГ ҰК 2017 жылы 30 қарашада (осы хабарландыру жарияланғанға дейінгі соңғы мүмкін болатын күн) айналымдағы 74 357 042 Акцияның (АДҚ түрінде ұсынылған Кәдімгі акцияларды қоса алғанда) 57,9%-ын құрайтын 43 087 006 Кәдімгі акцияның көлеміндегі иелік ету үлесіне қатысты АКЖЖ 1 мен АКЖЖ 2-де ұсынылуы тиіс шешімдерді қабылдауға дауыс беру өткізді.

  1. Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелерінің ұсынымдары

Rothschild және HSBC құзыреттерінің шеңберінде қаржы консультанттары ретінде ұсынған Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелері Тендерлік ұсыныстың талаптары, АДҚ Ұстаушыларының мүдделілігінің болуына байланысты, әділ әрі ақылға қонымды деп есептейді. Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелеріне кеңес берген кезде, Rothschild және HSBC Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелерінің коммерциялық бағалауын ескерді. Rothschild Тендерлік ұсыныстың талаптарын бағалау мақсаттары үшін Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелеріне тәуелсіз қаржылық консультациялар береді.

Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелері Ұсыныстар АДҚ Ұстаушылары мен жалпы Кәдімгі акциялар ұстаушыларының ең жақсы мүддесінде жасалған деп санайды, сәйкесінше, АДҚ Ұстаушыларына Тендерлік ұсынысты қабылдауға кеңес береді, ал Тендерлік ұсынысты қабылдамаған жағдайда АКЖЖ 1-де ұсынылатын қарарға дауыс беруді ұсынады.

Баспасөз хабарламасы мәселелері бойынша:

Толығырақ ақпарат алу үшін мына мекенжай бойынша жүгініңіз:

ҚМГ БӨ. Инвесторлармен қатынастар  (+7 7172 97 79 79)

Сәкен Шошанов

Эл. пошта: ir@kmgep.kz

ҚМГ БӨ. Қоғамдық қатынастар  (+7 7172 97 79 79)

Бакдәулет Төлеген

Эл. пошта: pr@kmgep.kz

Finsbury (+44 (0)20 7251 3801)

Дороти Беруэлл

Эл. пошта: KMGEP@finsbury.com

Редакторларға арналған ескертулер

ҚМГ БӨ 2016 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық мұнай өндірушілердің үздік үштігіне кіреді. Жалпы өндіру 2016 жылы Компанияның Қазгермұнайдағы, CCEL мен PKI-дегі үлесін қосқанда, 12,2 млн. тонна шикі мұнайды құрады (тәулігіне 245 мың баррель). Компанияның дәлелденген және ықтимал запастарының көлемі тәуелді компаниялардың үлесін шегергенде 2016 жылдың соңында 182 млн. тоннаны (1 327 млн. баррель) құрады. Компания акцияларының бағасы Қазақстан қор биржасында бағаланады, ал АДҚ бағасы Лондон қор биржасында белгіленеді. 2006 жылы қыркүйекте ІРО-ға компания 2 млрд.-тан астам АҚШ долларын тартқан.

Маңызды ескертулер

Осы хабарландыру инсайдерлік ақпаратты қамтиды.

Осы хабарландырудағы ақпаратты ашып көрсетуге, жария етуге не таратуға Біріккен корольдіктен, АҚШ пен Қазақстаннан басқа барлық юрисдикцияда тиісті юрисдикция заңдарымен тыйым салынуы мүмкін, сондықтан осы хабарландыру жеткен тұлғалар осыған ұқсас шектеулердің барын нақтылап алып, оларды сақтауы тиіс. Бұл шектеулерді сақтамау тиісті юрисдикциялардың бағалы қағаздарға қатысты заңдарын бұзу болып табылады. Осы хабарландыру акцияларды сату, шығару, сатып алу немесе мұндай ұсыныс заңсыз болып табылатын қандай да бір юрисдикцияда қандай да бір акцияларға қол қою ұсынысына жатпайды.

Қызметі Біріккен корольдік аумағында СПН-мен бекітілген және СПН ҚРББ-де реттелетін J.P. Morgan компаниясы осы хабарландыруда аталған мәселелерге байланысты жалғыз ҚМГ БӨ үшін ғана қаржылық консультант рөлін атқарады, осы хабарландыруда аталған мәселелер бойынша клиент ретінде одан басқа ешкімді қарастырмайды және ҚМГ БӨ-ден басқаның алдында J.P. Morgan компаниясы мен оның үлестес тұлғаларының клиенттеріне қолжетімді қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ осы хабарландыруда аталған мәселелер бойынша қандай да бір консультация ұсыну үшін жауапкершілік артпайды.

Қызметі Біріккен корольдік аумағында ҚРББ-мен бекітілген Rothschild компаниясы Тендерлік ұсыныспен байланысты жалғыз Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелері үшін ғана қаржылық консультант рөлін атқарады, осы құжатта аталған мәселелер бойынша клиент ретінде одан басқа ешкімді қарастырмайды және Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелерінен басқаның алдында Rothschild компаниясының клиенттеріне қолжетімді қорғаныс құралдарымен қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ осы хабарландыруда аталған мәселелер бойынша қандай да бір консультация ұсыну үшін жауапкершілік артпайды.

HSBC СПН-мен уәкілеттік берілген және оның қызметі Біріккен Корольдікте УФКР және СПН реттеледі. HSBC Тендерлік ұсыныспен байланысты тек қана директорлар кеңесінің тәуелсіз жұмысшылары үшін қаржылық кеңесші ретінде қызмет етеді, осы хабарландыруда аталған мәселелер бойынша клиент ретінде басқа ешкімді қарастырмайды, HSBC клиенттеріне ұсынылатын қорғаныспен қамтамасыз ету немесе Тендерлік ұсынысқа не осы хабарландыруда аталған басқа да мәселелерге қатысты консультация ұсыну үшін Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелерінен және Компаниядан басқаның алдында жауапты болмайды.

Осы хабарландыруда баяндалғаннан басқа, қандай да мәліметтерді ұсынуға не қандай да бір мәлімдемелерді жасауға ешкімнің ресми рұқсаты жоқ; кез келген мұндай мәліметтер мен мәлімдемелерге ресми деп қараудың қажеті жоқ. Осы хабарландыруды ұсыну қандай жағдай болмасын, Компанияның қызметінде күні көрсетілген ешқандай өзгерістер болмағанын білдірмейді, ал мұндай келтірілген ақпарат болашақта қандай да бір күндегі жағдай бойынша жарамды.

АҚШ-тағы Бағалы қағаз ұстаушыларына арналған ескерту

Тендерлік ұсыныс жария ету туралы талаптардың және Бағалы қағаздар саудасы туралы АҚШ Заңының 14D ережесінде көзделген басқа да рәсімдік талаптардың ықпалына ұшырамайды. АҚШ-та Тендерлік ұсыныс Бағалы қағаздар саудасы туралы АҚШ Заңының 14Е ережесінің талаптарына сәйкес қолданылатын шамасына қарай жасалады. Бағалы қағаздар саудасы туралы АҚШ Заңының 14Е ережесінің белгілі бір тармақтары Бағалы қағаздар саудасы туралы АҚШ Заңының 14d-1(c) қағидасына сәйкес Тендерлік ұсынысқа қолданылмайды. АҚШ-тағы АДҚ ұстаушыларына АДҚ-ның АҚШ қор биржаларында айналыстағы бағалы қағаздардың тізіміне қосылмағанына және ҚМГ БӨ компаниясы Бағалы қағаздар саудасы туралы АҚШ заңының жүйелі есеп-қисабына қойылатын талаптардың ықпалына ұшырамайтынына, осыған байланысты аталмыш заңға сәйкес АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясына қандай да бір есептерді беруге міндетті емес екеніне және бермейтініне назар аудару қажет.

Осы хабарландыру АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясының немесе АҚШ-тың штат деңгейіндегі бағалы қағаздар бойынша қандай да бір комиссиясының не оң, не теріс, не қандай да бір басқа ұсынымын алған жоқ, сонымен қатар бұл органдар ондағы ақпараттың дәлдігін не сенімділігін растаған жоқ. Кері жағдайға қатысты кез келген тұжырымдар АҚШ заңдары бойынша қылмыстық іс болып табылады.

Болжамды сипаттағы тұжырымдар

Осы хабарландыру, оның ішінде оған сілтеме бойынша қосылған ақпарат ҚМГ БӨ компаниясының, ҚМГ БӨ Тобының, ҚМГ ҰК-нің және оларға қатысты тәуекелдер мен белгісіздік барларының Тендерлік ұсынысына қатысты «болжамды сипаттағы тұжырымдар» болып табылатын не олар ретінде саналуы мүмкін тұжырымдарды қамтиды. Мұндай болжамды сипаттағы тұжырымдардың белгілеріне тиісті терминдерді, оның ішінде, өзгесінен басқа, «есептейді», «бағалайды», «күтеді», «болжайды», «жоспарлайды», «істей алады», «ниет етеді», «болады», «қажет» сөздерін, олардың теріс және өзге де грамматикалық формалары мен балама сөздерін пайдалану, сондай-ақ стратегияларға, жоспарларға, мақсаттарға, міндеттерге, болашақтағы жайттарға не ниеттерге қатысты пайымдар жатады. Болжамды сипаттағы бұл тұжырымдар тарихи фактіге жатпайтын барлық мәселелерді қамтиды. Олар Компанияның ниеттеріне, ағымдағы болжалдар туралы ұсыныстар мен мәлімдемелерге, сонымен қатар Компания қызметінің нәтижелеріне, қаржылық жай-күйіне, өтімділігіне, перспективаларына, дамуына, әлеуетті сатып алуына, стратегияларына, сондай-ақ Компания өз қызметін жүргізетін салаларға қатысты тұжырымдарды қамтиды, бірақ олармен шектеліп қалмайды.Болжамды сипаттағы тұжырымдардың мәнісі тәуекелдер мен белгісіздіктің болуын білдіреді, өйткені олар болашақта орын алуы не орын алмауы мүмкін жайттармен және жағдайлармен байланысты. Болжамды сипаттағы тұжырымдар Компания қызметінің, оның қаржылық жай-күйінің не өтімділігінің қандай да болашақ көрсеткіштеріне не нәтижелеріне кепілдік бермейді, ал елдегі және Компания өз қызметін жүргізетін салалардағы өзгерістер осы хабарландырудағы болжамды сипаттағы пайымдарда қамтылған болжамдардан айтарлықтай өзгешеленуі мүмкін. Болашақта қандай да бір жайт болса, жаңа ақпарат алған жағдайда не өзге міндеттемелердің салдарынан Компания болжамды сипаттағы тұжырымдарға не осы хабарландыруда қамтылған салалар туралы мәліметтерге қандай да бір өзгерістер не түзетулер енгізуді жоспарламайды және міндеттенбейді. Компания ешқандай мәлімдемелер не болжамдар жасамайды және болжамды сипаттағы ұқсас тұжырымдарда болжанған нәтижелерге қол жеткізу міндетіне қатысты ешқандай кепілдік бермейді.


 

ҚОСЫМША

АНЫҚТАМАЛАР

Төменде келтірілген анықтамалар, егер мәнмәтінінде өзгеше көзделмесе, осы хабарландыруда пайдаланылады:

"Қабылдау шарты"

Осы хабарландырудың 1-тармағы екінші тармақшасында жазылғандай, Тендерлік ұсынысты қабылдауға қатысты Тендерлік ұсыныс шарты;

" Листингіге рұқсат беру және ақпаратты жария ету стандарттары"

рұқсат етілген не саудаға рұқсат үшін берілген бағалы қағаздарға арналған листингіге рұқсат беруге және ақпаратты жария етуге қатысты ЛҚБ стандарттары (тиісті өзгерістермен және түзетулермен);

Өзгертілген Депозитарийлік шарт

ҚМГ БӨ және АДҚ үшін депозитарий ретінде қызмет ететін Депозитарий арасында 2017 жылы 7 желтоқсанда даталанған өзгертілген депозитарийлік шарт;

"Акцияларды бағалау жөніндегі Өзгертілген әдістеме"

АКЖЖ 1-де бекітуге ұсынылатын, Компания әскери сатып алған жағдайдағы, Акцияларды бағалау жөніндегі өзгертілген әдістеме;

"Директорлар кеңесі" немесе"Директорлар"

ҚМГ БӨ директорлары;

"Жұмыс күні"

сенбі мен жексенбіден немесе АҚШ-тың жалпы ұлттық мерекесінен, сондай-ақ Қазақстанның не Ұлыбританияның мемлекеттік мерекесінен басқа кез келген күн;

"Жарғы"

Компанияның тиісті өзгерістер енгізілген Жарғысы;

"Clearstream"

Clearstream Banking, Société Anonyme;

"Кәдімгі акцияларды ұстаушылар"

шектеуге тап болатын юрисдикцияларды қоспағанда, мезгіл-мезгіл Кәдімгі акциялар ұстаушылары;

"Кәдімгі акциялар"

«Премиум» санаты бойынша Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне рұқсат етілген, Компания капиталының құрамындағы кәдімгі акциялар;

"Компания" немесе "ҚМГ БӨ"

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ, Қазақстан Заңдарына сәйкес тіркелген компания;

"Биржалық тізімнен шығару"

Лондон қор биржасының биржалық тізімінен шығару және Қазақстан қор биржасының биржалық тізімінен шығару;

"Депозитарийлік шарт "

ҚМГ БӨ және АДҚ депозитарийі ретінде қызмет ететін Депозитарий арасындағы 2014 жылы 24 қаңтардағы өзгерістер мен толықтырулар енгізілген депозитарийлік шарт;

"Депозитарий"

Deutsche Bank Trust Company Americas;

"Депозиттелген мүлік"

Депозитарий тағайындаған қамқоршыда депозиттелген кәдімгі акциялар, сондай-ақ осы сақтаушыда, Депозитарийде немесе олардың агенттерінде тиісті уақытта болған және Өзгертілген Депозитарийлік шарттың талаптары бойынша Депозиттелген акциялармен байланысқан құқықтар, үлестер және өзге де бағалы қағаздар, мүлік және қолма-қол ақша;

"Ақпаратты жария ету және ашықтықты қамтамасыз ету қағидалары"

Ақпаратты жария етуге және ашықтықты қамтамасыз етуге қатысты ҚРББ қағидалары;

"ДСК"

Депозитарийлік сенімгерлік компания;

"АКЖЖ 1"

Акцияларды бағалау жөніндегі Өзгертілген әдістемені қарау, егер дұрыс деп танылса, қабылдау үшін 2018 жылы 22 қаңтарда шақыртылатын Компанияның кезектен тыс жалпы жиналысы;

"АКЖЖ 2"

Биржалық тізімнен шығаруды қарау, егер дұрыс теп танылса, қабылдау және Жарғыға кейбір түзетулер енгізу үшін шақыртылатын Компанияның кезектен тыс жалпы жиналысы;

"Euroclear"

EuroclearBankS.A./N.V., Euroclear жүйесінің операторлары;

"ҚРББ"

Ұлыбританияның Қаржы қызметтері мен нарықтары туралы Заңының VI бөлігіне сәйкес құзыретті орган рөлін атқаратын қаржылық реттеу және бақылау басқармасы, сондай-ақ оның құқықтық мирасқорлары;

“Соңғы жабылу күні”

8 наурыз 2018 ж.;

“Бірінші жабылу күні”

22 қаңтар 2018 ж;

"Қаржы қызметтері мен нарықтары туралы заң"

Ұлыбританияның 2000 жылғы Қаржы қызметтері мен нарықтары туралы заңы, өзгерістер мен түзетулер енгізілген;

"АДҚ"

Депозитарийлік шартқа не Өзгертілген Депозитарийлік шартқа сәйкес (жағдайларға қарай) құрылған ғаламдық депозитарийлік қолхат (Кәдімгі акциялардың алтыдан бірін құрайды);

"АДҚ Ұстаушылары"

тиісті уақыттағы АДҚ Ұстаушылары;

“HSBC”

HSBC Bank plc;

"Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелері"

Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшелері;

"IPO"

Компанияның АДҚ-ны алғашқы орналастыруы және АДҚ-ны Ресми тізімге енгізу, сондай-ақ ЛҚБ-да айналымға рұқсат беру;

"J.P. Morgan"

J.P. Morgan Securities plc;

"АҚ туралы Заң"

 «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 13 мамырдағы Заңы, түзетулер мен өзгерістер енгізілген;

"Қазақстанның Орталық бағалы қағаздар депозитарийі"

Қазақстанның Орталық бағалы қазағздар депозитарийі

"Қазақстан қор биржасы"

"Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамы;

" Қазақстан қор биржасындағы брокер"

SBI немесе Қазақстан қор биржасында тіркелген басқа брокер;

" Қазақстан қор биржасының биржалық тізімінен шығару"

Кәдімгі акциялар мен АДҚ-ларды Қазақстан қор биржасының Ресми тізіміне қосудан бас тарту;

" Қазақстан қор биржасының Тендерлік нысаны"

Қазақстан қор биржасындағы Тендерлік ұсынысты қабылдағысы келетін АДҚ Ұстаушыларына пайдалануға арналған Тендерлік ұсыныс Құжатына А қосымшасында баяндалған нысан;

" Қазақстан қор биржасындағы Тендерлік ұсыныс"

АДҚ Ұстаушыларын Қазақстан қор биржасында Еркін сауда жағдайында осы хабарландыруда көрсетілген шарттармен қатысуға шақырту;

"Қазақстан"

Қазақстан Республикасы;

"қазақстандық Ұстаушы"

Қазақстан резиденті немесе оған Ұстаушының АДҚ сатылымынан түскен табыс тіркелетін, Қазақстанда өкілдігі бар салықтық бейрезидент болып табылатын АДҚ Ұстаушысы;

"Қазақстан заңдары"

Қазақстанның тиісті өзгерістер мен түзетулер енгізілген Конституциясы және барлық заңдары, жарғылары, декреттері, нормативтік нұсқамалары, нұсқаулықтары, бұйрықтары және басқа да нормативтік-құқықтық актілері;

"тәулігіне мың баррель"

тәулігіне мың баррель мұнай;

" ҚМГ БӨ Тобы"

ҚМГ БӨ және тиісті уақыттағы еншілес компаниялары;

"Қазақстандық теңге" ("Теңге")

Қазақстанның ресми ақша бірлігі;

"Листинг талаптары"

тиісті өзгерістер мен түзетулер енгізілген, Қаржы қызметтері мен нарықтары туралы Заңның VI бөлігіне сәйкес ҚРББ құрастырған листинг талаптары;

"ЛҚБ" немесе "Лондон қор биржасы"

London Stock Exchange plc.;

"ЛҚБ биржалық тізімінен шығару"

АДҚ-ны Ресми тізімге қосудан және ЛҚБ-дағы айналымға рұқсат беруден бас тарту;

"Нарықтағы теріс пайдалану туралы регламент"

Нарықтағы теріс пайдалану туралы регламент (ЕС № 596/2014) және онымен байланысты сәйкес техникалық стандарттар;

"ҚМГ ҰК"

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ, Қазақстан Заңдарына сәйкес тіркелген компания;

"ҚМГ ҰК Тобы"

ҚМГ ҰК және тиісті уақыттағы еншілес компаниялары;

"қазақстандық емес Ұстаушы"

Қазақстанның заңды тұлғасы және салықтық бейрезиденті немесе Қазақстан заңнамасына сәйкес тіркелмеген және басқарушы органы (басқаруды жүзеге асыру орны) не Қазақстанда тұрақты өкілдігі жоқ, сондай-ақ бұл елде қандай да бір салықтық қатыстылығы жоқ АДҚ Ұстаушысы;

"Ресми тізім"

ҚРББ Ресми тізімі;

"Еркін сауда "

Қазақстан Заңдарына сәйкес «еркін сауда» әдісінің талаптары бойынша «мамандандырылған сауда» ретінде Қазақстан қор биржасында АДҚ сату және сатып алу (Қазақстан Заңдарында айқындалғандай);

"Опциондар"

2017 жылғы 30 қарашадағы (осы хабарландыруды жариялайтын кезге дейінгі іс жүзінде ең жай, тиімді күн) жағдай бойынша орындалмаған 118 510 Кәдімгі акциямен айқындалған АДҚ опциондары;

"Салық декларациясының нысаны (биржадан тыс негіз)"

биржадан тыс негізде Тендерлік ұсынысты қабылдағысы келетін және төлем көзіндегі Салық сомасы етінде шегерілуі мүмкін Қазақстанда төлем көзіндегі салықты азайтқысы келетін АДҚ Ұстаушыларына пайдалануға арналған Тендерлік ұсыныс Құжатына В қосымшасында көрсетілген нысан;

"Биржадан тыс негіздегі Тендерлік ұсыныс"

осы хабарландырудың шарттарында делдалсыз сату үшін АДҚ Ұстаушыларын тендер шеңберінде АДҚ беруге шақырту;

"Мүмкін болатын ұсыныс туралы хабарландыру"

АДҚ төлеп алу ниетіне және Лондон қор биржасы мен Қазақстан қор биржасының биржалық тізімінен шығаруға қатысты ҚМГ БӨ-нің 2012 жылы 4 желтоқсанда жасаған хабарландыруы

"Пруденциялық қағадалау қызметі "

Пруденциялық қағадалау қызметі;

"Артықшылықты акциялар Ұстаушылары"

тиісті уақытта Артықшылықты акциялар Ұстаушылары;

" Артықшылықты акциялар "

Компания капиталындағы, Қазақстан қор биржасының ресми тізіміне бірінші санат бойынша рұқсат берілген, өтелуі тиіс артықшылықты акциялар;

"Жеңілдікті салық режимі бар ел"

2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 595 Бұйрыққа сәйкес жеңілдікті салық режимі бар ел, Қазақстан;

"Ұсыныстар"

Тендерлік ұсынысты қоса алғанда, ұсыныстар, АКЖЖ 1 Ұсыныстары, Акциялар туралы ұсыныстар, АКЖЖ 2 Ұсыныстары және осы хабарландырудың 3-тармағында көрсетілген Биржалық тізімнен шығару;

"Пут опционының кезеңі"

сәйкес Акционерлер пут опционына қатысты Құқықты жүзеге асыра алатын уақыт;

"Пут опционына қатысты Құқық"

Акционерлердің Компаниядан АҚ туралы Заңға сәйкес белгілі бір жайттар туындаған жағдайда Кәдімгі акциялар мен АДҚ-ларды талап ету құқығы;

"Білікті АДҚ Ұстаушылары"

Тендерлік ұсынысқа қатысу құқығы бар, Жабылу күнінде не Есептеу күнінде АДҚ Ұстаушысы болып табылатын, АДҚ Ұстаушылары, бұл қатарға шектеулерге тап болған юрисдикциялар жатпайды;

"Алушы агент"

Corporate Actions, The Registry, 34 Beckenham Road, Beckenham, Kent BR3 4TU мекенжайы бойынша Link Asset Services Қазақстан қор биржасындағы Тендерлік ұсынысқа қатысты алушы агент рөлінде;

"Нормативтік-анықтамалық ақпарат қызметі"

тиісті уақытта реттеуші органдардың хабарландыруларын таратуға ҚРББ-ның рұқсаты бар кез келген ақпараттық қызмет;

"Өзара қатынастар туралы шарт"

Компания мен ҚМГ ҰК-нің арасындағы 2006 жылғы 8 қыркүйектегі Өзара қатынастар туралы шарт;

"Шектеулерге тап болатын -юрисдикция "

Тендерлік ұсынысты тарату және оның қол жетімділігі қолданылатын заңды не нормативтік нұсқаманы бұзатын немесе мемлекеттік не өзге рұқсат алуға, тіркеуді ресімдеуге, ҚМГ БӨ-нің пікірінше тым ауыртпалықты болып табылатын ақпаратты ұсынуға не басқа да заңдылықтарды сақтауға әкелетін кез келген юрисдикция;

"Rothschild"

N.M. Rothschild & Sons Limited;

"SBI" немесе "SkyBridge Invest"

JSCSkyBridgeInvest, Қазақстандағы лицензия алған брокер;

"SBI құжаттарын жинау күні"

Тендерлік ұсыныс барлық қатынастарда шартсыз болатын не шартсыз деп мәлімделетін күн және осы хабарландыру күнінен 90 күн өткеннен кейінгі күн, әрбір күн SBI өз АДҚ-ларын ұсынғысы келетін АДҚ Ұстаушысы үшін брокерлік шот алуда талап етілетін, тендерге қатысу үшін тиісінше ресімделген, Қазақстан қор биржасында Еркін сауда жағдайында мәміле жасасуға арналған күнге дейін қанағаттандыру құжаттарын алуы тиіс күн болып табылады;

"Есептеу күні"

SBI құжаттарын жинаудың әрбір күнінен кейін 28 күн өткеннен кейінгі әрбір күн;

"Акционерлер"

Кәдімгі және Артықшылықты акциялар Ұстаушылары;

"Акциялар"

Кәдімгі және Артықшылықты акциялар;

"Акциялардың бағасы"

Тендерлік ұсыныста көрсетілген және АҚШ долларымен берілген алты еселік Бағаның баламасы болып табылатын Кәдімгі акцияның бағасы (немесе, егер Тендерлік ұсыныста көрсетілген баға Тендерлік ұсыныс Құжатының V бөлімі 2.27-тармағына сәйкес ұлғайтылса, онда мұндай ұлғайтылған соманың алты еселік баламасы);

"Акциялар туралы ұсыныс"

осы хабарландырудың І бөлімінің 3.7-тармағында сипатталған Кәдімгі акцияларға қатысты Компанияның ұсынысы;

"Акцияларды бағалау әдістемесі"

2008 жылғы 23 қаңтардағы акционерлердің жалпы жиналысымен және директорлар кеңесінің 2007 жылғы 4 желтоқсандағы қарарымен бекітілген, Акцияларды Компанияның кері төлеп алу жағдайында, олардың бағасын айқындау әдістемесі;

"Бірігу кодексі"

Бірігу және қосып алу қағидалары бойынша Сити кодексі, Ұлыбритания;

"Тендерлік агент"

TheBankofNewYorkMellonпоадресу 101 BarclayStreet, 22ndfloor, NewYork, NewYork 10286, USA,  биржадан тыс негіздегі Тендерлік ұсыныспен байланысты тендерлік агент ретінде;

"Тендерлік ұсыныстың шарттары"

осы хабарландыруда баяндалған Тендерлік ұсыныстың әрекет ету шарттары;

"Тендерлік ұсыныс"

АДҚ Ұстаушыларын тендер шеңберінде немесе биржадан тыс негіздегі Тендерлік ұсыныс бойынша не Қазақстан қор биржасындағы Тендерлік ұсыныс бойынша, осы хабарландыруда баяндалған талаптарды сақтай отырып,  өз АДҚ-ларын беруге шақыру;

"Тендерлік ұсыныста көрсетілген баға"

АДҚ үшін қолма-қол ақшалай 14.00 АҚШ доллары;

"Біріккен Корольдік"

Ұлыбританияның және Солтүстік Ирландияның Біріккен Корольдігі;

"АҚШ"

Америка Құрама Штаттары;

"АҚШ доллары"

Америка Құрама Штаттарының ресми валютасы;

"Бағалы қағаздар саудасы туралы АҚШ Заңы"

АҚШ-тың 1934 жылғы Бағалы қағаздар саудасы туралы заңы, тиісті өзгерістермен және түзетулермен;

"Көздегі салық сомасы"

АДҚ сатудан алынған капиталдың кез келген өсіміне қатысты төлем көзінде қазақстандық салықты төлеу үшін, Қазақстандық емес Ұстаушыға тиесілі Тендерлік ұсыныста көрсетілген Бағадан Компания шегеріп қалатын сома.

 



[1]  Осы хабарландырудағы барлық мерзімдер, егер өзгеше көзделмесе, лондондық уақыт бойынша көрсетілген,.

[2] Euroclear, Clearstream және ДСК, олардың тиісті қатысушылары мен брокерлері, сондай-ақ олар арқылы ГДҚ-ға меншік құқығы ресімделген басқа да қаржы делдалдары ҒДҚ-ға қатысты тендерлік өтінімдерді қабылдау бойынша өз мерзімдерін белгілейтініне назар аударыңыз, ол мерзімдер Бірінші жабылу күні сағат 15.00-ден ертерек бітеді.

[3] Euroclear, Clearstream және ДСК, олардың тиісті қатысушылары мен брокерлері, сондай-ақ олар арқылы ГДҚ-ға меншік құқығы ресімделген басқа да қаржы делдалдары ҒДҚ-ға қатысты тендерлік өтінімдерді қабылдау бойынша өз мерзімдерін белгілейтініне назар аударыңыз, ол мерзімдер Соңғы жабылу күні сағат 15.00-ден ертерек бітеді

Компанияның АДҚ-ға қатысты тендерлік ұсынысты іске қосу мен Лондон қор биржасының биржалық тізімінен шығару және Қазақстан қор биржасының биржалық тізімінен шығару туралы хабарландыруы.pdf (335 Кб) Көшіріп алу
Наверх