Баспасөз хабарламалары

04 желтоқсан, 2017

Компания өзінің ЖДҚ сатып алуды жүзеге асыру және Лондон қор биржасы («ЛҚБ») мен Қазақстан қор биржасынан (ҚҚБ) делистинг жүргізу ниеті туралы хабарлайды

Астана, 04 желтоқсан 2017 ж. Компания барлық өзінің шығарылған ЖДҚ-ны бір ЖДҚ үшін 14,00 АҚШ доллары бағасымен сатып алу бойынша тендерлік ұсынысты (бұдан әрі – «ЖДҚ-ға қатысты Тендерлік ұсыныс») жүзеге асыру ниеті туралы хабарлайды, бұл 2017 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша ЖДҚ бағасына 30 күн ішінде орташа есептелген көлем бойынша 11,32 АҚШ долларына тең 23,7 пайыз мөлшеріндегі сыйақыны білдіреді. Осы хабарламаны жариялауды Компанияның Директорлар кеңесі бірауыздан мақұлдады.

 Компанияның акционерлері ЖДҚ-ға қатысты Тендерлік ұсынысқа байланысты Компания акцияларының құнын бағалау әдістемесіне қажетті белгілі бір түзетулерді енгізуді мақұлдайды деген талаппен (мұндай мақұлдау туралы мәселесі алғашқы АКТЖЖ-да қойылады), сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ға («ҚМГ ҰК») Компаниядағы дауыс құқықтарының кемінде 75%-ын жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ететін, ЖДҚ-ға қатысты Тендерлік ұсыныс шеңберінде Компания ЖДҚ-ның көрсетілген мөлшерін сатып алады деген талаппен Компания ҚМГ ҰК-ға тиесілі емес, өзінің айналымдағы Жай акцияларын ЖДҚ-ға қатысты Тендерлік ұсыныс сияқты осындай экономикалық талаптармен сатып алу мақсатында тағы да бір тендерлік ұсынысты жүзеге асыруға ниетті.   

 Нәтижесінде, ЛҚБ-да Компанияның ЖДҚ листингін және ҚҚБ-да Компанияның жай акцияларының листингін жою туралы мәселесін және делистингті жүзеге асыру кезінде күшіне енетін Жарғыға белгілі бір өзгерістерді енгізу мәселесін қарау және орынды болған жағдайда, мақұлдау үшін Компания АКТЖЖ-ны қосымша шақырады (Жарғының талаптарына сәйкес).

 ЖДҚ-қа қатысты Тендерлік ұсынысты іске қосуды Компанияның Директорлар кеңесі және оның тәуелсіз атқарушы емес директорлары («ТАЕД») бірауыздан мақұлдайды деп күтіледі, бұл ретте ТАЕД тарапынан мақұлдау Компанияның Жарғысына сәйкес талап етіледі. ТАЕД  ЖДҚ ұстаушыларына  бір ЖДҚ үшін 14,00 АҚШ доллары бағасымен ЖДҚ-ға қатысты Тендерлік ұсынысты қабылдауға бірауыздан ұсыныс етуге ниетті. Алайда бұл ұсыныс ЖДҚ-қа қатысты Тендерлік ұсынысты іске қосу ТАЕД тарапынан да, ҚМГ ҰК тарапынан да мақұлданған сәтіне дейін жасалмайды; олардың мақұлдауын алу циркуляр мазмұнын түпкілікті келісуінде уағдаласқан, циркулярда ЖДҚ-қа қатысты Тендерлік ұсыныс іске қосылатын негіздемелер толық мазмұндалатын болады.   

 ЖДҚ-ға қатысты Тендерлік ұсынысты жүзеге асыру және оны шартсыз сипатта сатып алу кезінде оны қолдану кезеңінің басынан 90 күн ішінде қабылдау үшін ол қолжетімді болады. 

 ЖДҚ-ға қатысты Тендерлік ұсыныс және болжамды делистинг туралы қосымша ақпарат циркулярде беріледі, оны ЖДҚ-ның барлық ұстаушылары Компанияның веб-сайтында және Euroclear мен Clearstream арқылы көре алады.

 Бұдан кейінгі хабарландыру тиісті мерзім ішінде жарияланатын болады.

 Бұл хабарландыру инсайдерлік ақпаратты қамтиды.

 БАҚ сауалдары:

 Байланыстық ақпарат:

«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 54 33)
Сәкен Шошанов
e-mail: ir@kmgep.kz

 «ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 78 87)
Бақдәулет Төлеген
e-mail: pr@kmgep.kz

 Finsbury (+44 (0)20 7251 3801)
Dorothy Burwell
e-mail: KMGEP@finsbury.com

 

Анықтама

ҚМГ БӨ 2016  жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстан көшбасшылардың үштігіне кіреді. 2016 жылы компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК» ЖШС, CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 12,2 млн. тоннаны (тәулігіне 245 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ бірлескен кәсіпорындардағы үлесін есептегенде,  2016 жылдың соңындағы жағдай бойынша дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 182 млн. тоннаны (1 327 млн. баррель) құрады. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылғы қыркүйекте ІРО кезінде Компания 2 млрд. астам АҚШ долларын тартты.

 

 Болашаққа қатысты мәлімдеме

Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр», «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.

Компания өзінің ЖДҚ сатып алуды жүзеге асыру және Лондон қор биржасы («ЛҚБ») мен Қазақстан қор биржасынан (ҚҚБ) делистинг жүргізу ниеті туралы хабарлайды (145 Кб) Көшіріп алу
Наверх