Баспасөз хабарламалары

04 желтоқсан, 2017

ҚМГ БӨ 2018 жылдың бюджетін және 2018-2022 жылдарға арналған бизнес-жоспарды бекітті

Астана, 04 желтоқсан 2017 ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ («ҚМГ БӨ», «Компания») Директорлар кеңесі 2018 жылдың бюджетін және 2018-2022 жылдарға арналған бизнес-жоспарды бекіткені туралы хабарлайды.    

ҚМГ БӨ-нің тәуелсіз директорлары 2018 жылдың бюджетін және 2018-2022 жылдарға арналған бизнес-жоспарды бекіту мәселесі бойынша дауыс беруден қалыс қалды.  

2018 жылдың бюджеті Брент сұрыпы мұнайының барреліне 55 АҚШ доллары мөлшеріндегі бағасының және АҚШ долларына 340 теңге бағамының болжамына сәйкес жасалды.  

2018 – 2022 жылдары Компанияның еркін ақша ағымы негізінен күрделі салымдардың ұлғаюымен ішінара өтелген мұнайдың дербес процессингі схемасының оң нәтижелеріне байланысты жағымды болады деп жоспарланады.

 

Өндіру

Өндірудің жоспарлы көлемі 2018 жылы «Өзенмұнайгаз» АҚ-да (ӨМГ) 5,6 млн тоннаны (тәулігіне 113 мың баррель) және «Ембімұнайгаз» АҚ-да (ЕМГ) 2,9 млн тоннаны (тәулігіне 58 мың баррель) құрайды. Жалпы өндірудің жоспарлы көлемі ӨМГ мен ЕМГ-де 2018 жылы 8,5 млн тоннаны (тәулігіне 171 мың баррель) құрайды, бұл негізінен 2017 жылы ӨМГ-де базалық өндірудің азаюы салдарынан 2017 жылы бекітілген өндіру жоспарынан 2%-ға кем. 

«Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ), CCEL (CCEL) және «ПетроҚазақстан Инк.» (ПҚИ) компанияларының мұнай өндірудің жоспарлы көлеміндегі ҚМГ БӨ үлесі 2018 жылы 3,4 млн тоннаны (тәулігіне 68 мың баррель) құрайды, бұл ПҚИ және ҚГМ-де күтілетін мұнай өндіру деңгейінің табиғи азаюына байланысты 2017 жылы бекітілген өндіру жоспарынан 5%-ға кем.  

Компания 2022 жылға қарай ӨМГ мен ЕМГ-нің өндіру көлемдері тиісінше 6,2 млн және 3,0 млн тоннаға дейін өседі деп жоспарлайды, бұл ұңғымалардың ауыспалы қорымен жұмыс жасау жөніндегі кешенді шаралардың және қосымша геологиялық-техникалық іс-шаралардың есебінен 2017 жылы бекітілген өндіру жоспарымен салыстырғанда жиынтықты 6%-ға артық. Сонымен қатар, ҚГМ, CCEL және ПҚИ-дің жалпы өндіру көлемі 2022 жылы 1,9 млн тоннаны құрайды, бұл ең бастысы ҚГМ мен ПҚИ компанияларында өндірудің табиғи жолмен тиісінше 64% және 66%-ға азаюы есебінен 2017 жылы бекітілген өндіру жоспарымен салыстырғанда 46%-ға кем болады.  

Жалпы, ҚГМ, CCEL және ПҚИ компанияларындағы үлестерді есептегенде, 2022 жылы ҚМГ БӨ-нің өндірудің жоспарлы көлемі 2017 жылы бекітілген өндіру жоспарынан 9%-ға төмен.

 

Мұнайды ішкі нарыққа жеткізу

ӨМГ мен ЕМГ 2018 жылы тікелей Атырау мұнай өңдеу зауытына (АМӨЗ) және Павлодар мұнай-химия зауытына (ПМХЗ) 2016 жылдың сәуірінен бастап қолданыстағы мұнайдың дербес процессингі схемасына сәйкес қайта өңдеу және мұнай өнімдерін өткізу үшін мұнайдың жалпы сату көлемінің 36%-ын немесе 3,0 млн тоннасын (тәулігіне 60 мың баррель) жеткізеді деп жоспарланады.   

2018 жылы ішкі нарыққа жеткізілетін 3,0 млн тонна мұнайдың 1,9 млн тоннасы (тәулігіне 38 мың баррель) АМӨЗ-ге және 1,1 млн тоннасы (тәулігіне 22 мың баррель) ПМХЗ-ға жөнелтілетін болады.  

2019 – 2022 жылдары ӨМГ мен ЕМГ ресурстарынан ішкі нарыққа мұнай жеткізу үлесі орта есеппен жалпы сату көлемінің 33%-ын құрайды деп жоспарланады.

Мұнай өнімдерін сатудан түсетін таза түсім (процессинг және сатумен байланысты барлық шығындарды шегергенде[1]) 2018 жылы АМӨЗ-ге мұнай тоннасына 62 616 теңге және ПМХЗ-ға мұнай тоннасына 65 072 теңге мөлшерінде жоспарланып отыр. Сатудан түсетін таза түсім мұнай өнімдері (мемлекет реттейтін АИ-80 бензинінен басқа) нарығының конъюктурасына және мұнай өңдеу зауыттарында мұнай өнімдерін шығару корзинасына тәуелді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, АМӨЗ бен ПМХЗ-да жаңғырту бағдарламасының жоспарлы аяқталуынан кейін 2018 жылы ақшыл түсті мұнай өнімдерін өндіру үлесі жоғарылайды, ал 2018 жылдың 4-ші тоқсанынан бастап АМӨЗ-де мұнай химиясы өнімдерінің өндірісі тағы да қосымша ұлғаяды. 2018 жылдың бюджеті қазіргі деңгейімен салыстырғанда мұнай өңдеу тарифтерінің АМӨЗ-де шамамен 28%-ға және ПМХЗ-да 5%-ға өсуін ескеріп отыр. Анықтама үшін, мұнай өңдеу тарифі АМӨЗ-де 2017 жылдың сәуірінен бастап тоннасына 24 512 теңгені және ПМХЗ-да 2017 жылдың тамызынан бастап тоннасына 16 417 теңгені құрайды. Бұл ретте, байланысқан тараптармен шарт жасасу мәселесі Компанияның Директорлар кеңесінің жеке қарауына жатады.   

Компанияның осы болжамдары Қазақстан Республикасында жанар-жағармай материалдарының ішкі нарығындағы хал-ахуалдың өзгерістері ескеріліп түзетілуі мүмкін.

ҚГМ, CCEL және ПҚИ-дің ішкі нарыққа шикі мұнай жеткізудің жоспарлы көлеміндегі ҚМГ БӨ үлесі 2018 жылы 1,6 млн тоннаны (тәулігіне 34 мың баррель) немесе осы компаниялардың жалпы сату көлемінен шамамен 49%-ын құрайды. 2019 – 2022 жылдары ҚГМ, CCEL және ПКИ-дің ішкі нарыққа мұнай жеткізу үлесі осы компаниялардың жалпы сату көлемінен 50%-дан артық емес деңгейінде сақталады деп болжамданады.  

 

Күрделі салымдар

Күрделі салымдар 2018 жылы 142 млрд теңге (418 млн АҚШ доллары[2]) мөлшерінде жоспарланады, бұл 2017 жылға жоспарланып отырған күрделі салымдардан 4%-ға жоғары. Күрделі салымдардың ұлғаюы негізгі құралдарды және материалдық емес активтерді сатып алумен және эксплуатациялық бұрғылауға шығындардың өсуімен байланысты, бұл іздеу-барлау мақсатында бұрғылауға және құрылыс-монтаждау жұмыстарына шығындардың азаюымен ішінара жабылды. 

Компания 2017 жылдың жоспары бойынша 191 ұңғымамен салыстырғанда 2018 жылы 213 ұңғыма бұрғыланады деп жоспарлап отыр.

2019-2022 жылдардағы кезеңге күрделі салымдар орта есеппен жылына 118 млрд теңгеге жуық мөлшерде (347 млн АҚШ доллары2) жоспарланған.

 

 Анықтама

ҚМГ БӨ 2016  жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстан көшбасшылардың үштігіне кіреді. 2016 жылы компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК» ЖШС, CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 12,2 млн. тоннаны (тәулігіне 245 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ бірлескен кәсіпорындардағы үлесін есептегенде,  2016 жылдың соңындағы жағдай бойынша дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 182 млн. тоннаны (1 327 млн. баррель) құрады. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылғы қыркүйекте ІРО кезінде Компания 2 млрд. астам АҚШ долларын тартты.

 

Байланыстық ақпарат:

«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 54 33)

Сәкен Шошанов

e-mail: ir@kmgep.kz

 

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 78 87)

Бақдәулет Төлеген

e-mail: pr@kmgep.kz

 

Finsbury (+44 (0)20 7251 3801)

Dorothy Burwell

e-mail: KMGEP@finsbury.com

 

 

Болашаққа қатысты мәлімдеме

Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр», «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.

 



[1] Мұнайдың өзіндік құны және мұнай өңдеу зауыттарына дейін мұнай тасымалдау шығындары есепке алынбайды.

[2] Сомалар оқырмандарға ыңғайлы болуы үшін ғана 2018 жылға 340 теңге/АҚШ доллары бағамы бойынша ауыстырылды. Карповский Северный ЖШС-нің бюджеті ескерілді.

 

ҚМГ БӨ 2018 жылдың бюджетін және 2018-2022 жылдарға арналған бизнес-жоспарды бекітті (288 Кб) Көшіріп алу
Наверх