Баспасөз хабарламалары

13 қараша, 2017

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ 2017 жылдың алғашқы тоғыз айындағы қаржылық нәтижелер

Астана, 13 қараша 2017 ж. «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ (бұдан әрі – «ҚМГ БӨ», «Компания») 2017 жылғы 30 қыркүйекте аяқталған алғашқы тоғыз айдың қысқартылған топтастырылған аралық қаржылық есептілігін жариялады.

  • 2017 жылдың алғашқы тоғыз айында түсім 666 млрд. теңгені (2 059 млн АҚШ доллары[1]) құрады, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңдегіден 29%-ға жоғары. Түсімнің өсуі негізінен Брент бағасының 24%-ға ұлғаюына, экспорттық жеткізілімдердің барынша жоғары үлесіне және 2016 жылдың сәуірінен бастап мұнай процессингі схемасына өтуіне байланысты болды, бұл теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа айырбастау бағамының 6%-ға төмендеуімен ішінара өтелді.
  • 2017 жылдың алғашқы тоғыз айында таза пайда 2016 жылдың сәйкес кезеңіндегі 76 млрд теңгемен (220 млн АҚШ доллары) салыстырғанда, 168 млрд теңгені (521 млн АҚШ доллары) құрады, ал операциялық қызметтен түскен таза ақша ағымдары өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі 108 млрд теңгемен (314 млн АҚШ доллары) салыстырғанда, 184 млрд теңгені (570 млн АҚШ доллары) құрады.
  • EBITDA[2] 2017 жылдың алғашқы тоғыз айында 181 млрд теңгені (559 млн АҚШ доллары) құрады, ал 2016 жылдың осындай кезеңінде бұл көрсеткіш 123 млрд теңгені (359 млн АҚШ доллары) құраған болатын.
  • 2017 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша таза ақша қаражатының сомасы[3] 2016 жылдың 31 желтоқсандағы 1 172 млрд теңгемен (3,5 млрд АҚШ доллары) салыстырғанда 1 360 млрд теңгені (4,0 млрд АҚШ доллары) құрады.

Өндіру

ҚМГ БӨ «Қазгермұнай» БК» ЖШС (ҚГМ), «Қаражанбасмұнай»АҚ (CCEL) және «ПетроҚазақстан Инк.» (ПҚИ) компанияларындағы үлестерді есепке алғанда, 2017 жылдың алғашқы тоғыз айында 8 884 мың тонна (тәулігіне 240 мың баррель) мұнай өндірді, бұл 2016 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 3%-ға кем.

«Өзенмұнайгаз» АҚ (ӨМГ) 4 092 мың тонна (тәулігіне 110 мың баррель) мұнай өндірді, бұл өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 2%-ға кем, бұл негізінен ұңғымалардың ауыспалы қорынан өндіру деңгейінің төмендеуімен байланысты болды. «Ембімұнайгаз» АҚ (ЕМГ) 2 117 мың тонна (тәулігіне 57 мың баррель) өндірді, бұл 2016 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 0,2%-ға төмен. Нәтижесінде ӨМГ және ЕМГ жалпы өндіру көлемі  6 209  мың тоннаны (тәулігіне 167 мың баррель) құрап, 2016 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 1%-ға кем түсті.

CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларындағы ҚМГ БӨ үлесі 2017 жылдың алғашқы тоғыз айында 2 675  мың тоннаны (тәулігіне 73 мың баррель) құрады, бұл 2016 жылдың осы сияқты кезеңіне қарағанда 6%-ға кем, бұл негізінен ПҚИ-да мұнай өндіру деңгейінің табиғи жолмен төмендеуіне байланысты, мұнда күндізгі өндіру көлемі 2016 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 13,5%-ға кем болды.

Шикі мұнайды жеткізу және мұнай өнімдерін сату

2017 жылдың тоғыз айында ӨМГ және ЕМГ-нің шикі мұнай сату көлемі 6 056 мың тоннаны (тәулігіне 160 мың баррель) құрады, соның ішінде шикі мұнайдың 4 200 мың тоннасы (тәулігіне 111 мың баррель) экспортқа және 1 856 мың тоннасы (тәулігіне 49 мың баррель) ішкі нарыққа жөнелтілді, бұл жалпы сату көлемінің 31%-ын құрайды. Компанияның ішкі нарыққа шикі мұнайды жеткізу үлесі 2016 жылдың осындай кезеңінде 40%-ды құрады.

ӨМГ және ЕМГ ішкі нарыққа жеткізген 1 856  мың тонна (тәулігіне 49 мың баррель) шикі мұнайдың 1 437 мың тоннасы (тәулігіне 38 мың баррель) Атырау мұнай өңдеу зауытына (АМӨЗ) және 419 мың тоннасы (тәулігіне 11 мың баррель) Павлодар мұнай-химия зауытына (ПМХЗ) жөнелтілді.

Мұнайдың дербес процессингі схемасына сәйкес, 2017 жылдың тоғыз айында мұнай өнімдерін сату 1 774 мың тонна мұнай өнімдерін құрады.

ҚМГ БӨ-ге тиесілі CCEL, ҚГМ және ПҚИ компанияларының сату көлемінің үлесі 2 552  мың тонна мұнайды (тәулігіне 69 мың баррель) құрады, оның 1 045 мың тоннасы (тәулігіне 27 мың баррель) экспортқа және 1 506 мың тоннасы (тәулігіне 42 мың баррель) ішкі нарыққа өткізілді, бұл компаниялардың жалпы сату көлемінің 59%-ын құрайды.

Кезеңдегі таза пайда

2017 жылдың алғашқы тоғыз айында таза пайда 2016 жылдың сәйкес кезеңіндегі 76 млрд. теңгемен (220 млн. АҚШ доллары) салыстырғанда 168 млрд теңгені (521 млн АҚШ доллары) құрады. Таза пайданың ұлғаюы негізінен Брент бағасының 24%-ға өсуі, экспорттық жеткізілімдердің барынша жоғары үлесі және 2016 жылдың сәуірінен мұнай процессингі схемасына өтуі, бағамдық айырмадан түскен кіріс, бірлескен кәсіпорындар мен қауымдасқан компания пайдасындағы үлестің артуы нәтижесіндегі таза түсімнің өсуіне байланысты болды, бұл табыс салығынан басқа салықтардың және өндірістік шығындардың өсуімен ішінара өтелді. 

2017 жылдың алғашқы тоғыз айында Компания 2016 жылғы 31 желтоқсандағы 333,29 теңге/АҚШ долларынан 2017 жылғы 30 қыркүйектегі 341,19 теңге/АҚШ долларына дейінгі теңгенің АҚШ долларына айырбастау бағамының өсуі нәтижесінде 29 млрд теңге (90 млн АҚШ доллары) мөлшерінде бағамдық айырмадан түскен кірісті көрсетті.

Таза пайда ластанған жерлерді жою жөніндегі экологиялық жұмыстарға экологиялық провизияларды негізінен ЕМГ-де ұлғайту нәтижесінде 8,9 млрд теңгеге азайды, бұрын мұндай провизиялар құрылмаған болатын.

Түсім

2017 жылдың алғашқы тоғыз айында түсім 666 млрд. теңгені (2 059 млн АҚШ доллары) құрады, бұл 2016 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 29%-ға жоғары. Түсімнің өсуі негізінен Брент бағасының 24%-ға қымбаттауына, экспорттық жеткізілімдер үлесінің артуына, 2016 жылдың сәуірінен мұнай процессингі схемасына өтуіне байланысты, бұл теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа айырбастау бағамының 6%-ға төмендеуімен ішінара өтелді.    

Мұнай өнімдерін сатудан түскен таза түсім (процессинг және сатумен[4] байланысты барлық шығындарды шегергенде) 2017 жылдың алғашқы тоғыз айында АМӨЗ-ге мұнай тоннасы үшін 54 848 теңгені және ПМХЗ-ға мұнай тоннасы үшін 60 787 теңгені құрады. 2016 жылғы 30 қыркүйекте аяқталған алты айдың таза түсімі АМӨЗ бен ПМХЗ-ға тоннасына тиісінше 39 859 теңге және 48 433 теңгені құрады. 2017 жылдың үшінші тоқсанында таза түсім АМӨЗ-ге тоннасына 51 951 теңгені және ПМХЗ-ға тоннасына 65 235 теңгені құрады, ал 2016 жылдың үшінші тоқсанында тиісінше тоннасына 42 485 теңгені және 50 065 теңгені құраған болатын. 

Өндірістік шығындар

Өндірістік шығындар 2017 жылдың алғашқы тоғыз айында 230 млрд теңгені (713 млн. АҚШ доллары) құрап, 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18%-ға жоғары болды. Бұл, ең алдымен, қызметкерлерге сыйақы төлеу шығындарының 13%-ға өсуіне, экологиялық міндеттемелер бойынша резервтің танылуына, 2016 жылдың сәуірінен мұнайдың дербес процессингі схемасына өтуі салдарынан мұнай өңдеу бойынша шығындардың артуына, сондай-ақ жөндеу және қызмет көрсету бойынша шығындардың артуына байланысты, бұл мұнай қалдықтарының өзгеруімен ішінара өтелді.      

Қызметкерлерге сыйақы төлеу шығындарының 13%-ға ұлғаюы негізінен 2016 жылдың алғашқы тоғыз айында жылдық сыйақы бойынша есептеулердің жоқтығы, сондай-ақ 2017 жылдың қаңтарынан бастап өндірістік персоналдың жалақысын 7%-ға индексациялаудың нәтижесінде болды. 2017 жылдың алғашқы тоғыз айында жылдық сыйақы бойынша есептеулер 2016 жылдағы 5,7 млрд теңгемен салыстырғанда 3,8 млрд теңгені құрады.  

Экологиялық міндеттемелер бойынша бағалау ӨМГ мен ЕМГ-де 8,9 млрд теңге мөлшеріндегі тарихи ластануларды жою бойынша Компанияның қосымша резервті тану нәтижесінде өзгерді.

Жөндеу және қызмет көрсету бойынша шығындар қабаттарды гидравликалық ажырату жөніндегі жұмыстардың саны мен бағасының өсуі және ӨМГ-де өзге ұйымдар жерасты жөндеу жұмыстарын жүргізген ұңғымалар санының артуы нәтижесінде ұлғайды.   

Бұған дейін хабарланғандай, 2017 жылдың 1 сәуірінен бастап бекітілген бюджетке сәйкес мұнай өңдеу тарифі АМӨЗ-де тоннасына 24 512 теңгені құрады (2017 жылғы бірінші тоқсанында және 2016 жылғы сәуір-желтоқсанда – 20 501 теңге). 2017 жылдың 1 тамызынан бастап ПМХЗ-да мұнай өңдеу тарифі тоннасына 16 417 теңгені құрайды (2017 жылғы қаңтар-шілдеде және 2016 жылғы сәуір-желтоқсанда – 14 895 теңге).  

Сату шығындары және әкімшілік шығындар

Сату шығындары және әкімшілік шығындар 2017 жылдың алғашқы тоғыз айында 93 млрд теңгені (287 млн АҚШ доллары) құрады, бұл  2016 жылдың сәйкес кезеңдегіден 2%-ға төмен. Шығындардың азаюы кепілдік шарты бойынша шығындардың жоқтығына және салық органдарының наразылық сомасын азайту нәтижесіндегі 2009 – 2012 жылдарға салық тексерісі бойынша айыппұл мен өсімпұлдың есептелуін қайта қарауға байланысты, бұл көлік шығындарының ұлғаюымен ішінара өтелді.   

Бұрын хабарланғандай, Компания 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап өзінің сату агенті ретінде «ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» АҚ қызметтерін пайдалануды тоқтатып, мұнай өнімдерін өздігінен сата бастады[5]. Кепілдік шарты бойынша шығындар 2016 жылғы сәуір-қыркүйекте айына 3,6 млрд теңгені құрады.

Табыс салығынан басқа салықтар

Табыс салығынан басқа салықтар 2017 жылдың алғашқы тоғыз айында 202 млрд. теңгені              (624 млн. АҚШ доллары) құрады, бұл ренталық салық, пайдалы қазбаларды өндіру салығы (ПҚӨС) экспорттық кеден бажы (ЭКБ) және басқа да салықтар бойынша шығындардың артуы нәтижесінде, негізінен Брент маркалы мұнайдың бағасы мен экспорттық жеткізілімдер көлемінің өсуі нәтижесінде 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 74%-ға жоғары.    

2017 жылдың алғашқы тоғыз айында ренталық салық бойынша шығындар экспорттық сатылымдардың тоннасына орта есеппен 12 236 теңгені құрады, ал 2016 жылдың сәйкес кезеңінде Брент маркалы мұнайдың бағасымен өзара байланысты болатын ренталық салықтың едәуір жоғары мөлшерлемесін қолдану нәтижесінде экспорттық сатылымдардың тоннасына орта есеппен 3 582 теңге болды. Сондай-ақ, 2016 жылдың осындай кезеңінде ренталық салық бойынша ағымдағы міндеттемелер ренталық салықты есептеу әдістемесіне қатысты салық заңнамасына енгізілген өзгерістерге орай 6,3 млрд теңгеге төмендеді.  

2017 жылы Компания ПҚӨС мөлшерлемесін ӨМГ кен орындары үшін 13% көлемінде қолданады, алайда 2016 жылдың қыркүйек айында ПҚӨС мөлшерлемесі барлық 2016 жылға 9% деңгейінде белгіленген болатын, өйткені ӨМГ 2016 жылы салықтық есеп бойынша залалды танып, Үкіметтің қаулысы негізінде төмендету алды.  2016 жылдың 9 айы ішінде ПҚӨС мөлшерлемесін азайту тиімділігі 11,5 млрд теңгеге тең болды.

ЭКБ өсімі негізінен Бренттің орташа бағасының қымбаттауы, Компанияның 2016 жылдың сәуірінен мұнайдың дербес процессингі схемасына өтуі нәтижесінде шикі мұнай экспорты көлемінің және мұнай өнімдерінің экспорты көлемінің ұлғаюына байланысты, бұл теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа айырбастау бағамының төмендеуімен ішінара өтелді. 2017 жылдың алғашқы тоғыз айында ЭКБ орташа мөлшерлемесі шикі мұнай тоннасына 47 АҚШ долларын құрады, ал өткен жылдың сәйкес кезеңінде шикі мұнай тоннасы 37 АҚШ долларын құраған болатын.

Өзге салықтар негізінен 2016 жылдың сәуірінен мұнайдың дербес процессингі схемасына өтуіне байланысты 2017 жылдың алғашқы тоғыз айында бензин мен дизель отынына акциздың қымбаттауы есебінен ұлғайды. Бұрын хабарланғандай, дизель отынына акциз мөлшерлемесі маусым-қазан кезеңі аралығында тоннасына 9 300 теңгеге дейін жоғарылады, оның бағасы жылдың қалған мерзімінде тоннасына 540 теңгені құрады.  

Күрделі салымдар

Күрделі салымдар[6] 2017 жылдың алғашқы тоғыз айында 76 млрд теңгені (235 млн АҚШ доллары) құрап, 2016 жылдың алғашқы тоғыз айымен салыстырғанда 6%-ға көп болды. Күрделі салымдардың ұлғаюы ең бастысы, негізгі құралдарды сатып алу және ӨМГ-де жаңа ұңғымаларды бұрғылаудан кейін қабаттарды гидравликалық ажырату шығындарының артуына байланысты, бұл өндірістік нысандарды салу мен жаңғыртуға инвестициялардың азаюымен және ӨМГ мен ЕМГ-де жаңа өндіруші ұңғымаларды бұрғылаудың аз көлемімен ішінара өтелді. 

2017 жылы күрделі салымдар 136 млрд теңге[7] (378 млн АҚШ доллары[8]) деңгейінде жоспарланып отыр, бұл 2016 жылғы 115 млрд теңге деңгейіндегі күрделі салымдардан                        21 млрд теңгеге артық. 

Операциялық қызметтен түсетін ақша ағымдары

2017 жылдың алғашқы тоғыз айында операциялық қызметтен түсетін таза ақша ағымдары 184 млрд теңгені (570 млн АҚШ доллары) құрады, ал 2016 жылдың сәйкес кезеңінде таза ақша ағымдары 108 млрд теңге (314 млн АҚШ доллары) деңгейінде болды.

Операциялық қызметтен түсетін таза ақша ағымдарының ұлғаюы негізінен мұнай бағалары конъюктурасының жақсаруына, экспорттық жеткізілімдердің барынша жоғары үлесіне, дербес процессинг схемасының кейінгі оң нәтижелеріне, 27,1 млрд теңге мөлшерінде КТС, ҮПС және ПҚӨС бойынша бұрын жүргізілген алдын ала төлемнің қайтарылуына, 2017 жылдың алғашқы тоғыз айында 24,5 млрд теңге сомасында ҚҚС-тың өтелуіне байланысты болды, бұл табыс салығынан басқа салықтардың және өндірістік шығындардың ұлғаюымен ішінара жабылды. 

Таза ақша қаражаты

Таза ақша қаражатының сомасы 2017 жылғы 30 қыркүйекте 1 360 млрд теңгені (4,0 млрд АҚШ доллары) құрады, бұл 2016 жылғы 31 желтоқсандағы 1 172 млрд теңгемен (3,5 млрд АҚШ доллары) салыстырғанда 188 млрд теңгеге артық. Ақша қаражаты мен қаржылық активтердің 98%-ы шетел валютасында (негізінен АҚШ долларында), ал 2% - теңгеде деноминацияланған.

2017 жылдың алғашқы тоғыз айында ақша қаражаты, қаржылық және өзге де активтер бойынша есептелген қаржылық кіріс 2016 жылдың осындай кезеңіндегі 22,0 млрд теңгемен (64 млн АҚШ доллары) салыстырғанда, 22,4 млрд теңгені (69 млн АҚШ доллары) құрады.

Қауымдасқан компания мен бірлескен кәсіпорындардың нәтижелеріндегі үлес

2017 жылдың алғашқы тоғыз айында қауымдасқан компания мен бірлескен кәсіпорындардағы үлестерден түскен кіріс 2016 жылдың алғашқы тоғыз айындағы 7,6 млрд теңге (22 млн АҚШ доллары) көлеміндегі шығынмен салыстырғанда, 18,2 млрд. теңгені (56 млн. АҚШ доллары) құрады.

Қазгермұнай

2017 жылдың алғашқы тоғыз айында ҚМГ БӨ өз есептілігінде ҚГМ-ға қатысу үлесінен 2016 жылдың осындай кезеңіндегі 4,0 млрд теңге (12 млн АҚШ доллары) мөлшеріндегі кіріспен салыстырғанда, 15,6 млрд. теңге (48 млн. АҚШ доллары) мөлшеріндегі кірісті көрсетті. Осы сома ҚГМ таза пайдасындағы Компанияның 50% үлесін көрсетеді, бұл лицензияның әділ құнына амортизация ықпалын және 2,4 млрд. теңге (7 млн. АҚШ доллары) мөлшеріндегі кейінге қалдырылған тиісті салықты шегергенде 17,9 млрд теңгені (55 млн АҚШ доллары) құрайды.

2017 жылдың алғашқы тоғыз айында АҚШ долларындағы ҚГМ пайдасы 2016 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда негізінен Бренттің орташа бағасының 24%-ға өсуі және ішкі нарыққа жеткізу бағаларының ұлғаюы нәтижесінде 33%-ға артты.

2017 жылдың маусымында ҚГМ ҚМГ БӨ-ге 2016 жылға дивиденд түрінде төленуі тиісті 125 млн АҚШ долларын жариялады, осы соманың 111 млн АҚШ долларын төледі. Сондай-ақ, ҚМГ БӨ 2017 жылдың қаңтарында өткен кезеңдер үшін 2 млн АҚШ доллары көлемінде дивидендтік төлем алды.

 ПетроҚазақстан Инк.

2017 жылдың алғашқы тоғыз айында ҚМГ БӨ өз есептілігінде ПҚИ компаниясындағы өз үлесінен 2016 жылдың осындай кезеңіндегі 10,6 млрд теңге (31 млн АҚШ доллары) мөлшеріндегі шығымен салыстырғанда, 3,8 млрд теңге (12 млн. АҚШ доллары) мөлшеріндегі пайдасын көрсетті. Осы сома ПҚИ-дің таза пайдасындағы Компанияның 33%-дық үлесін көрсетеді, бұл лицензияның әділ құнына 5,9 млрд теңге (18 млн АҚШ доллары) мөлшеріндегі амортизация ықпалын шегергенде 9,7 млрд теңгені (30 млн АҚШ доллары) құрайды.

2017 жылдың алғашқы тоғыз айында АҚШ долларындағы ПҚИ-дің түсімі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда негізінен Бренттің орташа бағасының 24%-ға өсуі және ішкі нарыққа жеткізу бағаларының ұлғаюы нәтижесінде 20%-ға артты, бұл өндіру деңгейінің төмендеуі салдарынан сату көлемінің азаюын ішінара жапты.  

2017 жылдың маусымында ПҚИ ҚМГ БӨ-ге 2016 жылға дивиденд түрінде 31,4 млн АҚШ долларын (төлем көзінен салықты ұстай отырып) төледі.  

CCEL

Компания 2017 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша өзінің балансында 38,3 млрд теңгені (112 млн. АҚШ долларын) CITIC Resources Holdings Limited компаниясымен бірлесіп бақыланатын ССEL компаниясынан алынатын шот ретінде көрсетті. 2017 жылдың алғашқы тоғыз айында ҚМГ БӨ 3,0 млрд теңге (9 млн. АҚШ доллары)  мөлшерінде пайыздық кірісті есептеді, бұл ССЕL-ден алынатын 26,9 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі жылдық басым төлемінің бір бөлігін білдіреді

 ***

2017 жылғы 30 қыркүйекте аяқталған алғашқы тоғыз айға арналған қысқартылған топтастырылған аралық қаржылық есептілік, сондай-ақ қаржылық жағдайды талдау мен қаржы-экономикалық қызметтің нәтижелері Компанияның веб-сайтында (www.kmgep.kz) жарияланады.



[1] Сомалар оқырмандарға ыңғайлы болуы үшін ғана жиынтық кіріс туралы топтастырылған есеп пен ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп үшін тиісті кезеңдегі орташа айырбастау бағамы бойынша және қаржылық жағдай туралы топтастырылған есеп үшін кезең соңындағы бағам бойынша АҚШ долларына ауыстырылды (9А2017 және 9А2016 жж. үшін орташа бағам тиісінше 323,30 және 344,00 теңге/АҚШ долларын; кезең соңындағы бағам 2017 жылғы 30 қыркүйекте және 2016 жылғы 31 желтоқсанда тиісінше 341, 19 және 333,29 теңге/АҚШ долларын құрады).

[2] EBITDA үлестік қатысу әдісімен есепке алынатын кәсіпорындарға қатысу кірістерін, қаржылық кірістерді және тозу мен амортизация бойынша ақшалай емес шығындарды Компанияның операциялық пайдасына қосу арқылы есептеледі.

[3] Есептік кезеңнің соңындағы жағдай бойынша қарыз сомасы шегеріліп, ақша қаражаты, олардың баламалары және өзге қаржы активтерінің сомасы ретінде есептеледі.

[4] Мұнайдың өзіндік құны және мұнай өңдеу зауыттарына дейін мұнай тасымалдау шығындары есепке алынбады.

[5] 2016 жылдың сәуір айына дейін Компания ішкі нарыққа жеткізілімдер бойынша міндеттемелерді орындау үшін өндірілген мұнайдың бір бөлігін «ҚазМұнайгаз – өңдеу және маркетинг» АҚ-ға («ҚМГ ӨМ») жеткізіп тұрды. 2016 жылдың сәуірінен бастап Компания шикі мұнайды АМӨЗ бен ПМХЗ-да өңдеп, мұнай өнімдерін сату агенті ретінде жұмыс істейтін ҚМГ ӨМ арқылы өздігінен сата бастады.  

[6] 2013 жылдың 4-тоқсанынан бастап күрделі салымдар негізгі құралдар мен материалдық емес активтерден түсім ретінде көрсетілген. Бұған дейін олар ақша қаражатының қозғалысы туралы есепке сәйкес негізгі құралдарды және материалдық емес активтерді сатып алу ретінде көрсетіліп келген.

[7] Күрделі салымдар сомасы 49%-дық үлесті сатып алғанан кейін Карповский Северный ЖШС-нің бюджетін топтастырады.

[8] Сомалар оқырмандарға ыңғайлы болуы үшін ғана 360 теңге/АҚШ доллары бюджеттік бағам бойынша ауыстырылды.

Анықтама

ҚМГ БӨ 2016  жылдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру көлемі жағынан Қазақстан көшбасшылардың үштігіне кіреді. 2016 жылы компанияның өндіру көлемі «Қазгермұнай» БК» ЖШС, CCEL («Қаражанбасмұнай» АҚ) және «ПетроҚазақстан Инк.» компанияларындағы үлестерді есептегенде, 12,2 млн. тоннаны (тәулігіне 245 мың баррель) құрады. ҚМГ БӨ бірлескен кәсіпорындардағы үлесін есептегенде,  2016 жылдың соңындағы жағдай бойынша дәлелденген және болжамды қорларының көлемі 182 млн. тоннаны (1 327 млн. баррель) құрады. Компанияның  акциялары Қазақстан Қор Биржасында, ал ғаламдық депозитарлық қолхаттары – Лондонның Қор Биржасында листингтен өтті. 2006 жылғы қыркүйекте ІРО кезінде Компания 2 млрд. астам АҚШ долларын тартты.

Байланыстық ақпарат:

«ҚМГ БӨ» АҚ, Институционалдық инвесторлармен байланыс (+7 7172 97 54 33)
Сәкен Шошанов
e-mail: ir@kmgep.kz 

 

«ҚМГ БӨ» АҚ, Жұртшылықпен байланыс (+7 7172 97 78 87)
Бақдәулет Төлеген
e-mail: pr@kmgep.kz

 

Finsbury (+44 (0)20 7251 3801)
Dorothy Burwell
e-mail: KMGEP@finsbury.com

 

 Болашаққа қатысты мәлімдеме

Осы құжатта «болашаққа қатысты мәлімдеме» болып табылатын немесе есептелетін мәлімдеме қамтылған. Басқаларының арасындағы «санайды», «алдын ала бағалау бойынша», «күтіп отыр», «болжам бойынша», «ұйғарып отыр», «жоспарлап отыр», «ұйғарды», «болады» немесе «болуы тиіс» деген сөздерді қоса алғанда болашақты сипаттауға арналған терминология, не, әр жағдайда осыған ұқсас немесе пара-пар терминология, не талқылауға арналған сілтемелер, болашақ оқиғаның немесе ниеттің жоспарлары, мақсаттары, міндеттері келешекке қатысты мәлімдемені түсіндіруге арналған. Болашаққа қатысты аталған мәлімдеме тарихи фактілер болып табылмайтын барлық мәлімдемелерді қамтиды. Олар ниеттер, пікірлер туралы мәлімдемелерді және Компанияның солармен қатар қызметтің нәтижелеріне, қаржылық жағдайға, Компания жұмыс істеп отырған стратегиялар мен салалардың жойылымдылығына, перспективаларына, өсуіне қатысты күтулері туралы мәлімдемелерді шектеусіз қамитды. Өз тұрғысында болашаққа қатысты өтінімдер болуы мүмкін келешектегі оқиғалар мен жағдайаттарға қатысты болғандықтан тәуекелмен және белгісіздікпен байланысты. Болашаққа қатысты мәлімдемелер қызметтің болашақ нәтижелерінің кепілдігі болып табылмайды және Компания қызметінің іс жүзіндегі нәтижелері, қаржылық жағдайы және қызметін тоқтатуы және Компания жұмыс істейтін елдер мен салалардың дамуы осы құжатта сипатталған нұсқалардан айтарлықтай өзгеше болуы немесе осы құжатта қамтылған болашаққа қатысты мәлімдемелерге сәйкес жүзеге асуы мүмкін. Компания жаңа ақпараттар алудың, болашақ оқиғалардың немесе қандай да бір өзге де жағдайдың нәтижесінде болса да осы құжатта қамтылған салаға қатысты қандай да болмасын ақпаратты немесе болашаққа қатысты қандай да болмасын мәлімдемені жаңартуды жоспарламайды және ол жөнінде өзіне міндеттеме алмайды. Компания болашаққа қатысты мұндай мәлімдемелерде айтылған нәтижелерге қол жеткізілетіндігіне қатысты ешқандай мәлімдеме жасамайды, ешқандай растау бермейді және ешқандай болжам жарияламайды.

 

 

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ 2017 жылдың алғашқы тоғыз айындағы қаржылық нәтижелер (580 Кб) Көшіріп алу
Наверх