ҰЖЫМДЫҚ БАСҚАРУ БОЙЫНША АҚПАРАТ

Жылдық есептің осы бөлімі Ұлыбританияның (FSA’s Disclosure and Transparency Rules) DTR 7.2 (Ұжымдық басқару туралы ереже) Қаржы қызметі басқармасының жариялылық туралы ережелеріне сәйкес әзірленді.

ЖДҚ Ұлыбританияның Листингілік агенттігінің ресми тізіміне қосылған шетел компани- ясы ретінде Компания Ұлыбританияның Ұжымдық басқару кодексін ұстануға міндетті емес. Алайда DTR 7.2 сәйкес Компания өзінің жылдық есебінде қазақстандық ұжымдық басқару кодексін ұстанатыны туралы ақпаратты, Қазақстан Республикасының заңнамасымен талап етілетін және практикада қосымша қолданылатын ұжымдық басқарудың қолданыстағы қағидалары туралы ақпаратты беруге міндетті. Оған қосымша Компания Ұлыбританияның ұжымдық басқару кодексінде сипатталған практикадан оның қолданыстағы ұжымдық басқару практикасында бар ерекшеліктер туралы ақпаратты береді.

Толық...

ҚАРЖЫ ЖАҒДАЙЫ МЕН ҚАРЖЫ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ НӘТИЖЕЛЕРІНЕ ТАЛДАУ

«ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы (осында және әрі қарай – Компания немесе ҚМГ БӨ) көмсірсутегі шикізатын барлау, бұрғылау, өндірумен және жаңа мұнай-газ активтерін сатып алумен айналысады.

Мұнай-газ нысандарының негізгі қызметі Каспий маңы ойпатында, Маңғыстау және Оңтүстік-торғай мұнайлы бассейндерінде жүзеге асырылады. Компанияның тікелей негізгі акционері «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» АҚ (ҚМГ ҰК), ол Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібінде мемлекет мүдделерін білдіреді.

Толық...

ТӘУЕКЕЛДЕР

Компания сыртқы орталарды, нарықтық, операциялық, қаржы, инвестициялық тәуекелдерді және ұжымдық басқару тәуекелдерді қоса бірқатар тәуекелдерге түседі.

Компания тәуекелдерді басқару саясаты шеңберінде тәуекелдерді басқаруды жүзеге асырады. Тәуекелдерді басқару саласында Компания саясаты акционерлік құнның өсуіне және ұжымдық басқару сапасын тәуекелдерді сәйкестендіру, олардың елеулігін бағалау, талдау, оларды азайту бойынша шаралар әзірлеу мен тәуекелдерді азайту бойынша іс-шаралардың орындалуына бақылау жолымен арттыруға бағытталған.

Барлық өндірістік филиалдарда Компания қызметінің барлық бизнес-процестері мен атқарымдық салаларын қамтитын және олардың Компания қызметі нәтижелеріне әсерін азайтып тәуекелдерді тиімді басқаруға мүмкіндік беретін тәуекелдерді басқарудың орталықтандырылған жүйесі енгізілді.

Толық...

БІРІКТІРІЛГЕН ҚАРЖЫ ЕСЕБІ

Біздер ««ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Компания) мен оның еншілес ұйымдарының қоса беріліп отырған біріктірілген қаржы есебіне аудит өткіздік, ол 2011 жылғы 31 желтоқсанға арналған жағдай бойынша қаржылық жағдай туралы біріктірілген есептен, жиынтық табыс туралы біріктірілген есептен, капиталдағы өзгерістер туралы біріктірілген есептен және көрсетілген күні аяқталған жыл ішінде ақша қаражатының қозғалысы туралы біріктірілген есептен, сондай-ақ есептік саясаттың елеулі аспектілері туралы ақпараттан және басқа да түсіндірме ақпараттан тұрады.
Толық...

АКЦИОНЕРГЕ АҚПАРАТ

Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы 2012 жылғы 29 мамырда сағат 10:30-да мына мекен-жайда өткізіледі: Қазақстан Республикасы, Астана қ., Қонаев 7, Риксос Президент Отель Астана, «Орда» залы.

Компания акционерлері сырттай дауыс беру, дивидендтер, жеке деректерінде өзгерістер туралы хабарламалар және ұқсас сауалдар бойынша өтінімдермен Компания тіркеушісі/ депозитариіне хабарласа алады:

Қарапайым және артықшылықты
акцияларды ұстаушылар:
«Қор орталығы» АҚ
79 «А», Желтоқсан к.,
Алматы қ., 050091, Қазақстан Республикасы
Тел.: +7 (727) 250-89-61, 250-89-60
Факс: +7 (727) 250-16-96
Жаһандық Депозитарлық Қолхаттарды (ЖДҚ) ұстаушылар: The Bank of New York Mellon Shareholder Services, PO Box 358516, Pittsburgh PA 15252-8516, United States of America
Тел.: +1 888 269 23 77
(АҚШ үшін тегің қоңырау)
Тел.: +1 201 680 68 25 (АҚШ-тан тыс)
E-mail: shrrelations@bnymellon.com
www.adrbnymellon.com
Толық...